Мафия және белгісіз блоггерлер

Блогкэмп 2013-тің қызықты сәттерінің бірі «мафия» ойыны болды десем қателеспеймін. Домбыра пати аяқталғаннан кейін, біз Жандос, Аманғ Ғалекең салқын скамейкада отырып блогшыларды «мафия» ойнауға шақырдық. Басында аз ойыншы болғанымен, кейінірек олардың саны толыға түсті. Өзім алғаш қатысқандықтан, ойынның мәнісін тез түсіне қоймадым. Бірақ жүргізушінің шеберлігіне орай қызықтырып әкетті.
Түндегі «мафияға» қатыстым, ертеңгісіне қатыспадым, сырттай бақылап, қызықты сәттерді видеоға түсіріп жүрдім. Блогкэмпте көпшілігін танымайтындықтан, жеке блоггерлерге назар аудармаппын. Тек ФБ да посттарын оқып жүрген санаулы жандарды айтпағанда. Сөйтсем, қызықтың көкесі кейінірек болады екен. Осы сайтта АділетШу деген жігіт бар. Троллит еткенді жақсы көреді. Сол кездегі түскен видеоны қарап отырсам өмірде де техничный, былайша айтқанда «тәжірибелі» блоггерге тән сақ жігіт екен. Сол кезде танығанда деп қоям. Одан кейін ойынды қарап отырсаң көбісі бейтаныс қыздар, балдар. Сол күйі танымаймыз кейбіреулерін.
Мафия ойынының қызықты болуы модераторға тікелей байланысты. Халықты дұрыс басқармаса да ойынның мәні кетіп қалады. Модератордың сүйікті персонаждары «мафия» («мафияжан» © 1000қол) және «насильник», «Зорлаушы»! "Қала тұрғындары", «дәрігер», «шериф» — бұлар «ЕТ», еттер. Ары қарай қатысушылардың шеберлігі. Негізі осы ойында ең мықты мафияшы Шолпан болды. Мафия емес екендігін түрлі әдістермен назарларын басқа жаққа аудару арқылы, сезік тудырмайды.

Your text to link...
Бөлісу:

10 пікір

MickThatsMyNick
вертикальды видеоларды-ай…
Ispek92
Анау ойында отырған барлық қыздар мен жігіттер осы керектің қолданушылары ма? Тек ӘділетШу-ды ғана тани алдым
araika
Жоға, мүмкін жаңа қолданушылар болмаса. Бұрыннан келе жатқандардан Әділет пен Нұржол. Сосын мұнда отырғандардың көбісі Айтаберден сияқты)
Arys_arlany
Явуз 1000қол дегенді естігеніңіз бар ма?
Adiletshu
Сол кезде танығанда деп қоям
нестейтін едің?
Arys_arlany
бәрін айтып қойсам қызық болмай қалады ғой