Астананың ең экстремал кафелері



Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.

Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.
Әрі қарай

Шахановтың кеші Шахановсыз өтті

Өзімнің жолы болғыштар қатарында емес екеніме тағы бір себеп болды бұл. Осыған дейін бірлі-жарым деп есептеп қарасам, жоспарлаған дуниең кері кетіп не кездесуге шакырған қыз аяқ асты ауырып қалып дегендей себептерді тек сәтсіздікке балап, ал «өмірдің барлық сатсіздіктері бақытсыздық емес» деп жігерлендіріп жіберген арқалы ағамыздың кешін қалай жоритынымды білмей дал болдым.
Таң атып, ұйқыдан оянысыммен бүгінгі күн осы уақытқа дейінгі күндердің ерекшесі болғалы тұр деп санап, кешті асыға күттім. Тіпті, футболға барайық деген достарыма ұлтшылдығым ұстап, ұлтжанды ағамыздың кешіне баратынымды кесіп айттым.
Асыққаным сонша күн екінтіден ауа киініп алып, шамнан аса қолыма құрбым сыйға тартқан кітапты құндылығын асырайын деген оймен қолға алып, ақын ағаның қолтаңбасын қалдырайын деп конгресс холлға тарттым.
Жолай тым ерте келе жатқам жоқпа деген ой келіп, жеткен соң ол күдігімнен арылдым. Себебі, кеш басталуына біржарым сағаттай уақыт болсада бірқауым ел зал есігінің алдына толып қалыпты. Сыртқа шығып артқы есікке қарай жүрдім. Ойым, сыртқа шығып тұрған ардақты ағаны көрсем елден бұрын естелік алайын деген тапқырлық болды. Сөйтсеем, бұл ағамыздың сылтауратып сыртқа шығатындай темекіден аулақ екені есіме түсіп, ойым есекдәмеге айналып, кері қайттым.
Кіреберістен залға қарай жүреберіп, ел ағасы жасындағы екі кісінің сөзін құлақ шалып қалды. О, тоба! Мына ағалар замандасының намысты жанып, қаныңды қоздыратын өлеңдерін жатқа айтып тұр өзара сөз кезегінде. Өзім сонша құрметтейтін ақын қолтаңба берерде бір ауыз шумақ келтіруімді сурай қалса сасып қалмайын деп, қолымдағы кітапты парақтай қоям. Бәрі орнында, ұялып қалмайды екем)
Содан қойш, жұрт есікті қағып тұрып басталатын уақыт таяған соң ашқаны сол, жұмақ есігі ашылғандай жанталаса жүріп ішке леп қойдық. Бос тұрған орындыққа жайғасып, қолайлы сәтке ыңғайлы болсын деп жан-жағымнан жол саралап отырдым
Өз ойыммен отырып байқамаппын, не айтып тұр өздері? Астапыралла! Реанимациясы нес?
Одан кейінгісі құлаққа кіріп- шығып соңына дейін отырдым. Елеңдеп отырдым, соңына дейін келіп қалар деген! Алаңдап отырдым, хәлі қалай екен?..

P.S. Мұқтар Шахановты кеш басталар алдында денсаулығы нашарлап ауруханаға алып кетіпті
Әрі қарай

Ет пати



«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрі қарай

Астанадағы өмір немесе ғаламтор үшін күз жоқ...

Астанаға келіп, орналасып оны-мұныны түгендегенше қоңыр күздің де келгенін байқамай қалыппын. Қарбалас тірлік келе сала басталып кетті. Бұрын Астанаға бір-екі рет келіп кеткенім болмаса, көп дүниені бағдарлай қойған жоқ едім. Қазір көшелерін таптап, жұмыстан үйге қатынап жүргеніме бір айдан астам уақыт өтті. Шыны керек, жерсіне алмай жүргендікі ме, әлде Семейдегі тыныш жұмысымнан кейін шулаған мәдениет саласының ортасына келгеннің әсері ме, өзге бір ғаламнан келгендей күй кешудемін. Сағат алтыға он-он бес минут қалғанда дайындалып отырып, тура алтыны көрсеткенде шығып жүре беретін заман мен үшін арман болды. Таң бозынан келіп, қас қарайғанда, жоқ, қас қарайғанда емес, ел ұйқыға жатқанда бірақ шығасың. Бітпейтін ұшы-қиыры жоқ бір жұмыс. Бір жағы пайдасы да тиіп жатқан шығар.Арнайы күн арнамасам да, мәдени шараларды атқару барысында бірталай жерлерді көріп таныстым. Есесіне, мені үйдегілер көрмейтін, дауысымды естімейтін болды. Семейде елге «квартирант» болсам, енді үйдегілерге «квартирант» болдым))). Келесің… кетесің… пайдаң жоқ…

Жә, оны қойшы, жалпы осы бір айдың ішінде:
-ең әуелі, біз тұратын қала сыртында орналасқан ауылдағы адамдардың сені танысын танымасын, бас изеп амандасатыны мені таңқалдырады…
-дәл сол жерде өзге ұлт өкілдерімен араласып кеткен, ана тіліне шорқақ қазақ отбасыларының сенімен таза қазақ тілінде тілдесетіні мені таңқалдырады, тіпті соған бірінші күннен өте разы болдым.
— Шыны керек, балаң жылап жатқан жоқ, уақытымен жұмысыңа барасың да қайтасың, такси дегенді бұрын керек қыла бермейтінмін. Астанаға келгелі амалсыз тек таксимен қатынауға тура келгендіктен, жүргізушілердің тоқтай қалып, «қанша төлейсің» дейтіні мені таңқалдырады… керісінше, Семейде «қаншаға апарасыз» деп жолаушылар сұрайтын…
— Астанада найман екенімді жиі-жиі «ескертетіндер» мені таңқалдырады… , шығыста руға бөліну дегенді біле бермейді көпшілігі…
— Сосын қызмет көрсету саласының /сервис/ әлі де болса дами қоймағаны мені таңқалдырады. Үй алған кезде жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықтау жұмыстарында ең бір байқағаным сол болды…
— Көшедегі көлік жүргізушілердің бір-біріне деген қайырымсыздығы мені таңқалдырады. Бір-біріне жол бермеу, қасындағы көліктің алдын ору т.б.

Тағы не бар еді, осындайда ойға да келмейді ғой… Жазбамды күзден бастаймын деп, бас қаламызға шолу жасап кеткенімді өзім байқамай қалыппын ғой. Әйтеуір, болашаққа тек сеніммен қараған дәуірде Астанамыз гүлдене берсін деп тілейік. Ғаламтор оқуға да қол тимей кетті. Бүгін біраз «Казжур» мен «Керек» ауылдарын аралап, «шайға қанып» қайттым. Блогшылармен де кездесудің реті келмей жатыр. Болашақта жұмыс ауыстыратын жоспарым бар, бәлкім сол кезде бір сәті түсер. Блогшы қауымның ішіндегі ең жақын досым Бүркіт мырзаның отбасында ұл бала дүниеге келген. Бұл да күздің бір жақсы жаңалығы болды. Күз адамды көңілсіздікке итермелегенмен, ғаламтор аясы жазғы сылбырлықтан керісінше жандана түсетін шақ. Ғаламтор үшін күз жоқ… Жазыңыздар, достар! Күз тек жеміс әкелсін сіздерге!
Әрі қарай

Мәсімов отставкаға кетті

Осылай бүгін Үкіметтің тізгінін 2007 жылдан бері ұстап келген, 7-ші премьер-министр Мәсімов мырза өз еркімен жұмыстан кетті. Ол әзірге бұл орынтақта ең ұзақ отырған Үкімет басшысы. Мәсімов Үкіметі расында талай қиын кезеңдерді бастан өткерді. Үкіметке, үкімет мүшелеріне (блог ашу, планшет қолдану т.б.) Your text to link...талай жаңашылықтарды енгізуге тырысты. Дегенмен, қазақ тілімізге шорқақ преьмердің бұл орында ұзақ отыруы ана тіліміздің ресми органдарда өркендеп кетуіне кедергі де келтірді. Мұны ешкім жоққа шығара қоймас. Енді сіздер үшін Мәсімов кезеңі несімен есте қалды айта отырыңыздар…

Сергей Терещенко (1991-1994),
Әкежан Қажыгелдин (1994-1997),
Нұрлан Балғымбаев (1997-1999),
Қасым-Жомарт Тоқаев (1999-2001),
Иманғали Тасмағамбетов (2001-2003),
Даниал Ахметов (2003-2007 гг).
Кәрім Мәсімов (2007-2012гг.)
Әрі қарай

Мен ҚҰРБАҚА емеспін

Анекдот

Баяғыда бір Құрбақа қызметі көтеріліп Астанаға кетеді. Ауылда қалған Құрбақалар «біздің арамыздан біреу шығып, билікке барды» деп мақтанып жүретін көрінеді. Сөйтіп, бір күні әлгі Астанадағы Құрбақа ауылға келеді. Соның құрметіне Құрбақалар жиналып, онымен кездесу ұйымдастырады. Сол кезде біреуі оған:
— Ал, Құреке, жағдай қалай. Астанадағы Құрбақалар аман ба? Ол жақта қандай өзгерістер бар? — деп сұрақ қояды.Сол кезде әлгі Құрбақа мұрнын шүйіріп:
— Мен енді Құрбақа емеспін, НҰРБАҚАМЫН, — деген екен.
Әрі қарай

Домбыра Тарту-4

Алдарыңызда кешегі өткен Домбыра кешінің суреттері мен видеолары.
Жалпы кеш әдеттегідей қызықты өтті. Кешті ОРТ Евразия телеканалы түсіріп бүгінгі жаңалықтарына шығарды. Бұйырса ертең 1tv.kz/kk сайтына видео нұсқасы шығып қалады.

Домбыра Думан
Астаналық керекші қауым.
Әрі қарай

Бүгін Футбол


Сонымен, футбол сүйер жанкүйерлер үшін тағы да бір той (кішігірім) басталды. Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындар басталады. Қазақстан құрамасы Ирландияны қабылдайды. Сөз жоқ, бізге қарағанда ирландиялықтардың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі көп, ойыншыларының да деңгейі жоғары. Бұл ойында бізді тең нәтиже де қанағаттандырары даусыз. Ал егер алда-жалда ұтып кетіп жатсақ тіпті жақсы. Бірақ, реалистік көзқараспен қарасақ, бұлай болуы қиындау. Менің ойымша 2:0 немесе 3:1 есебімен Ирландия ұтады.Your text to link...
Әрі қарай

«Электр энергиясын үнемдегіш Қазақстан»

«Қуат көзін үнемдегіш Қазақстан» Оқушыларға осы тақырыпта сурет салуға байқау жарияланды. Ең ұтымды шыққан суреті Астана көшелеріндегі билбордқа ілінбек. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осындай уәде беріп отыр. Ол олма жеңімпаз деп танылған оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. (планшетті компьютер Ipad 2 және 3 және дипломдар)
Суреттерді қабылдау 1 қыркүйектен 22 қазанға дейін жалғасады. Ал жеңімпаздар 12 қазан күні, яғни Халықаралық жылуды үнемдеу күні анықталмақ.

www.kazee.kz/news/startuet-respublikanskiy-konkurs-risunkov-na-temu-/
Әрі қарай

Домбыра-тарту. Махаббат әндері

Кеше 30-тамыз, мереке күні дәстүрлі домбыра пати болып өтті. Өте жоғары деңгейде (Тіпті біз күткендегіден де) болған шараға тек Керекшілер ғана емес, көрермендер арасынан да өнерпаздар шығып, өз өнерлерімен бөлісті. Тақырыбы: Махаббат әндеріне арналған патиге шамамен бір уақытта жүз қаралы адам жиналды. Ары өтіп, бері өтіп көріп кетіп жатқандарда есеп жоқ. Келесі думандарды да белгілі бір тақырыптарға арнаймыз деген жоспар бар. Ал әзірге, тамашалаңыздар!!!

Әрі қарай

Өлең жаздым, мінекей!

Өмір!
Өмір…
Өрекпідік өктем біз,
Кеуде қақтық…
Бірақ, көппен теп-теңбіз!
… Жеріткен соң Жердегі өткен Көктем, Күз,
Аспан аңсап, Аспан аңсап жеткенбіз!
Әрі қарай