Махаббат мәселесі. Кеңес керек-2


Бұның қаншалық махаббатқа жататынын білмедім. Бірақ, белгілі “ брендім” арқылы бір мәселенің шешімін іздеп шұбатып көрмекпін. Досым десем дау туып кетер,

араласып тұратын танысым деп айтайыншы. Жынысы – әйел. Жұмысы – журналист. Астанада тұрады, аты … маңызды емес. Очм, сол қыз бір отырыста көзіне жас кілегейленіп, “ ей” десең, еңіреп жылайын деп тұр. Жыласа, ана жерді топан су басарын тағы біліп тұрмын. “ Аса қиын саяси ахуалдан” шығуда Президент көрсеткен прим.-ге салып, “ не болды, біреу аяғыңды мыжып кетті ме?” деп күлдім (ыржидым-ау). Маған жанарын тіктеп қарады да, “ тыңдайсың ба?” деді. Әрине, ол Шакираның “ Лока Локасын” тыңдатайын деп тұрған жоқ, жан сырымды, жүрекжарды сөзімді тыңдашы деп тұр.
Ұзын сөздің қысқасы, танысым өзінің жыныстық ориентациясына күмән келтіретін болып шықты. Қалай десеңіз, Аша Матаймен сүйіскім келеді дейді. “ О-о, сұмдық, оның несі ләззат? Қызбен қыз…” деп шайқасықты шайнап қоя жаздадым. “ Ерні дәу емес пе? Қатты ұнайды. Сонымен сүйіскім келеді” де-е-еп қарап тұр. Оны қойшы, студент кезінен қыздармен жанасқанда белгісіз сезімге түсіп, бойын игере алмай кетемін дейді. Әрі басқа қыздарды да бұл магнитше тартып, “ манить” етіп тұратын сияқты… Өзі солай дейді. Студент кезінде жатақхананың бөлмесінде бірге тұрған бір қызбен дос болыпты. Кім кіммен дос болмайды дейсің, бірақ ол әлгі қызға жігіттер көңіл білдірсе, кәдімгідей қызғанады екен. Керек болса, кез-келгенін ұрып жығуға даяр едім дейді. Бірақ, танысым өзін лесбиянкамын деп санамайды. Неге десеңіз, “әрбір қыз сияқты жақсы жігіттің қолынан ұстап, жарасымды отбасы құрып, 5-6 бала туғысы келетінін” жасырмайды. Бірақ… “ брагы” әлгі біртүрлі сезімі болып тұр. Ол тұрмыс құрған соң тарқап кете ме, кетпей ме, Құдай біледі. “ Сондықтан, біреумен нетіскенім жөн шығар” деп менен ақыл сұрап қояды. “ Нетіскені несі? Ол не?” деп, мен де қолдан ақымақ бола салдым. “ Енді жігітпен төсекте жатып… дегендей. Әйтпесе, өзімнің лесбиянка я лесбиянка емес екенімді білмейтін сияқтымын” деді ғой, деді.
“ Жындысың ба” деген жалғыз сөз айтайын деп тұрып, “ онымен мәселең шешілсе, жақсы ғой. Бірақ, бетің бір ашылған соң бір жатқаның не, мың жатқаның не?” деп, өзімше ұрыстым. Оның көзінен жайлап жастар домалай бастады… Менің орнымда сіз болғанда, не айтар едіңіз?



Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/08/%d0%bc%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%b1%d0%b1%d0%b0%d1%82-%d0%bc%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba-2/
Бөлісу:

19 пікір

Abilakim
Оған көмекке қолымды жәнеде басқа жерлерімді созар едім сенің орныңда болғанда)))
asaubota
сол «нетіспеу» жетпей тұр ғой :) бүйтіп жүре берсе лесо болып кетейін деп тұр :)
asaubota
Махаббат эксперті Gastarbaiter жазып кетіпті ғой:

Бәрін айт та бірін айт, сен айтылған сөздің астарын тани алмапсың, ол қыз саған: Есі дұрыс еркек жоқ! Мысалы сен секске лайықсың ба? деп сұрады. Сен ойбай жоқ лайық емеспін. Лесбианка болып жүре бер! – деп жауап бердің.)))))

мында
Abilakim
«Мендеөз-өзімді тексеріп алайыншы...» деуің керек еді.1 оқпен 2 қоян ататын жер ғой андағың
ken
уахахаха…
бірде ауылға барғанымда бір-біріне асылып жүрген екі сиырды көріп, таң қалып едім.
сөйтсем, олар бұқа іздеген сиырлар екен. ондайлар «күйлеп жүрген сиырлар» деп аталатынын сонда білгенмін.
сол есіме түсіп кетті да…
ken
мынаны мен жазбағанмын
Nureke
О, әкеңді… Жетпей жатқаны осы еді. Ол қыз адам боламын десе мешітке баруы немесе психологқа жүгінуі керек. Тәніне еркек әруақ немесе жын-пері кіріп кеткен болуы да мүмкін.
qisyq
Күйеуге шықса, күйтең тірлішік бәрін қағып алады.
monti
бір кісілер 50 асқан апалар немелері бар. екеуі қослып тұрған :( мүмкін әйел заттың еркекше(полицияда жұмс істеп еді) жұмс істеп жүруінде шығар :((( баланс бұзлып дегендей…
Nurkoke
Жігіттің жоламағаны дұрыс болған, кейін үйленуге тура келер еді.
asaubota
ал сол кезде Аша Матай былай дейді:

— Өткен уақыттағы бір сұхбатыңызда: «Жігітімді күтіп жүрмін», — деп едіңіз, ол құрғырдың келетін түрі бар ма?

— Әлі де күту үстіндемін. Бәрі бір Алланың қолында ғой. Маған жігіттің ұнауы өте қиын. Шынымды айтсам, болашақ жарыма жаным ашиды (күліп). Себебі, мен өзіме не керек екенін білемін. Сондай-ақ, мен өзім емес, мені сүйгенін, өзіне бағындыра, еліте білгенін қалаймын. Бұл — бастысы. Өйткені маған жарының ығына жығылып, айтқанымен жүретін жігіттер мүлдем ұнамайды. Сондай-ақ болашақта өзім ғана емес, балаларымның да жақсы өмір сүріп, жоғары білім алуы үшін болашақ жарымның қалтасының қалың болғаны да жөн ғой…

www.dastan-studio.kz/?p=4470
alisha
барлық талаптарына жауап беріп, тек соңғысы сәйкеспесе бас тарта ма екен сонда?
Nurgisa
Қателесесің. Ол ең соңғысы емес, «ең» алғашқы талабы болса керек :)

Бұл сұхбат бір аты мәлім журналда да жарық көрді. Жалпы, кім-кімнің де есті адаммен, берекелі жермен құдандалы болғысы келетіні түсінікті ғой. Бірақ, оны жалпақ жұртқа жария қылып айту пәстік сияқты. Ақылды қатын осырақ күйеу болса да, жоқтан бар жасап, барын асырып, берекесін еселейді.
Gastarbaiter
Балалардың артына тығылған әйелден төмен нәрсе жоқ.
Zilola
қит етсе мешітке бар, имаммен сөйлес дегендерге түсінбеймін. Осы уақытқа дейін мешітке бармай, проблема туылса ғана мешітке бару керек пе?
Ол қызға жәй ғана Өркеннің көңілі керек болған ғо, әйтпесе әңгімесінен лесбос аралының самалы еспей тұрғаны :)
aza
Епті… Әңгіме тек Ашаның ғана ернінен сүю туралы болса, түсінуге болады. Ол еркектердің көбінің арманы (мен де қарсы емеспін) ғой, қыздар да сүйгісі келсе түсістікпен қарау керек шығар…
Daniar-Alan
кейінгі тағдыры не болды екен?
Ispek92
Кейініг тағдыры: анау құрбысы осындағы aru -ға айналып кетті