ФУЭТЕ, ПАЧКА, ПУАНТТАР...

/Қысқаша шолу/

Би – өмірдің мәні. Ол қаншалықты күрделі болғанымен, соншалықты әдемі. Биді меңгеру үшін оған толық берілуің қажет.
Жалпы, кез келген би түрін және оның бағытын үйреніп алуға болады. Барлық бидің бастауы біреу ғана. Ол – хореография, яғни, би үйренуде күрделі шеберлік — хореграфияның негізгі әдістері мен ережелерін білген орынды. Бұндай күрделі хореографиямен айналысқанда мертігудің жиі кездесетініне қарамастан, бүкіл әлем бойынша балет өнері өз әйгілілігін сақтап қалуда.
Пластика, эстетика, сымбат, элеганттылық және жеңілдік – классикалық хореографияның басты ерекшеліктері болып табылады. Бұл қимылдарды басқа бір кез келген би түрімен шатастырып алу мүмкін емес. Хореография классикалық деп аталады, себебі, ол үлгі, эталон, ол кешегі, бүгінгі және болашақ мыңдаған хореографтардың туындыларының дамуының шыңы – ең әдемі де сұлу қимылдар.
Хореографияның жоғарғы сатысы болып балет табылады. Балет — синтетикалық өнер түрі, яғни әр түрлі жанрлардың үйлесімді жиынтығы: либретто (драматургия), музыка, би, бейнелеу өнері, мүсін, сексуалдық т.б.

Алматыдағы Абай ат. қазақ мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, Болат Аюхановтың труппасынан:

Аюхановтың труппасынан

ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК…
Ойлайтын едім, қалай бұл 4-5 ғ. бұрын шыққан биді бұзбай алып келе жатыр деп. Сөйтсем, оның сыры бұл өнердің тарихында жатыр екен.
Балет өнері 16 ғ. 2-нші жартысында Ренессанс дәуірінде Италияның солтүстігінде дүниеге келген болатын. Балет сөзі латынның ballere – билеу, итальянның ballare – билеу, итальянның ballo – би сөзінің balletto кішірейтіп көрсетілген сөзінен барып, француздың ballet — би деген сөзінен шығады.
Итальян князьдары сарайда аста-төк тойлар өткізгенді жандары сүйетін еді, ол кезде би билеу бұл тойлардың маңызды бір бөлшегі ретінде қарастырылатын. Алғашқы балет орындаушылары сарай аристократтарының өзі болған. Сарай бикештері мен кавалерлері үшін сарай сыртындағы «ауыл» билері жарамайтын болғандықтан, арнайы бимэейстерлер сарай билерін тәртіпке келтірумен айналысты. Барлық дворяндар қылыштасу өнерін үйренетін, осы қылыштасудың көп әдістері балетте қолданылды: мысалы, аяқты екі жаққа қаратып тұру. Бұл қалып дененің жан-жаққа еркін қозғалуына жақсы көмек береді. Сонымен, би ақырындап театрландырыла бастады. Алғашқы билер грек мифтеріндегі кейіпкерлерді сомдайтын еді…
Людовик 14-тің кезінде сарай балетінің қойылымдары өзінің ерекше даму шегіне жетті. Людовик өзі де билейтін болған. Ол 13 бимэейстерлерден тұратын алғашқы Саз бен әннің король академиясын құрды. Бұл әлемдегі балеттің алғашқы мектебі ретінде саналды. Академия директоры, корольдың ұстазы Пьер Бошан классикалық бидің бес негізгі позициясын анықтап берді.

аяқ қалпының бес түрі

Ол кезде әйелдер маска, парик, кринолиндер, ауыр көпқабатты ұзын асыл тастармен тігілген белдемше және астыңғы белдемше, биік өкшелі туфлимен билейтін болғандықтан, күрделі қимылдарды жасау оларға қиын болды. Пуант пен пачка, яғни балет белдемшесі ол кезде тіпті болмаған. Сол үшін еркектер балеті кеңінен таралды.

18. ғ. балерина

Франция королі Генрих 2-ге шыққан итальян аристократкасының арқасында балет Францияға таралады. Ол өзі қаржыландырып отырған алғашқы балет мектебі Францияда құрылады. Осыдан келіп барлық балет терминдері французша жасала бастады.
18 ғ. ортасына қарай балет Еуропада үлкен танымалдыққа ие болды. Еуропа Версальдың роскошына еліктеуге тырысты. 19 ғ. басында аяқтың ұшымен, яғни пуантта билеу басталады. Бұл Романтизм дәуірімен байланысты еді. Пуантта билеудің негізін салушы Мария Тальони деген итальян қыз. Оның әкесі Филиппо Тальони пуантты бойы қортық қызы үшін ойлап тапқан екен. Пуантты киіп, оған тұрған кезде қыздың бойы ұзара түскен. Міне, содан бері біз балериналарды пуантсыз елесетете алмайтын болғанбыз.

Мария Тальони

Мына суреттегі балерина Ләйля Әлпиева. 2012 жылы Ләйля Гонконгта өз балет студиясын ашып, жұмыс істеп жатыр.



ҚЫЗЫҚ БІРАҚ ОНША ЕМЕС МӘЛІМЕТ:
2001 ж. Сапармұрат Түркменбаши Түркменстанда балет билеуге тиым салды. «Мен балетті түсінбеймін. Маған не керек ол? Қандарында балет жоқ болса, түркмендерге балетті күштеп сүйгізудің қажеті жоқ», — деп, Ашхабадтағы Опера және балет театрын бұздырып тастайды. Одан кейін келген билеуші Түркменбашиның жолын жалғастыруда.

НЕ ПАЙДА
Классиканы қоршаған ортаның теріс күшіне қарсы инъекция десе де болады. Күйзеліске қарсы бірден-бір таптырмайтын құрал. Театр сахнасында билемеуіңіз мүмкін, дегенмен балетпен айналысуды кез келген жаста бастай беруге болады.Классикалық балет хореографиясын үйрету адамның сүйек және бұлшықет аппаратын тартуға бағытталады. «Ооооой, оны кішкентай кезден бастау керек» деген стереотип өткен күннің еншісінде әлдеқашан қалып қойған. Станокта жасалатын жаттығулар немесе экзерсис фигураңыздың тартыла түсуін қамтамасыз етеді, буындарды дамытады, қимыл-қозғалысқа грация беріп, сымбаттандыра түседі. Секірулер денені тартып, жүрісті жеңіл әрі әдемілендіреді. Майысқақтығыңыз артады. Белли-дансқа барып, толып кетуге болатын болса, бұл жерде арықтауыңызға кепілдік жетіп артылады. Бірталай энергия кететіндіктен, артық килограмдар ликвидацияға ұшырайды. 1,5-2 сағатта 2 кг. шашып тастауға болады.



Күш пен шыдамдылықты дамытады. Сіңірлер мен бұлшықетке серпімділік береді, ары-бері керіліп, жүре бересіз. Керілу баланы жеңіл босануға әсері күшті. Қимыл координациясы мен тепе-тең қалыпты дамытады. Целлюлитті болдырмайды. Иммунитет көтереді, дәрігерді ұмытасыз. Табиғи коллаген түзілетіндіктен, тонуста боласыз — сергектік кепілі. Сұлулық салонына бармасаңыз да болады.
Ең соңында тіп-тік, асқақ, сенімділік көрсеткіші және сап-сау арқа омыртқалы балет немесе король мүсінін алып шығасыз.
Бөлісу:

56 пікір

Tyulpan
Би — спорт. Қимыл — өмір. Жай жүрмей билей жүрейік
Beisek
жай биге қарсылығым жоқ, бiрақ мен де түркменбаши сияқты балеттi түсiнбеймiн)
Tyulpan
Бейсек мырза, ал мен түркменбашиды түсінбеймін. ))

біздің елбасының домбыра тартып, ән айтқанынан ба, кім білсін, бірақ өнерге қарсылығы жоқ. сол үшін ол кісіге респект. түркменбаши сияқты болса қайтер едік? осы жақында ғана Астанада «Астана-опера» деген опера және балет театры салынып бітті. оны әлемдегі ең үлкен, ең зәулім театрлармен қатар тұр деп айтып жатыр. өнер адамдары қуанып жүр. мен үшін мақтаныш. Шыңғыс хан да қол астындағы елдің мәдениетіне тиіспеген дейді ғой тарих… ))

asaubota
балериндердің көбі гей бола ма?
VKM
В духе админа)) Мен танитындардан гей жоқ, керісінше қаланың барлық қыздарын «клеить» етеді.
ken
жасыру үшін клеить ететін шығар))
Beisek
шыбын жабысатын лента сияқты боп тұр ғой
Tyulpan
балерондар күндіз-түні бимен айналысып, майысып жүретін болған соң, солай көрінетін шығар. бірақ сіз ойлағандай балерон болғандықтан гей болмайды. гейлер балерон еместердің арасында көп қой. ))

көбінесе гей сияқты көрінетін балерон емес, хореографтар. мысалы, мені маэстром түк те гей емес. өзі күледі "қыздарға қыздардың би қимылын үйретем деп, өзімнің манерам да қыздардікіндей болып кетті" деп. әйелі, 3 баласы бар. балетмейстер — бар болғаны оның кәсібі, мамандығы.

мына суретте Алматы хореографиялық колледжініің түлектері. Жігіттері сіздер сияқты кәдімгі жігіттер ))
Daniar-Alan
Жігіттері сіздер сияқты кәдімгі жігіттер ))
уа, харындас, осы сөзіңіз арқылы мындағы керектік жігіттердің намысына тиіп кеткеніңізді сездіңіз ба?!..
Tyulpan
сонда қалай? бар түсінбедім?
Daniar-Alan
нуу біріншіден, біздің жігіттер аналар секілді қолын нәзззік позада жоғары қаратып ұстап тұрмайды;
екіншіден, керектіктерді кім айтты жәй ғана, қарапайым, кәдімгі жігіттер деп
Tyulpan
ойбююююююю, кешіре көріңіз. қазір жөндейміз бәрін: біздің керектің жігіттері барлығы шетінен алтын ғой. әрбір қазақ қызының осындай ер-азаматы болса — бақытты. сіздерге респект қазақтың намысын бермей жүргендеріңізге.

ал анандай «нәзік» поза ол жай ғана балеттегі қолдың позасы бар болғаны. әркім мамандығына сай қимылдайды ғой енді ))

осы ше, Данияр-Алан, сіз былай актерлығыңыз бар сияқты, ия? өнерге жақын адамға ұқсайсыз ))
bazuka
керектіктерді кім айтты жәй ғана, қарапайым, кәдімгі жігіттер деп
мақтаншақтар ма)))))))))) Әзіл әрине, Керектің жігіттері алтын!
Tyulpan
базука, біздің жігіттер бізді басқа жақтың жігіттерінен қызғанып жүр  
madikon
нуу біріншіден, біздің жігіттер аналар секілді қолын нәзззік позада жоғары қаратып ұстап тұрмайды;
меніңше олар нәзік боп тұрған жоқ, мына суретте. жап-жақсы жігіттер боп тұр.
Tyulpan
мадикон, аха, әсіресе, ана қолын көтеріп тұрған қара жігітті кім ойласын биші деп
madikon
ия күшті боп тұр.
Daniar-Alan
кім ойласын биші де
 шынында да кім ойласын?
Tyulpan
туфффф Данияр-Алан, жап-жақсы жігіттерге емінеге тисе берестер? одан да ана шын гейларға әсер етсеңіздерші.
Daniar-Alan
қой құрсын… әсер еткен нес?!.. тәйт әрі… жынДғо на ғыз…
edige
Алдекеңнің өзі бір төбе…
Beisek
суретте сен барсың ба?
ken
қыздары әддддемі екен е
ruben
пай-пай, тьфу, епті, пай-мальчиктер кілең
VKM
осы суретте сені табу керек))))
Tyulpan
іздейік ))))
edige
Фотограф… таптым ба?
Tyulpan
«сені іздедім қаладаааан, сені іздедім даладаааан. жоқсың сен, қайдасың? жүрсің сен қайда?»
VKM
Маладес, Тюльпан. Осындай тақырыптар керек. Меніңше де, барлық бидің негізі хореография.Қазіргі кездің билерін билейтіндердің одан хабарларыжоқ екені бірден байқалады
Tyulpan
аха, ВКМ, екеуіміз би туралы жазуды жалғастырайықшы. би туралы материалдар қазақ тілінде аз екен…
VKM
 жазайық, мен бастағанмын, сосын қызығушылық байқалмаған соң қойған едім
Tyulpan
уррряяяяяя жазамыыыыыз )))
сіздің жазғандарға қызыққан сияқты, сатыпалды, гастарлардың пікірін көріп қалып едім...))
bazuka
Тюльпи, уау күшті жазып тастапсыз. Биге қатты қызығатындықтан бір демде оқып тастадым.
Tyulpan
Базука, айналысасыз ба? қай түрімен? би деген сәәәән ә? ))
bazuka
айналыспаймын, бірақ бар түріне қызығамын бидің. сәәәәәән ғой билеген!)
Tyulpan
қарааааап отырғанша билемис па? оооййй сіз де бір  сән кенін қайдан білес өзіңіз билемесеңіз?
temir1986
Лицейде оқып жүргенде биге жазылғанбыз. 6 айдай ма қатыстық. Негізі биді жақсы көрем енді
Tyulpan
temir1986, бидің қай түрін үйрендіңіздер? )
ruben
билеп, адам секілді билеп үйреніп жүр едім кезінде. Айбек Пракаш пен Орда секілді группалар шықты да би туралғы қиялдарымның астан-кестенін шығарды.
«Еркек адам билемейді, билетеді» деген принцип ұстанам қазір.
madikon
кішкентай кезімде би өнері ұнайтын, ауылда өстім ғой, үйірмелер болды, бірақ ылғи итке керек емес жаттығуларды ғана жасатып қоятын. Дұрыс би үйрететін адам болмады, сондықтан ол қалды. Өсе келе қайта үйірмеге баруға ұят көрінді. Жоғарғы сыныптардың бірінде көбіне ұлдар баратын «брэйк» дегенге бардым. 4 қыз боп барып жүрдік, біраз үйреніп қалғанбыз, содан ол бізге лайықты болмаған соң, баспен домалау немесе тағы да түрлі жаттығулар қыздарға ерсі көрінгендіктен оны да қойдық. Кішкентай кезінен балетке берген ата-аналарға қызығамын.жақсы ғой.
Tyulpan
әлі де кеш емес қой. Астанада бидің түр-түрін үйрететін жерлер көп.
madikon
қазір қызығушылық басқа..))
Tyulpan
боксқа қатысып жүрм деп қойыңыз
Hetrou
Би емес өмірдің мәні. Өмірдің мәні — семья, бала-шаға, сол бала-шағаға дұрыс тәрбие беру, Алланың әмірін орындау, қысқасы адам болу. Алла Тағала адамды не үшін жаратты? Секеңдеп билеу үшін бе? Бұтын әрі-бері керуді де өнер деп.
Tyulpan
сіз «тақиялы періштедегі» мамасы сияқты «бұтын әрі-бері керіп» деп…
Hetrou
Мен өз пікірімде қала берем. Балет-салетті өнер деп есептемеймін. Біздің менталитетімізге жат нәрсе ғой. Өнер деген ақындық, күйшілік, айтыс, әншілік, қолөнер, сурет, зергерлік, ұсталық, т.б. Ал би ойдан шығарылған нәрсе ғо. Қандай өнер болса да түбіне түсіп керегі жоқ. Бастысы — адам болу.
Tyulpan
сонда ана айтып отырған өнер түрлері не, ойдан шығарылмай, басқа жақтан шығарылған ба не? би деген адам пайда болған кезден бастап бар емес па? егін егіп, мал баққандарын, соғысқандарын, аңға шыққандарын бимен бейнелеген ғой.
балет билей отырып та адам болуға болады. ))
өнердің түбіне түспесе, шедеврлер қайдан пайда болат кен? ))
менталитетімізге жат болса, жақсысын үйренейік те. оның үстіне ол өзі денсаулыққа пайдалы. айналыссаңыз остеохрндрозды да емдеп шығады. ал, бізде қазақтарда остеохондрозбен екінің бірі ауырады ))
ken
сіз үшін семья, бала-шаға, оларды тәрбиелеу. ал біреу үшін Аллаға құлшылық ету. енді біреу үшін басқа бірдеңе. таласатын нәрсе емес.
Hetrou
Ал сіз масштабно мыслить етіп көріңізші типа өмірге не үшін келдім деп, билеу үшін бе…
ken
бұл енді философиялық сұрақ. философия пәнінің оқытушысын ұнатпайтынмын. сондықтан ол сабаққа онша қатыспаған едім. жауап бермей-ақ қояйыншы.
VKM
Мысалы мен, билеу үшін келген сияқтымын
Blogshy
Би — керемет. Осыншама билеп үйренгім келсе де тіпті сәті түспеді, бірақ әлі де кеш емес деп ойлаймын. Би ол тән тілі, ғажайып керемет, әсіресе латын америкасы билері сияқты. Испан биі… Арбап алады. Бишілерге респект! Кері кеткендердің пікіріне… қою керек.
Tyulpan
Блогшы, астыңғы Хетроудың жауабы сізге
Blogshy
өзі сондай ақылды, масштабно мыслить етеді, өмірге не үшін келгені туралы. Ал біз болсақ қайдағы бір биді айтып жүйкесіне тиеміз.
Hetrou
Сенің пікіріңді сұрауды ұмытып кетіппін.