Болатын нәрсе болады, так ышто..

Бекжан Толыбай: Болатын нәрсе болады, так ышто..

«Пешенемізге жазылғанды көрерміз» деп  тағдырдың қандай да болмасан қиын қыстау сәтін қасқая қарсы алатын бабалардың ұрпағы емес пе едік… Бәріміз де өз өмірімізде бір бір қойшы Сантьягомыз былай алып қарағанда…

Кей кездер достарыммен бірге жүрген кездерде, қасымыздан бір әдемі қыз өтсе мені түртетін олар..«Барып таныспайсың ба?» дейтін… Мен де күле қарсы алатынмын бұндай ұсыныстарды… Бұл Қазақстанда бірі бірінен өткен небір сұлу қыздар бар..Әр қасымнан өткенімен таныса берсем не болғаны? Соған бола қарсылық білдіріп күйіп пісіп жатсам "қайдан білесің, бәлкім сен барып таныспай «тармәзит» еткен қыз сенің тағыдырың шығар" деген тағы бір сылтау табады дейсің..«Иә, егер ол менің тағдырым болса, қазір байқаусызда маған қарайды да „мазала мені мазала“ деп тұрып алуы керек» деймін мен де бой бермей… Ол сенің тағдырың ба, емес пе, оны білу үшін бір белгінің болуы шарт делік… Яғни қыз көзіңе тіке қарап күлімдеп өтеді немесе байқаусызда кафеде отырсаң үстеліңнің үстіне визиткасын түсіріп алады, обшым әйтеуір тағдырлардың тоғысуының бір жолы болуы керек…

Кеше бір досымнан осы тақырыпқа орай бір әңгіме естідім..Өздеріңмен бөлісе отырайын түскі жеген дәмді палауымнан кейін… Оқиға былай, бір жас жігіт қалада  жүрген ғой… Содан не керек аяқ астынан іші бірдеңе болып қыса жөнеліпті… Жігітіміз қысылғаны соншалық жан жағына жалтақтап баратын жер іздей бастапты… Тындыратыны да үлкен нәрсе, дала да жарық… Содан амал жоқ айналасындағы бірінші үйдің, бірінші подъезді, бірінші қабат, бірінші пәтерінің есігінің алдынан бір ақ шығыпты… Не де болса тәуекел… Есіктің қоңырауын басса бір қыз ашыпты есікті… Жігіт бар жайды түсіндірген соң, қыз да сыпайылық танытып кіруге рұхсат беріпті…
 
Ісін тындырып шыққан кейін қыз бен жігіт екеуінің арасында қандай әңгіменің өрбігені, не істегендері туралы ақпарат көзі еш ақпар бермеді (история об этом помалкивает)… Ол жері біздің оқиға үшін аса маңызды емес…

Содан не керек, оқиғаның бас кейіпкерлерінің арасында бір ұшқын жарқылдап, онысыз да дегбірсезденіп жүрген жүректері лап етіп алау алып, махаббат дастаны осылай тарих беттеріне жазылған екен… Содан екеуі үйленіп тынып, күллі жұртшылыққа «болатын нәрсе болады, так ышто ешқайда қашып құтылмайсыздар» сынды дәріс берген екен…

Уоот… Енді ыдыс аяқ сылдырламайтын үй болмайды дегендейін, бұл екеуі де анда санда ұрсысып тұрады ғой енді пенде болған соң… Сөйтсе әлгі жігіт күйіп пісіп  «ай сайтан алғыр, сол кезде сенің есігіңді қаққанша бұтыма етсемші» дейтін көрінеді..:)) 

ПыСы: Бұл жазуда баяғыда өзімнің жеке блогымда жариялаған едім… Бүгін бір себептермен қайта еске түсіріп, осында қайта жариялап отырмын… Блогтағы осы постқа жазылған камменттер бір бірінен өткен шедевр… оқимын дегендер МЫНА сілтемемен баруларына болады… :)
Бөлісу:

25 пікір

Nurgisa
Тындыратыны да үлкен нәрсе, дала да жарық…
Эх, замандар-ай, ә, Бәке? :)

история об этом помалкивает
Түпнұсқада «умалчивает» деп айтады-ау деймін…

ай сайтан алғыр
Меніңше «сайттан алғыр» болуы керек сияқты еді.

Кей кездер достарыммен бірге жүрген кездерде
Кей кездері болу керек-ау, шамасы. Bazi zamanlar arkadaslarimla beraberken сияқтыға саяды екен негізі конструкция :)
Bekjan
Сол себепті кей кездер алдына дайындап қойған тамақты да жемей, көзінің астымен жалт-жалт қарап жатушы еді. Қалай да болса, үзіп-жұла жүріп..

Коксерек шыгармасынан… :)
woo
Бекжан біз бірінші кінәні өзімізден іздеу керек сияқты. Сіз де ондай емес шығарсыз бұтқа жіберетіндерді айтамын.
Bekjan
woo, бұл ескі жазу ғой..қазіргі ой өзгерген ғой...:)
qisyq
Келісемін, қажет болса, тағдыр, әйтеуір бір «намек» тастайды. Айдаладағы Үрімжіде сөмке көтеріскен қызды, одан да айдаладағы Сиань дейтін қалада тауып алып, жақынырақ танығаным бар. Қазір үйде, қызымның анасы болып отыр:)
janarbek
айтарым жоқ!
жақсы жазыпты дегенен басқа!
muza
Тагдырдан кашарым жок деп жатадыгой кейде улкендеримиз.Осындайдан айтса керек соны.Ислам дининде тагдыр не дегенге галымдар артурли жауап бередигой.Баринин ортак бир жауабы бар.Олим уакытын озгермейди.Ал сол олим мен омир ортасындагы аралыкты толтыру сенин колында болса керек.Тагдырыма карсы шыга алмайм деп жататтындар да бар.так ышто кашатын жол жок деп :)
Сол сынды кей кездери осылай дурыс болар деу керек шыгар.
Abilakim
Иәәә, жазмыштан озмыш жоқ. Талай қызға барып ұрындық, сендікпін дедік, сені көргенде бір белгіні сездім дедік. Осының көбі жасандылық еді. Жастықтың да өз әсері бар шығар. ал үйдегі біреуге келін, біреуге жеңге шашы ұзын, ақылы орташа адамды телефонның бір нөмірін қате теру арқылы тапқанмын)))
TERISKEI
ескі болса да, жазба ұнады! мен уже қиял ауылына бір ат басын тіреп те үлгердім:) біз пақыр қашан «біреудің есігін қағып», қашан бізге «сөмке көтеріседі екен» бір «шүйкебас» (анамның сөздік қорынан:))… эхх…
Zhan
ақылы орташа адамды телефонның бір нөмірін қате теру арқылы тапқанмын))) — Мәссаған, өз әйелін осылай ақылы орташа десе, басқа ұрғашылардың ақылын қай деңгейде көріп жүр екенсің?.. :)
Nurgisa
Әбіләкімнің ақылды өлшеу координатасында орташаның өзі біздің пайымымыздағы асқан зеректің ар жақ-бер жағы болмаса де… Ееее, қу дүниә-ай…
Zhan
Бұл сонда қорыққаныңыз ба, әйелім өзімнен ақылды деп?.. ))))))
Abilakim
Мен тура айтқанды ұнатамын. Келіншегімнің шашы ұзын екені де, ақылы менікіндей орташа екені де рас. ал, сіздің ақылыңызды білмеймін, шашыңыз орташа тәрізді ғой
ken
қыздарды осы неге «шүйкебас» деп айтады????
TERISKEI
соны анамнан сұрамасам осы барғанда…
ken
бірнеше жерден оқыдым))
Abilakim
«Бұтақбас» дегендей бірдеңе шығар…
Zere
Алдында бір сериалдан естіп қалдым, «Сәйкестік, тағдыр осыған әлі сенесің бе? Бұл жалғыз адамдардың өз жалғыздығын ақтап алу үшін табылған сөздер!» деп дүрсе қоя береді. Былайынша саралап келсең, икемсіз адамдарға тағдыр да жанашыр бола алмайды, ал икемді болып, бәріне аралассаң да алданатын кездер болады. Қайсына сенеріңді білмейсің. Осы бір Солай.де де ма Гастербайтердің айтқаны бар еді. 50/50 деп. Міне, осы дұрыс сияқты. Өзің де қимылдайсың, ар жағында тағдыр да өз үлесін қосар. )
araika
өте қызық :)))
кездейсоқтық дейтініміздің түбінде басқа нәрсенің бар екені рас-ау
Dinara
Бекжан, мына тақырыбыңызға «Bazen ilk görüşte bilirsin o insan senin kaderindir, bazen bir ömür ararsın bulunmaz» деген бір филмьмдегі сөз орынды сияқты ма қалай :)
«Аşk Tesadüfleri Sever» деген филмьді көруге ұсынамын. Жоғарыдағы сөзді атасы немересіне айтады махаббат туралы әңгіме айтып отырғанда. Біздің Анкарада түсірілген керемет романтикалық фильм. Былтыр көрсетілген синемаларда. (@asaubota сен де уақытың болса қарап көрші обязательно келіншегіңмен :) Саундтректері тіптен керемет енді.
Your text to link...
Dinara
фильм фрагменті:
http://www.youtube.com/watch?v=Qn4Bev3TtU0&ob=av3e
asaubota
түріктердің махаббат кинолары көп ұнай бермейді. бірақ, мынау ұнады: www.kerekinfo.kz/blog/808.html
asaubota
ерекше махаббат хикаясы…
Nurgisa
Тындыратыны да үлкен нәрсе, дала да жарық…

Halledecegi de buyuk bir is, disari da karanlik degildi, maalesef :))))
FaraOn1
Ішіп алып алып қаша жаздаған қызға, енді ішпей бару керек дейсіздер ғо)))