Астананың ең экстремал кафелері
Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.
Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.
Шымкент дәмханасы.
Шанхай базарында орналасқан осы бір дәмханаға түрлі конфессия, тіл, діл, диалект өкілдерінің жиналуының өзі төбелес фестивалінің басталуының жаршысы болып тұрғандай. Әлбетте қатысушылардың көпшілігі оңтүстіктіктер болғандықтан арзан тамақпен бірге таяқ та жеп қайту үшін даяшы қыздарға сөз айту, есіктің қасындағы үстелде отырған 4 жігітке жаман қарау, қатты тарқылдап күлу жеткілікті.
Мария кафесі.
Жастар ықшамауданының ең танымал кафесі. Жалпы бұл кафе ықшамауданның бұрынғы криминалды репутациясын мұрагер ретінде әлі тасып жүрген көнекөздердің бірі. Жергілікті авторитеттердің қаһарын сезінгіңіз келсе, шестеркаларынан таяқ жегіңіз келсе Марияға міндетті түрде барыңыз. Қосымша ретінде ОМОН-нан да өз үлесіңізді алып шығасыз. (Маски-шоу жиі келіп тұрады, өзім 2 рет көрдім)
Ұмытып барамын, бұл мекен орыстілді. Егер қазақтілді атмосферадан жалыққан болсаңыз сіз үшін таптырмайтын орыстліді экстрим тек осы жерде. Ең құрығанда тіл мәселесі арқылы мәселе шығара аласыз.
Зарина кафесі.
Астрахань трассасындағы экстрим ағымын қаласа да қаламаса да ұстанатын жерлердің бірі. Шымкенттік болсаңыз да болмасаңыз да таяқ жеп шығуыңыз гарантия. Қайтарда таксиге де ақшаңыз қалмайды, телефоныңыз да сонда қалады. Сондықтан жаяу қайтуға мәжбүрсіз. Қыста барсаңыз міндетті түрде гамаж киіп барыңыз шалбарыңыздың ішінен. Біз ескерттік ал!
Қызылжар кафесі.
Абай мен Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан нағыз экстрим орталығы дер едім. Нашар арақ, жылы сыра, біртүрлі тіскебасар, әлбетте онша емес шашлық (кафенің атын қараңыз да ойлана беріңіз, қандай шашлық епты, тек арақ ішу болмаса?), орыстілді қазақ даяшы қыздар, жарығы аз, қараңғылау бөлме, құсық дәретхана, іші жылы болса да қара күртемен отыратын жігіттер, күртесін шешсе де баскиіммен отыратын жігіттер, әлі күйеуге шықпаған 77-78 жыл шамасындағы қыздар, жеке мәселелерін арақпен шешуге келген жұптар, сенен бір әлсіздік күтіп сен жаққа қарай беретін өз денсаулығына сенімді жігіттер… Толық экстрим бақыты үшін басқа не керек?
Бұл зерттеуге 9 ай уақытым кетті. Астанада мен көрмеген жерлер әлі де бар әлбетте. Тізімді кеңейтем десеңіздер қуанамын
бүгін бильярд ойнаймыз Керектің жігіттері. келе аласың ба?
уақыты: 19:00-22:00
картада: www.kupikupon.kz/deal/billiards_0311_50384/map
Бильярдқа келем деген Керектік жігіттерге есік ашық! келіңдер, танысайық, тас соғыстырайық!
Астана жалпы тәртіпті қала сияқты көрінді, неге екенін.
Жазбадағыдай контингент табылатын жерден табылуымыз екіталай
Астанада Шоколад сияқты фейсконтролы мықты лоундж-бар, клубтарда мал болып кету ықтималдығың көбірек дейді ғой.
Базардың атмосферасы сонда қалып қойғаны соншалық, жаңа «Кирпичный» жақа базар ауысса да, ескі базардың территориясымен өткенде, аура кәдімгідей сезледі.
«Кирпичный» демекші, менің балалық шағым сол ықшам ауданда өткен, 5 сыныпқа дейін. Несі бар. Орыс ұлты көптеп орналасқан, «орталығындағы» кафелерде күндіз тыныш, түнде "қырғын" шу. Қазір ол күндер келмеске кетті.
Утопияға қайта оралайық. Өзім ол кафеге кіріп көрмегенмін. Бірақ, үнемі түндегі бір уақытта балаларға барып, артынша «таксилетуге» екі күннің бірінде сол жерден өтетінмін, үнемі мигалка қосқан «02 уазик» пен, топ топ жігіттер. Сол «базар» заманында солай еді, қазір де солай сияқты.
— Білә быртишке, просты сенің достойны отыратыныңа тупо сене алмайм да, мұнда ең аз шот 50 мыңға шығад. Адам басына ше.
— Онда қойыма трассада тұр?
— А ол сені ниебед ше, быртишка. Қымбат ресторан дейм, төлей алмайсың, шын айтам.
Ахраннигтері малмен малша, адаммен адамша сөйлесе алатын жалғыз ғақылия ресторан.
besmart.kz/