20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Алтыншы бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші постта.

Бұл жолы жалғыз баст қылмыскерлер жайында.

Автомобилдерді ұрлаудың шебері — Фитч. Чикагодан шыққан. Мафияға қызмет еткен, олардың істері үшін ұрланған машиналар жеткізіп отырған. Сонымен қатар әрі қарай бөлшектеп сату үшін де машиналар ұрлайды.


Росс — мафияның заңгері, лақап есімі «Шал». Қолға түскеннен кейін Лос-Анжелестегі гангстерлердің ірі топтарының мүшелері туралы дерек беруден көпке дейін бас тартып келеді. Бірақ ақыры көніп, сатқындық жасағаннан кейін оның отбасы мүшелері үйінде түгелдей өлі күйінде табылған. Бір ай өткен соң Шалдың өзі камерасында өлтірілді. Ұйықтап жатқан кезінде көршілері тұншықтырып өлтірген. Кеудесінде мынадай жазу жырылып жазылған: «Мен көп сөйлегенді ұнатушы едім».


Фейтрилл — жас ұры, қарақшы. Қолға түскенде жасы 16-да екен. Мерзімін өтеп шыққаннан кейін 1928 жылы тағы да ұрлықпен қолға түсті.


Фалени мырза — алдымен бірінші әйелін өлтіріп, отырып шығады. Кейін тағы үйленіп, оны да өлтіреді. Бірақ Гиннестің рекордтар кітабына ене алмады, дегенмен сондай ниеті болған сияқты


Сидней Келли, Лос-Анджелестің өте қауіпті гангстері. Өзге штаттардағы мафиялармен етене жұмыс істеген. Оның есебінде: тапсырыспен кісі өлтіру, қарулы шабуылдар, есірткі мен сутенерлік бар. Джон Диллинджермен істес болған.


Грейси мен Далтон — Лон-Анджелестің өте «крутой» гангстерлері. Америка мафиясының элита құрамына кірген. Фабрикалар мен зауыттардың жұмыскерлер кәсіподағымен, құмар ойындармен, ипподромдармен, мафия топтарының қаржыларымен айналысқан. Ұсталған сатқынды немесе бәсекелесті өлтіруден ешқашан тайсалмаған.


Жалғасы бар…
Бөлісу:

3 пікір

patick
«20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері» тақырыбы аясында енді бір пост жазамын, сосын болды. Шыдаңдар
Алда уәще қызық тақырыптар күтіп тұр.
Abilakim
соңғы екеуі жақсы бағытта жұмыс істеген екен