20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Бірінші бөлім
"Өкіл әке" (Крестный отец) секілді гангстерлік фильмдер Америка кинематографиясының классикасына айналғалы қай заман. Көрермендердің көзайымына айналған сол мафиоз кейіпкерлер ойдан құрастырылған жоқ. Шынымен де сондай айлакер, ақылды да қатігез адамдар өмір сүрген. Бұндай әулет болып құрылған мафиялар Америкада жиырмасыншы ғасырдың басында кеңінен жайылды. Олар шынымен де жартыбастар еді. Заң, құқық дегендерге бас ауыртқан емес. Аса қатігездіктерімен тарихта қалды. Солар туралы әңгіме қозғаймын.
Төменде көрсетілген қылмыскерлердің фотосуреттері ХХ ғасырдың басында, олар қолға түскеннен кейін 1920 – 1928 жж. аралығында түсірілген.
Стенли Мур. Чикагодан шыққан гангстер. Лақап аты «Инквизитор». Неге дейсіз ғой? Ол борышын өтей алмаған және мафияның жолына тұрған адамдарды өлтіруге жауап берген. Ол туралы қылмыстық іс-құжатта былай делінеді: Аса қатігездігімен ерекшеленеді, ымыраға келмейді.
Мафия үшін, әрине ақпарат өте қажетті құралдардың бірі болды. Олар ақпаратты қалай алып отырды? Мафияның мемлекеттік органдарда, түрлі ұйымдарда, тіпті жаулас әулеттің арасында да өз жансыздары болды. Соның ішінде, жезөкшелер сол кезеңдерде ақпарат тасушының рөлін тамаша атқарды. Мафияға жұмыс істейтін жезөкшелер клиентке қызмет көрсету кезінде құнды ақпараттарды алдап біліп алып, қылмыстағы қамқоршыларына жеткізіп отырған.
Мысалы, төмендегі әйел жезөкшелер ұясын ұстаған. Өмірінде өз қолымен 7 адамды улап, о дүниеге жіберген. Басты мақсаты тонау және оңай олжаға кенелу болыпты.
Нью-Йорктың бір бөлігін қолдарында ұстаған мафия мүшелері төменде. Жұмысшылардың кәсіподақтары үшін жауап берген. Тиісті жерлерге алкоголь мен темекі жеткізумен айналысқан. Кісі өлтіру мен қарулы шабуылдар бұл жігіттердің үйреншікті кәсібі екен. Америка қоғамының нөмірі бірінші жауы атанған Джон Диллинджермен (болашақта мүмкін тоқталармыз) достық қарым-қатынаста болады:
Бүгінге осы. Жалғасы алдағы постта.
Әр отбасының өз "Әкесі" бар. Сол әкенің ұзын қолының астында жүресің, қиыншылықта «бауырларың» көмектеседі, немесе «бауырың» қиын жағдайға түскенде сен көмекке келесің, әдетте басқа отбасылардын қарсыластарың болады.
"Өз отбасын асырай алмаған әке — жігіт емес" (шамамен осылай есте қалыпты осы пыразы)
Осы фильмнен түсінгенім осы шамалы болса да. Ұмытып кеткен жерлерім бар әрине, бірақ комментке түзету жасалмайтыны өкінішті.
Инфо үшін рақмет! Мемати туралы фильм түсірілетінін білмедім. Түкеңдерше айтқанда, төрт көзбен күтетін боламыз
Ең жауыз адам өлтіруші әйелдер мен қанышер диктаторлар туралы фоторепортаж мынау.