Арманда кеткен әнші аға — Әлімхан Оспанов

Үмітті кеткен сөндіріп,
Арманым, саған не дейін?!
Сен жайлы тынбай мәңгілік,
Ән шырқар бұлбұл көмейім!

Біздің үйге қонаққа келетін болсаңыз, Шиелі ауданының темір жол станциясынан түсе салысымен, кез келген таксиге отырып, "Әлімхан Оспанов көшесі" десеңіз болғаны, араға он минут салмай жеткізіп тастайды. Кеңес Одағы ыдырағалы, әртүрлі бейтаныс кісілердің атымен аталған көшемізге 2010 жылы 15 мамырда ғана осы тұлғаның аты берілді.
Әрі қарай

Келін


-Аға-шка, вы ұрыса бересіз, я поняла, -деп бір қабағын түйіп алып, бірден жайдарлы жүзімен:
-Вы не переживайте, все будет хорошо. На этом свете аташка, апашка, вы -аға для меня самые близкие люди, -деп көңілді алдап қоятын.
Әрі қарай

Ұқсастық (двойниктер)

Ғаламторды ақтарып отырып небір қызықты оқиғалар мен жүрек шайлытар жазбалар мен суреттерді көруге болады.
Әпкем бір сурет жіберіпті поштама.Суретке қарап тұрып өзімнің қарындасымды көрдім. Бірақ, бұл оның «двойнигі». Өздеріңіз салыстыра отырыңыздар. Өкінішке орай менде қарындасымның той көйлегімен түскен суреті жоқ екен.
Ал, сіздер өздеріңізге немесе жақындарыңызға 100 болмаса да 90 пайыз ұқсайтын жандарды білесіздер ме?
Әрі қарай

Менің кішкентай ханшайымым! (Фотобаян)

Өмір деген бір ғанибет қой!
Әйтпесе, мен жиырмаға келгенде әке-шешем шабыттанып кетіп қарындасты боламын деген ой он ұйықтасам да түсіме кірмепті. Туылғанда ары іздеп бері іздеп жүріп, Жасмин деген ат қойғанбыз. Шынында да Жасмин десе Жасмин. Иісіне басың айналады ғой приәм
Әрі қарай