Қазақстан азаматымен бір күн: Аршат Оразов (ВИДЕО)

  • KazNET


«Қазақстан азаматымен бір күн» айдарының қонағы белгілі IT маман, «КерекИнфо» блогтұғырнамасының әкімшісі Аршат Оразов.

Ол Қазақстандағы IT саласының жай-күйі, қазақ блогосферасы мен қазақ блогшылары және ҚазНеттің сапасы жайында айтып, алдағы 5 жылдықта ҚазНетті күтіп тұрған өзгерістер жайында әңгімелейді.
Әрі қарай

"Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013" форумы төртінші рет өтеді

  • kazjur
Қадірлі достар, сіздерге Алматы қаласындағы «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» форумы өтетіндігін хабарлаймыз.
Интернет-форум Алматы қаласында 2013 жылдың 23-24 мамырында «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы) өтеді.

Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Егер сіз форумға қатысқыңыз немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры — Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты — Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы — Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Сонымен қатар, «Айтабер» сайтының админі Садық Шерімбек, «AppleSinn» техникалық көмек көрсету және бағдарламалармен қамтамасыз ету орталығының Бас директоры-Нұрлан Құлымбетов және тағы да басқа танымал қазақ блогерлері баяндама оқитын болады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад
Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға (vassilina.vorkova@gmail.com) және Дінмұхаммед Зиядинге (aliziyadin@gmail.com) сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарына хабарласыңыз.
Достар! Барлығыңызды форумда көремін деген үміттемін! Кездескенше
Әрі қарай

Аутсайдердің түйгендері #bckz13

«Барған да, бармаған да арманда» деп осындайда айтылса керек. Қалың ел [блоггер атты] жыл сайынғы дәстүрлі құрылтайына барып келді. Бара жатқанда, препатиде, патидің өзінде, автепатиде әр түрлі суреттерін жариялап қанды да ішті, тұзды да жалатты. Иә, сырт көзге қарағанда алдыңғы екі жиынға қарағанда, осы жиын тамаша өткен секілді. Кәдімгідей ел боп қалыппыз, кәдімгідей мықты ұйымдастырылған. Санамаламай-ақ қояйын, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген барлық қыз-жігіттерге ақ алғыс.
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

"Өркениет" бағдарламасынан соң түйген ой

«Мәдениет» телеарнасындағы "Өркениет" бағдарламасы қазақ елінің мәдениеті мен руханияты тақырыбында «Күлтөбеде күнде жиын» дегендей жақсы басқосулар өткізіп, келген қонақтар (сарапшылар, мамандар) мәселелерді талқылайды, әр саланың бүгіні мен өткенін сөз етіп, болашағы туралы ойланады. Осы жағынан маған ұнады. Бірақ бір өкініштісі: қазіргі жағдайымыздың өркениеттен алыста екендігімізде. Бұған бағдарламаның кінәсі жоқ екенін білемін.
Әрі қарай

Ей, маңғаздар, ұсынысым бар!

Маңғаз деген не? деп отырсыз ба? Маңғаз деген ИшАК-тың тілінде тұлға деген мағынаны беретін сөз. Сөз құрып қалғандай, солай жазыпты.

Сайттың админі әрі маңғаз Аршат Оразов айтқан қазақтілді Интернеттің жеке сыйлығын ұйымдастыруға қатысты бірнеше ұсынысым бар еді. Олар:

1) Сыйлықтың/бәйгенің ұсақ-түйегіне дейін сипаттамасы жасалса (ережесі, мерзімі, сыйлық түрі);

2) Әсіре оптимизм мен фантастикадан алшақ болса (былтырғы «Бәйге» сияқты быт-шыт болып кетпеуі үшін);
Әрі қарай