Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2
Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі “ брендім” арқылы бір мәселенің шешімін іздеп шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер,
араласып тұратын танысым деп айтайыншы. Жынысы – әйел. Жұмысы – журналист. Астанада тұрады, аты … маңызды емес. Очм, сол қыз бір отырыста көзіне жас кілегейленіп, “ ей” десең, еңіреп жылайын деп тұр. Жыласа, ана жерді топан су басарын тағы біліп тұрмын. “ Аса қиын саяси ахуалдан” шығуда Президент көрсеткен прим.-ге салып, “ не болды, біреу аяғыңды мыжып кетті ме?” деп күлдім (ыржидым-ау). Маған жанарын тіктеп қарады да, “ тыңдайсың ба?” деді. Әрине, ол Шакираның “ Лока Локасын” тыңдатайын деп тұрған жоқ, жан сырымды, жүрекжарды сөзімді тыңдашы деп тұр.