22-23 қыркүйекте жастар арасында би байқауы өтеді

2018 жылы 22-23 қыркүйек күніАстана қаласындағы«Жерұйық» саябағында Астана қаласының қоғамдық даму істері  басқармасының тапсырысымен «Step Up» атты Астананың 20 жылдығына  арналған жастар арасындағы байқауы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.



Шараны Астана қаласының қоғамдық даму істері  басқармасы мен Қазақстан студенттер альянсы ұйымдастырып отыр.



Конкурстың мақсаты - Қазақстанның дарынды, талантты жастарын қолдау және таныту, жастар саясаты арасында саламатты өмір салтын насихаттау, өнерлік шеберлігін арттыру. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.



Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, эстрада жұлдыздары, БАҚ өкілдері қатысады.



Қолдаушы: ҚР Астана қаласы бойынша саябақтар әкімшілігі.



Басталуы: 22қыркүйек 2018 жыл, сағат 10:00



Орны: Астана қаласы, «Жерұйық» саябағы (Б.Момышұлы көшесі

"Аға" деген қандай жағымсыз сөз еді?

Блог - Pokemon: Аға деген қандай жағымсыз сөз еді?

Сабақтан үйге келген кезде қарындасымның «аға» деген дауысын естіп елең ете қалушы едім. Шаршап, құрысып келген денем жібіп сала беретін. Бір, өзімді жеңіл сезініп, кең тыныстап қалатын едім.
Ал інім ше? Компьютерден бас алмай қайдағы бір «детский» ойындарды ойнап отырғанымда інім келіп: «аға мына есепке көмектесіп жіберіңізші» дегенде, өздігімнен, өздігімнен емес- ау жаңағы сөзден жылулық тапқандай, өзімді шынымен біреуге керек санап, біреуге қамқор санап шиқылдақ орындықтан ойынды тоқтатпастан атып тұратын едім. Дəретханаға барғым келіп қысылғанда тұрмай, ағасын елеп-ескеріп келіп тұрған ініге тұрғаным. Мен де «аға» ретінде өзімше оған көмектесіп қойам)) Барлығын шығара алмасам да əйтеуір оны-мұны шұқылап ғаламтордан болсын тауып берем. «Аға» деген сөз неткен керемет еді.
Ал бүгінгі күн мен үшін сəтсіз болды. Аға деген сөзді естігенімде денем суып кете беретін болды. Неге? Бұл сөз маған майдай жағушы еді ғой?
Еһһһ, сол бір қыздың ісі əсер етті.
Жасым 16-ға тола бере өмірімде алғаш рет бала махаббатым оянып, сүйіп едім. Мектептің мен деген миссі болмаса да мисстен артық көремін оны. Əлі де солай. Өзімен тəп-тəуір араласушы едім. Көпшілік ортаға өнерімен, белсенділігімен көзге түсіп танымал болмаса да сабақты өте жақсы оқиды. Байқаймын, бұл қыз биік-биік мінберлерден сөз сөйлейтін, елді аузына қаратқан адамдардың қатарына болмаса да олардан асып түседі екен-ау. Қазақта қалай деуші еді: "қыз түзде ұятты, үйде қылықты болу керек". Тап өзі. Барлық өнерін (характер-ма қалай еді) тұла бойына сақтаған періштедей қыз екен. Сөздері қысқа əрі нақты. Қолы ашық, мінезі жұмсақ, қамқор, сыпайы, бір сөзбен айтқанда өте керемет. Осы тəкəппар, маңғаз қыздарды ұнатпаймыз-ғой. Ал тəкəппарлық жарасса сол қызға жарасар еді. Бірақ ол ондай емесс. Жарайды, ғашықтығым жайлы айтайыншы. Оны өзімде байқамаппын. Оның көздері мен менің көздерім түйісіп қалғанда бірер секундқа əлем тоқтап қалғандай болды. Сол сəт тұла бойым ток ұрып өртенердей күй кештім. Одан соң əр қызға бір тисіп прикол тастап жүретін шешен тілім, сол қыздың алдына келгенде байланды да қалды. Өмірімде бірінші рет қыздан ұялдым. «Бұл не сұмдық, Бекзат саған ұят емеспе, өййй тормыз»-дедім өзіме ішімнен. Түк түсінбедім. Сөйтсем мені жіпсіз байлаған сезім ғашықтық сезімі екен. Баяғы да Абай, Мағжан, Мұқағали жырлып өткен махаббат бүгін менің алқымымнан алды. Сол күннен бастап сол қыздың маған керек екенін сезіндім. Өзім барлық жерде оған жақын болуға тырыстым. Бір күні мектепте болған пікірсайыс жарысында солы қызды маған қарсылас топқа отырғызып қоймасы барма. Ал енді сөйлеп көр. Қанша тіс қаққан деватер болсам да сол қыздың алдын да оны мұны айтып бұралаңдап қалдым. Жанымдағы адамдардан ұят болмасын деп əр тақырыптың басын бір шалып сөйлеймін. Журилердің де жеңісті бізге беріп қоймасы барма. Ойымнан кетпей қойғаны: мені ұнатпай қалды мекен? Жоооқ, оның бойынан ондай қыртың мінез табылмады. Мені құттықтады. Адамның қандай ниетпен айтқаны түрінен көрініп тұрады ғой. Əлеуметтік желі де сезімімнің шет жағасын жəймен білдіре бастадым)) Айттым ғой тəп-тəуір араласам деп. Естуімше ол да мен туралы жақсы пікірде екен. Онда бұл не тұрыс дедім де айтып кеп жібердім, жартылай өлеңдетіп. Өзімнің ептеп өлең жазатыным бар. Оған арнаған өлеңді кейінірек салармын. Ол оқыды да 5минут үнсіздік болды. Сосын «ответ» келді. Көзімді жұмып хатын аштым. Сөйтсееем ол жарықтықтың бар айтқаны: «сені ағамдай көрем.» Қалай сонда? Кəдімгі ағасы сияқты көреді екен мені. Кəдімгі менің қарындасым мені қалай көрсе ол да солай көреді екен. Дұрыс ағасындай көрсін, бұл мені оған бір қадам жақындатады. Тап сол кезде басыма жаман ой келе қалсын:«Ол мені аға санаса — ол қалай мендік болады?». Бітті. Құрдымға кеткен жерім осы болар дедім. Махаббаттан жолы болмаған сорлыларша кафеге барып ішіп кетейін(кинодан көріп алып) десем харам сусынды ауызға алудан жиіркенем. Қандай күнə? Қандай жаман қасиет? Еһһһ, мұңлы күндерім өтіп жатты. Сұлу қыздарды би алаңында таңдап билейтін мен сол күннен бастап мектептегі дискотекаға да бармадым. Қалай барам. Ол жоқ. Ол барса мен бар ісімді тастап барар едім ғой. Əрине онымен билеу үшін, билеу бұйырмаса ешкіммен билетпеу үшін)) Уақыт менің жүрек жарамды емдегендей болып, өмір маған қайта күш қуат беріп сөз айтуға қайта оқталдым. Жалғасы келесі блогта))
Әрі қарай

Аққулы балерина Анна Павлова

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна ПавловаБритандық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.

Көптеген өнертанушылардың айтуынша Аннаның өзге бишілерден айрымашылығы соны мінзеділігінде болса керек. Ол шынайы өмірден жырақтап, өмірді сахна деп білді.15 жасынан бастап үлкен сахнадан көрінген Анна 40 жастан асса да сол әсем қалпында көрермендердің көзайымына айналды.
Сол бір аңыз тұлғаның биін көргендердің айтуынша, «Анна сахнада бейне бір құс сияқты қалықтайтын» деп айтады. Көзінің жасын саусағымен іліп тастап, сондайлық нәзік жылағаны, балаша шаттанып қуанғаны көрерменге сондайлық қуаныш пен мұң сыйлады. Анна қатысқан қойылымдар музыкалық және психологиялық тұрғыдан мазмұнды, эмоциялық бояуға толы, әрі алуан жанрлы болып келеді.
Ол туралы газеттер, «Анна бейне бір қалықтаған бұл сияқты. Анна толқын, Анна күзгі жапырақ» деп жарыса, таңқалыса рецензия жазды.

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна Павлова...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.

Анна тұрмысқа да шықты, бірақ отбасылық өмірде жарастық таба алмады. «Несколько строчек из моей жизни» атты естелігінде А. Павлова, «Мен неліктен күйеуге шықпаймын? Жауап өте қарапайым. Меніңше, шынайы әртіс өнері үшін жан пида болуы міндетті» деп жазады. Сөйте тұра, сөзін былай деп жалғайды, «...әйелге тең келетін ер – музыка мен бидің үйлесуі сияқты дүние». Осы бір жолдардан-ақ, Аннаның бар болмысы мен жан-дүниесінің мұңын көруге болатындай.

Өмірінде қырықтан астам елде сапарлаған Анна заманында қаны жерге тамбайтын ең танымал, жоғары ақы төленетін биші еді. Өзінің мектебі, өзінің балет труппасы болды және аққу асырады.

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна Павлова«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.
Бишінің осы бір бейнесіне куә болған Камилл Сен-Санс, «Мадам, сізді «аққу» кейіпіңізде көрген сәтте мен өзімнің таңғажайып музыка жазғанымды түсіндім» дегенді айту үшін ғана бишімен жолығуды қалапты.

Анна Павлова өз кезеңінің ұлы актрисасы атанған биші классиканың қатаң шеңберінен шықпай жалпылама-шартты балет бейнелеріне психологиялық және қазіргі заманның терең ойларын енгізді. 1910 жылы өз труппасын ұйымдастырып, гастрольдік сапармен Еуропа, Америка және Азия елдерінде өнер көрсетті.

Сөйткен Анна Павлова 1931 жылы 20 қаңтар күні сахналық өмірінде алғаш рет қойылымға шықпай қалды. Ол ең атақты Гаага сахнасына билеп шықпады. Әбден ауру меңдеген Анна төсекте жатып, «Аққу костюмімді әкеліңдерші» деп сыбырлап барып, мәңгілікке көз жұмды. Бұл 23 қаңтардың суық түні болатын.
Әрі қарай

Рәпшәннің тарақандары...

— Оп! Т! Байы-Мәйіт! — деді ғой, тарақан Миша ашуланып.
— Иә, не боп қалды? — деді ғой, тарақан Талғатыш таңданып, таңдайы кеуіп, таңғажайып түсінен шошып оянып.
— Өй, мына сөкілер жиналып қалыпты залға. Тыныштығымыздың шырқын шырқ қылатын болды ғой.

Тарақан Миша мен Талғатыш еден жалаған күйі залға жетті. Залда «он алты жастағылар» толып, бықсып отыр екен. Бір кезде қоңырау қағылайын деп еді, ондай зат жоқ қой. Есік те қағылған жоқ. Төртінші қабат қой. Есік те ашық. Бұрыннан ашық. Тағы бір екі-үш қыз кірді үйге. Кіре берген кезде бұл қыздар дәліздегі жыртық-мыртық әбөйларды көрген де шығар. Тарақандардың жилкомплексі бар төлетте. «Нәжіс карпарейшін» жыртық ақсионерлік ұйымының меншігіндегі зәулім үйлер ғой. Сол тарақандар ғылыммен айналысып жатыр. Дәліздегі әбөйларды да жыртып әкеткен солар ғой. Том-том кітаптар шығарып жатыр кәсіпкерлері.

Бұл — Рәпшәннің үйі ғой. Өзбешкі емес. Қазақтың қара сопақ баласы ғой. Алматыда бір көліжде оқып жатыр. Жексенбі күні Алматыға жол жүретін болғасын осы сенбіде кешкі уақытта мини-бешір жасап жатқан түрі ғой. Рәпшән өзі аты шыққан жігіттердің жартысы. «Пәдиез қайраткері» атағы да "құр бекер емес" емес. Қап-қара болса да, мықырдың қыздары келді ғой үйіне. Ағасы «Ауған» арғы бөлмеде жатқан шығар демалып, болмаса көшеде дала кезіп жүрген де шығар. Інісі Ринат пен тағы бір ойнап жүріп туып алудан дүниеге келген екі жүгермек бар. Есімдерін қой знает. Тәтесі Айнаның тірі екенін білмеймін. Әйтеуір, пәдиезде аты аталады да жүреді. Шешесі үйінде болған шығар бас-көз-құлақ-аяқ боп.

Не керек, көп созылып кетті ғой. Сонымен бешір болып жатыр. Бұл үй ғой, Алматыдағы Абылай хандағы кілті бар қаталары дейсің бе?! Рәпшәннің шешесінің көзінше… Олай бұл жолы болмайды ғой, ойбай! Алматыда болса үш сәрі. Жастардың бір(әз(і)ғандары) зінә жасайды ғой ауылдағы қазыққа байланған есектер секілді. Бұлар әншейін тамақты опырып отырып, осырып отырып, өтірік әңгімелерден жіберіп, түрсиіне жіберіп, сілекейлері ағып, соңында би билеп… Міне, осы би билеп жатқан тұста көхнәдан тарақан Миша мен Талғатыш «бірәттарын» жинап келеді ғой ше…

Кейбір бірәттарын Рәпшәннің бірәттары езіп жатты. Бірақ Миша мен Талғатыш өпітті, істәжді тарақандар ғой. Пінсиәда жүр дейді «Боқшылар» піртиәсінің қырттияшылары. — Қарындас, сізбен билеуге рұқсат па? — деп, жынтілмендік жасайды тарақан Миша өзінше. Енді орыстың тарақаны ғой. Үшінші қабатта мент Вадим тұрады ғой. Тарақан Миша кезінде сол жақта қірөшепкі үйлерде тұрды ғой. Жағдайы жақсарып, «Нәжістен» үй алды. Көлік мінді. Арнайы көлік қоятын орындары да бар үй жақтарында. Жә, ләп-ләп! Сөйтіп, Айкамен ба, Микамен ба, билей бастады. Тарақанның есінде жоқ. Бидегі қыздардың бәрі бірдей көрінді ғой. Бірдей болмай ше, саны жалтырап тұрса, иығы, көкірегі ашық болса, шашы жалбыраған болса, өлтіріп боянып, тірілтіп сыланып алған болса… деп кете береді, негізі. Бірдей боп көрінген.

Рәпшән барып «біздің үйдің тарақандарымен қалайша билеп жүрсіңдер» деп сұрағандай болды миы арқылы, кинодағыдай ше… Қыздар да мәз боп билей берді Миша мен Талғатыш тарақандармен. Кеш бітуге тақап қалған кезде екі тарақан қалған қалдық тамақтың бәрін үйлеріне әкетті. Сөйтсе, екеуі міссионер екен. Миша да мұрт бар, Талғатыш тағып алған екен. Қабырғаның бәрі боқ-боқ. Аяқтарының іздері ғой. Қыздар он-оннан қайтты. Бәсе, пәдиез пістес сасып тұр сыраға. Аюдың суреті салынған сыралардың қаушақтары жатыр сасып. Әй, қыздарға бәрібір екен болғаны да. Темекінің бішөктері де көп екен. Нас на қой ғой, лас! Қыздар тарақандармен сүйіскен бе, пәдиездің бәрі нәжіске айналды. По қой екен ғой «он алты жастағыларға». Лижбі билейтін жер, опыратын тамақ, осыратын кеңістік, аз(дап)ғ(р)ы(қт)нд(айтын) әдет пен әрекет болса болғаны, жетікілікті… Әй, Рәпшәннің тарақандары-ай!..
Әрі қарай

Біз де клипке түстік! Оңай емес екен ғҰӘ? :))

Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.  Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым.  Қыз-жігіттердің ұйымшылдығына тәнті болдым, барлығына рақмет!  Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.  
Әрі қарай

Хореография

Блог - Daniar-Alan: Хореография

Мектепте сабағына қатыссам да жиіркенішпен қатысып, барғым келмей барып жүрген 2-пән болды. Біріншісі — дене шынықтыру, екіншісі -ХОРЕОГРАФИЯ.
Әрі қарай

Мюзикл көрінісі

би өнері
Мамыр айының алғашқы күндері. Таңертеңнен бері күн бір түйіліп, бір ашылды. Ұйтқып соққан жел, анда-санда себелеген жаңбыр ешқандай романтикалық көңіл-күйдің орнауына септігін тигізбейтіні анық еді.
Бірақ, табиғаттың ауыспалы мінезі, әуен ритмі және көпшілік ортасында орындалған би -мюзикл сюжетіне бергісіз көріністі күтпеген жерден көріп қуандым. Мұхит асып, Нью-Йорктегі Бродвей бойындағы мюзикл спектакліне барғандай әсер алдым.
Әрі қарай

Диско 00

Менің ең алғашқы би кештерім мен отырыстарымның әуендері ретро бола ма деген сұрақ мазалап жүр кейінгі кезде. Қазір 80-90 жылдардың әндеріне әлі күнге жер тебініп билейтініміз рас. Тіпті, «Ретро 80-90» деген атаумен арнайы ашылған орындар да жетерлік. Бұл — сол кездегі әндердің өлмейтіндігін көрсетсе керек, меніңше. Классикалық музыкалар өз алдына.
Хит әуендер жыл бітпей күресінге кетіп жатқан мына заманда, қазіргілерден кімнің әуені өлмейтінін тап басып айту қиын. Менің өзіме МузАРТ ретро болатын сыңайлы. 10-20 жылдан кейін сұранысын жоғалтпайтын қандай әуендерді, қандай әншілерді айта аласыз?
Әрі қарай

ФУЭТЕ, ПАЧКА, ПУАНТТАР...

/Қысқаша шолу/

Би – өмірдің мәні. Ол қаншалықты күрделі болғанымен, соншалықты әдемі. Биді меңгеру үшін оған толық берілуің қажет.
Жалпы, кез келген би түрін және оның бағытын үйреніп алуға болады. Барлық бидің бастауы біреу ғана. Ол – хореография, яғни, би үйренуде күрделі шеберлік — хореграфияның негізгі әдістері мен ережелерін білген орынды. Бұндай күрделі хореографиямен айналысқанда мертігудің жиі кездесетініне қарамастан, бүкіл әлем бойынша балет өнері өз әйгілілігін сақтап қалуда.
Әрі қарай

Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай

ART-алаң

Алматыда сегізінші маусымда «АРТ-алаң» деп аталатын жаңа әлеуметтік-мәдени жобаның тұсауы кесілді.
Енді алдағы үш ай демалыста қаламыздың саябақтарында әуен, би, театр, кино, әдебиет пен сурет көрмесі, граффити, йога-шоуы, жәрменкелер мен балаларға арналған шығармашылық шебер класстары және басқада ойын-сауықтар өтететін болады.

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң

Суреттер сөйлейді: ART-алаң
Әрі қарай

Қыздарды биге шақырыңдар, жігіттер!

Бүгін латын америкалық билерге арналған және жақсы фильмдерде би қойылған өімнің сүйікті композицияларыммен бөліскім келіп отыр.
Карлос Гарделлдің шығармасы. «Запах женщины» фильмінде Аль Пачино кейіпкерінің жас бойжеткенмен билейтін әуені. Және Арнольд Шварценеггер «Правдивая ложь» фильмінде билеген осы әуенге. Классикалық танго.

kiwi.kz/watch/ul6kan34w6c5/



Ана Габриэль. Eres todo en mi. Вы все для меня. «Менімен бірге биле» (Bailas con migo) атты фильмде кульминациялық көріністе ойнайтын музыка. Биші қыз өзінің қандай қателік жібергенін түсініп, қасындағы партнерін менсінбей, сүйген жігітімен билеп жүрмін деп елестетіп, румбада нағыз құштарлықты бейнелеп, жарыста жеңіске жетеді. Керемет ән.
kiwi.kz/watch/ajsxlj41idau/

Таптым:



Дорис Дэй. Perhaps, perhaps… «Австралийское танго» (Танцы по правилам, Строго бальные танцы) фильмінде румбада ойнайтын әуен. сахнада профессионалдардың билеп жатқан румбасы мен сахна сыртындағы әуесқой қыздың румбасы қатар беріліп, жасанды ойналған құштарлық пен шын бидің айырмашылығы сезіледі. «танец это вертикальный секс» деген сөздің жаны бар ма деп қаласың.

kiwi.kz/watch/loxmlbt6xzac/

Әрі қарай

Би Өнері

Мен өмірімдегі ең керемет, жақсы көретін ісім — ол билеу. Билегенде ішіндегі барлық уайым естен шығып кетеді. Мен өзім робот, хип-хоп және атақты поп-жұлдыз Майкл Джексонның биін жақсы білемін. Үй жақтағы балдар мені Майкл Джексон деп атайтын. Себебі, оның билерін айнытпай билейтін едім. Ал қазір оны ұмыттым. Қазір бреак биін үйренгім келіп жүр. Ол маған өте қатты ұнайды. Шаг вперед 1,2,3,4 киноларын күнде карап, билерін үйренемін. Тіпті, оларды жаттапта алғанмын. Үйде тарсылдатып билесем, анам келіп «сен босқа өзіңді шаршатпа, сеннен ешғандай биші шықпайды»- деп басып тастайтын. Өзім кей-кезде анамның айтқан сөздеріде дұрыс шығар деп ойлаймын. Қалай ойлайсыздар меннен биші шыға ма???
Әрі қарай