Астаналықтар шұғыл жағдайда қайда хабарласулары керек? | Ikomek



Астана қаласы Əкiмдiгiнiң қолдауымен «Астана Аспаны» сұқбаттық жанрда түсiрiлетiн жоба əлеуметтiк желiлерде жарық кɵрдi. Бағдарламамыздың басты мақсаты — Елорданың ɵсiп — ɵркендеуiне ɵз ықпалын тигiзген жандардың еңбек жолы мен ɵмiрлiк ұстанымдары туралы баяндау. Хабарымыздың кезектi кейiпкерi — «I komek » қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дубирова. «Ikomek» орталығы Елорданың шаруашылық жұмыстары мен қауіпсіздік шараларын бақылауға алып, тұрғындардың сұраныстарын «109» call-байланыс нөмері арқылы қабылдайды. «Астана су арнасы», «LRT» қоғамдық көлігі, «Жедел жәрдем» станциялары және қаладағы төтенше жағдайлар мен көшелерде орнатылған бейнебақылаулардың жұмыстары туралы баяндайды.

Қаланы қардан тазарту жұмыстары iKomek қызметінің бақылауында

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бейне-бақылау жүйесі арқылы қардың жиналуын, көше бойындағы, үйлер мен ғимараттардың шатырына қатқан мұзды бақылап отырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты


iKomek орталығында мәлімдегендей, өткен жылы қар мен мұзды санитарлық тазалау жұмыстары аудан әкімдіктері мен қаланың ПИК-теріне жүктелген болатын.


Биыл да тазалау жұмыстарына ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.


«Сервисті әлдеқайда сапалы ұсыну үшін біз қала тұрғындарын қырағы болып, қатқан мұз сүңгілерін, сеңдерін байқасаңыздар, суретке/видеоға түсіріп алуға шақырамыз. Фото/бейнематериалдарды Сіздер iKomek орталығына келесі жолдармен жібере аласыздар», — делінген хабарламада.


iKomek қызметіне келесі тәсілдер бойынша хабарласуға болады:


Telegram чат-боты арқылы: t.me/astanaikomek109_bot;


әкімдік сайтында astana.gov.kz;


әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда #astana109 хештегін белгілеңіздер:


Facebook www.facebook.com/astana109/


Instagram www.instagram.com/astana109/


Telegram-арна https://t.me/astana109112

Астанада қалалық даму акселераторы құрылатын болады

Елорда әкімдігі жанынан құрылатын қызметтің жаңа түрі қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы аясында көрсетіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық даму акселераторы  қала дамуының негізгі мәселелері бойынша қысқа мерзім ішінде – 100 күнде жұмыс тетіктерін жасап шығарып, оларды сынау үшін әкімдіктің басты қызметкерлерін, сырттан сарапшыларды, белсенді азаматтарды тарта отырып, әкімнің орынбасарлары мен әкім жетекшілік ететін штаб құруды көздейді. Қалалық даму акселераторының міндетіне қаланың жүйелі түйткілдерін шешумен қатар, дамудың стратегиялық көрсеткіштеріне (KPIs) қол жеткізу де жатады.


Әрбір штабта сарапшылардан, атап айтқанда әкімдік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен, белсенді тұрғындардан, ғалымдардан, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалардан тұратын жұмыс тобы жұмыс істейді. Жұмыс тобы жобаны идеядан бастап, түбегейлі іске асырылғанша жоспарланған нәтижеге қол жеткізілгенше жетелейтін болады.


Мұндай даму акселераторлары Дубайда (БАӘ) мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайды.


Қалалық даму акселераторын құру қысқа уақыт ішінде тиімді шешімдер әзірлеуге, жылдам нәтижелерге қол жеткізуге, сонымен қатар халықты қалалық түйткілдерді шешуге жұмылдыруға көмектеседі.


Жүйелі түйткілдерге мониторинг жасау құралдарының бірі – нақты уақыт тәртібіндегі қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі. Әрбір түйткілге қоса түйткілдің сипаттамасы, себебі және қаланың жүйелі түйткілдерінің пайда болуын азайтуға ұсынылатын шешімдер көрсетілген талдамалық анықтама беріледі. Бұл панель қалалық даму акселераторы зерттейтін қаланың жүйелі түйткілдері туралы дереккөздердің бірі болып табылады. Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісі елорда тұрғындарының барлық өтініштері базасының BIG DATA арқылы қалыптасады. Талдамалық үлгіге өтініштер мен жағдаяттардың қайталуы, өтініштегі мәселенің резонанстығы мен күрделілігі сияқты өлшемшарттар негіз болады. Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі елордадағы түйткілді мәселелердің  жағдайын көрсетіп, автоматты түрде жаңарады.


Әрбір тұрғын жүйелі түйткілдер шешімін бастама етіп көтеріп, iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жүгініп, елорданы жақсарта алады:


  • Telegram чат-ботына хабарлама жіберіңіздер: https://t.me/astanaikomek109_bot
  • Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды #astana109 хештегін белгілеңіздер
  • Елордалық әкімдік сайтындағы astana.gov.kz жеке кабинетте өтініш қалдырыңыздар
  • 109 нөміріне тегін қоңырау шалыңыздар
    Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды!

Қала түйткілдерінің рейтингісі – елорданы жүйелі жақсарту және дамыту негізі

Бүгін Астана әкімдігінде қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеген 11 айда тұрғындардан келіп түскен өтінімдердің негізінде құрылған «Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингі» жобасының нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


iKomek орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қаланың жүйелі түйткілдерінің панелі елорда тұрғындарының барлық өтінімдерінің базасы болып табылатын BIG DATA-ның көмегімен құрылады.


Талдамалық үлгіге өтініштер мен жағдаяттар қайталуының, өтініштегі мәселенің резонанстығы мен күрделілігінің өлшемшарттары негіз болады. Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі елордадағы түйткілді мәселелердің актуалды жағдайын көрсетіп, автоматты түрде жаңарады.


iKomek бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың қаңтарында құрылып, коммуналдық қызметтер мен қалалық басқармалардың барлық байланыс орталықтарын 1-0-9 қысқа нөміріне біріктірді. Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, елорда тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдау арқылы аталмыш сервисті белсенді түрде пайдалануда.


Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі Қалалық даму акселераторы зерттейтін қаланың жүйелі түйткілдері туралы дереккөздердің бірі болып табылады.


Әкімдік аясында құрылған Астана қаласының Қалалық даму акселераторы – бұл түрлі саладағы қаланың жүйелі түйткілдерін шешуге, сонымен қатар қысқа уақыт ішінде (100 күнге дейін) қала дамуының стратегиялық KPIs-ке қол жеткізуге арналған бірнеше аклерациялық штабтар. Қалалық даму акселераторы әдіснамасы мәселелерді қысқа мерзім ішінде (100 күн) және минималды бюджетпен немесе тіпті онсыз шешудің үздік тәжірибесі негізінде қалыптасты.


Әрбір штаб – сарапшылардан (әкімдік, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар) тұратын жұмыс тобы. Жұмыс тобы жобаны идеядан бастап, түбегейлі іске асырылғанша және жоспарланған әсерге қол жеткізілгенше жетелейтін болады.


Әрбір тұрғын жүйелі түйткілдер шешімін бастама етіп көтеріп, iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жүгініп, елорданы жақсарта алады:


 


 


  • Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеңіздер

 


  • Елордалық әкімдік сайтындағы www.astana.gov.kz жеке кабинетте өтініш қалдырыңыздар

 


  • 109 нөміріне тегін қоңырау шалыңыздар

 


Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды!

Жыл басынан iKomek қызметіне 700 мың өтініш келіп түскен

Жыл басынан орталыққа қала тұрғындарынан 703 мыңнан астам өтінім келіп түскен, олардың  99,7 % атқарылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тұрғындар тарапынан түсетін өтінімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 300 мыңға артқан. Мұнымен қоса, қоңырау кезінде шешілетін өтінімдер саны да көбейген.


«2017 жылы 400 мыңға жуық өтініш қаралса, биыл олардың саны 703 мыңнан асты. Олардың 99,7 % атқарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудандар, әкімдік аппараты мен басқармалар кеңселеріне келіп түсетін ресми өтініштер саны 20 %-ға төмендегені байқалады.


iKomek орталығының қызметтер каталогында 1050-ден астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады.


Бүгінгі таңда тұрғындар өтініштерінің 77 % бірінші қоңыраудан-ақ жабылады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті  85 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.


Орталықта белгілі болғандай, су астында қалуына, жолдар/жаяу жолдар жабынының зақымдалуына, лифт жұмысының қалпына келтірілуіне, құдық қақпақтарының ашық қалуына, қаңғыбас иттерді аулауға қатысты сұрақтар тұрғындар тарапынан жиі түседі.


iKomek бірыңғай байланыс орталығы барлық қалалық тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беріп, тұрғындардың өтініштерін қабылдайды, өтініштерді өңдеу мен орын алған оқиғаны, апатты шешу жұмыстарын, коммуналдық және шұғыл қызметтер жұмысын бақылап, үйлестіреді. Сонымен қатар, қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы жағдайды «дәл осы жерде және қазір» тәртібінде бақылайды.


Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі беріледі де, Астана қаласы тұрғындары өтініштерінің тізіліміне енгізіледі, ары қарай белгіленген мерзімде атқару үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады.


«iKomek» орталығының операторлары тұрғындардан өтініштерді барлық байланыс арналары арқылы қабылдайды:


  1. Әлеуметтік желілердегі хештег #astana109

Facebook www.facebook.com/astana109


Instagram www.instagram.com/astana109


Telegram-арна t.me/astana109112


  1. Қалалық әкімдік сайты www.astana.gov.kz
  2. Чат-бот Telegram: t.me/astanaikomek109_bot
  3. Қалалық және мобильді телефондардан 109 тегін нөмірі

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары үшін 24/7 тәртібінде жұмыс істейтін әмбебап көмекші – Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда қаласы әкімдігін трансформациялаудың бірінші кезеңі аясында 2017 жылдың 29 желтоқсанында құрылған болатын.


«Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді

Астана жаңалықтары: «Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді
Елорда тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша тұрғындар үшін бірыңғай қысқа нөмір ұйымдастыру аясында, сонымен қатар «Астана-LRT» call-орталығы мәселесін шешу үшін біз компанияның call-орталығын Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығына берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, біріктіру барысында қоғамдық көліктің барлық мәселелеріне қатысты iKomek байланыс орталығының операторлары оқытудан өтті.

Айта кететін жайт, iKomek орталығына қоңырау шалу (109) барлық ұялы операторлар мен қалалық телефондар үшін тегін!

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы 365/24/7 тәртібінде жұмыс жасайды.

Бұдан былай қоғамдық көлікке қатысты өтініштерді Сіздер келесі байланыс құралдары арқылы бере аласыздар:

109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Telegram (https://t.me/astanaikomek109_bot) және Facebook (http://m.me/astana109) чат-боттарына хабарлама жіберу.

Әлеуметтік желілерде жарияланымдарда #astana109 хэштегін белгілеңіз:

• Facebook www.facebook.com/astana109/

• Instagram www.instagram.com/astana109/

• Telegram-арна t.me/astana109112

Елорда тұрғындарымен кері байланыстың арқасында біз қалалық сервистер жұмысын жақсартамыз. Қаламызды жайлы әрі қауіпсіз етейік.
Әрі қарай