Махаббат, қызық мол жылдар...

Біздің группаның “жұлдызды” жұбы Нұрсұлтан мен Перизаттың арасына қара мысық жүгіріп өтіп, енді бір-бірінен кешірім сұрауға батпай жүрген кездері еді…

Содан бері Перизатқа ас батпай,


тиісінше, Нұрсұлтан да сүйгенін сырттай бақылап қана тынатын…


Әдеттегідей сабақ. Ағай “Қазір келемінін” айтып шығып кетті.


10минут өтті,15минут… Ағай келер емес… Бір кезде топ басшысы Жұлдыз: “Қыздар, жігіттер! Одан да далаға шығып қар атысып ойнамаймыз ба?!!”


Бәрінің де қалауы осы еді. Оқымысты Әселге дейін: “Кітабымның қай бетіне келгенімді белгілеп қойып, мен де сыртқа шығайын…”


Бәріміз көңілдіміз…


Бір кезде Нұрсұлтан Перизаттың шетте тұрғанын көріп,


бойындағы бар батылдығын жинап, қасына жақындады…


Нұрсұлтан: “Маған ренжідің бе?”

Перизат:”Иә…”

Нұрсұлтан:”Кешірші”


Қос ғашық қайтадан қол ұстасты.


Пәк сезімдер мен мөлдір сырлардың бәрін қойнына жасырып әппақ қар жатыр…


П.С: Сабақтан “қашқанымыз”үшін ағайымыздан керемет бір ұрыс естісек те, біз шексіз қуанышты едік…
Оқиғаға қатысқандар: ҚазҰУ-дің филология, журналистика факультетінің студенттері.

Басты рөлдерде: Нұрсұлтан Абдришов, Перизат Сәлиева

“Режиссер”: Мейіргүл Оңғарова)

түпнұсқа мында: ushkin1.wordpress.com
Бөлісу:

17 пікір

urimtal
өте қызық ойластырыпсыңдар! Жарайсыңдар!!!
meirzhan
Студенттік шақтың қызықты сәттері. Өте жақсы шығыпты.
satibaldi
Керемет! Мейіргүл, мен — сендікпін!!!
blackbeard
Студент болғым келіп кетті:)
chimaq
әдемі жазылыпты, қызбала сүлү екен............:):)
technosyndrom
Ой керемет, кейіпкерлермен бірге уайымдап, аяғында бір жасап қалдық, рахмет)))
TERISKEI
ана қыз біздің пил-пәктә оқи ма, Мейіргуль?
ushkin
нөмірін берейін бе?)))
Aikona
Ұнады. Шыныменде студенттік шаққа оралғым келіп кетті ғой. :)
shamshininperizaty
Aқ қардай әппақ махаббаттырыңа адал болыңдар жастар!!!
asaubota
ана жердегі Перизат сенсің ба?
shamshininperizaty
Перизаттар көп қой, мен Шәмшінің Перизатымын :)))
ushkin
Бәріңізге үлкен рахмет! Осындай комменттерді көрген соң, жалғастырамыз ба деп жатырмыз)))
monti
бұрынғы, Лиза т.б сары пресса журналдарда орыс қыздар/балдар профи. фотоларға түсіп, астына коменттер жазып шығарушы еді. тура сондайға ұқсап қапты))) супер. на идеяңды сары прессаға КЗлық ұснып көрсей, сапалы ф-апаратпен түсріп, жынд верстка жасап… шығарса ну қиялдап кеттім :)
konvict
Керемет! Осындайды мен бір журналдан көруші едім.
marzhan_kz
әдемі, енді жалғасы ретінде тойдың суреті болына тілектеспін ;)