"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:
«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»
Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Бұл Тәжиннің сөздері. Ал енді 2012 жылы қабылданған «Ақпараттық Қазақстан — 2020» Мемлекеттік бағдарламасының интернетке қатысты бөліктеріне қысқаша шолу жасайық:
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары (интернетке қатысты тұстары)
— мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне енуін қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу.
— халық арасында неғұрлым кең таралған ақпарат құралдарында жұмыс істеуге бейімделген мемлекеттік БАҚ-тың мобильдік нұсқаларын әзірлеу мәселесін қарастыру.
— дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет жүйесіне шығуына жағдай жасау.
— Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын елдер мен өңірлерде республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер қосынының географиясын кеңейту,
— мамандандырылған интернет-редакцияларды бөлу мақсатында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының штаттық кестесі мен құрылымын қайта қарау.
— мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы мен қол жетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен телевизорлардың (Интернетке шығуы), автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуының тұжырымдамасын қайта қарау.
Дайын медиа-өнімдерді ілгерлету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады:
— бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті практика болмақ.
— жаңа материалдар туралы хабарландырулар әлеуметтік желілер, тақырыптық қызығушылықтары бойынша электронды пошталар, мобильдік телефондар арқылы жедел жаңалықтар мен маңызды жарияланымдар туралы хабарландырулар жолдау сияқты әдістер қолданатын болады.
— қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет жүйесінде белсенді түрде алға жылжымақ.
— Жарияланымдарға маңыздылықты арттыру БАҚ нұсқаларын мобильдік байланыс құралдарына қолжетімді етеді. Тұтастай алғанда, барлық негізгі бұқаралық ақпарат құралдары Интернетке көшіріліп, Интернет масс-медиа үшін бірегей тұғырнамаға айналатын болады.
Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жаңа мамандарды оқыту бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
— жергілікті еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг, талдау және болжау жүргізу жоғары оқу орындары мен еліміздегі жетекші бұқаралық коммуникациялық құралдарының бірлесіп жоспарлауының міндетті элементі болады;
— жоғары оқу орындарының медиа саладағы мамандарды оқыту бойынша бағдарламалары қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады. Оларды көкейкесті етуіне бұқаралық ақпарат құралдары саласының жетекші мамандары тартылады.
— еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының негізінде инженер-техникалық кадрлер, медиалық интернет-техологиялар және баспасөз ісі саласының мамандарынан басқа, тарбейінді мамандарды даярлау ұйымдастырылады.
4.2 Отандық ақпараттық контентті өндіруді ынталандыру
Нысаналы индикаторлар:
Қол жеткізу жолдары
— қолда бар ақпаратты ресми сайттарға орналастыруға мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану.
— қазақ тілі синтездеу және тану, автоматтық аудару жүйесін, онтологиясын, электрондық тезарустарды құру арқылы отандық компьютерлік лингвистика жөнінде жұмысты белсенді жүргізу.
— мемлекеттік телевизиялық студияларды жекеменшік контент әзірлеушілерге беру.
— әлеуеттеріне жасалған талдау нәтижелерінің мәліметтері негізінде іріктелген продакшн-студияларға қолдау көрсету, әлеуметтік жобаларды іске асыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
— телефон және интернеттегі –«жылдам желі» көмегі арқылы құқыққа қарсы контенттерді таратуға қарсы тұрудағы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын ұйымдық, қаржылық қолдау.
Білікті мамандардың, әсіресе Интернет-контент әзірлеу саласында жетіспеушілігін шешу үшін мына шаралар жүзеге асырылатын болады:
— Оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-әзірлеушілер арасында конкурстар өткізу жөніндегі қоғамдық бастамаларды ақпараттық қолдау көрсету,
— Азаматтық журналистика өкілдеріне баспа басылымдарының интернет нұсқаларында, телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялауға кең мүмкіндік туады.
Тәжиннің сөздерімен және мемлекеттік бағдарламамен қысқаша таныс болдық. Қысқаша айтқанда Үкімет ақпараттық болашақтың қазіргі дәстүрлі БАҚ емес интернет арқылы жақсы тарайтындығына сенеді. Бұны жүзеге асыру үшін қазір интернеттегі белсенді топ, тұлғалардың көмектеріне зәру. Рейтингі ноль мемлекеттік тапсырыс орындаушы БАҚ-тарға қаржы құртқанша ол ақпаратты интернет арқылы тез және сапалы таратуды ойлайды. БАҚ саласындағы қызметкерлерді де интернетке бейімдеп, кәсіби біліктіліктерін арттыруды қалайды.
Блогшылар және интернет саласында қызмет етушілер үшін үлкен мүмкіндік туып тұр. Бұл үлкен рестайлингті бастаушы, құрушылар осы саладағы тұлғалар болмақ. Бұрынғы энтузиастар енді білікті мамандар ретінде қызмет етпек. Тек қана мемлекеттік ақпаратты тарату жұмыстары ғана емес, сапалы контентті дайындау, біліктілікті арттыру үшін арнайы семинар, тренингтер беру, кадрлар дайындау, сараптамалар жасау, рейтингтер белгілеу де интернетшілердің құзырында болмақ.

«Бiзде мемлекеттік тапсырыс аясында кейбiр арналарда нөлдiк рейтингіге ие бағдарламалар көрсетiлiп жатады. БАҚ-тың рейтингi ашық түрде жүргiзiлетiндiктен, аталған мәселе барлығына белгiлi. Мұнда, пiкiрталас туындауы мүмкiн, дегенмен бұл ақпараттық ортада қалыптасқан жағдайды көрсететiн құрал екенi белгiлi. Мемлекеттік арналарда нөлдiк рейтингке ие бағдарламалардың болуы салық төлеушiлердiң қаржысын бей-берекет жұмсау деп есептеймiн»
«Бiздiң БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгін арттыру және бұл бағытта нақты қадамдар жасау мiндетiн алдымызға қойып отырмыз. Құр насихаттап, ұрандағаннан ештеңе шешiлмейдi. Мемлекеттiк медианы нарықтық индустрияның бiр бөлiгі ретiнде қабылдап, экономикалық тиiмдiлiк түсiнiгiн басшылыққа алу қажет. Бұл бәсекеге қабiлеттiлікті арттырудағы негiзгi мәселе болып табылады»
Әлемдегi кез келген мемлекеттiк медианың саяси көзқарасы тұрғысынан насихаттау жұмысының қызметi мен тиiмдiлiгі бойынша мiндеттерi мен қажеттiлiгi бар. Бүгiнгi күнi медиа-нарық шарттарында ескi әдiспен жұмыс iстеуге жол берiлмеуi керек»
«Біздің алдымызда интернетті заманауи ұлттық контентпен толықтыру және соның есебінен digital жүйесінде мықты позицияны қамтамасыз ету міндеті тұр. «Бірінші кезекте шешілуі қажет басты мәселе – қазақстандық «kz» домендік аймағындағы контент сапасы мен санын күрт арттыру. Интернеттегі жобаларды, сайттар, порталдарды дамыту қажет. Әлеуметтік желілер мен блог саласына ерекше назар аудару қажет»
«Газет, радио мен телевизия алдында интернеттегі өз контентін сапалы түрде арттыру, қызықты сайттарды, әсіресе, қазақ тіліндегі сайттарды құру міндеттері тұр. Соңғы айтылған міндет өте маңызды болып табылады. Қазақ тілді сегментті қолдау бойынша мақсатты түрдегі жұмысты жолға қою және интернеттегі сайттардың иелерін біріктіретін барлық қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс жасау қажет»
«Комментарийлер, талдаулардың, журналистік зерттеулердің орнына уралап насихаттық материал жазу оңай, бірақ оны ешкім де оқымайды. Жетеді, бұндай практиканы тоқтату керек. Мен өткен аптада біздің бірнеше мемлекеттік мерзімді баспасөзге сараптама жасап шықтым. Ондағы жүз жеті материалдың жүз төрті насихаттық материал. Бұны толық жауапкершілікпен, тоқтату керек деп айтамын. Мемлекеттік БАҚ насихаттық функцияны орындау керек, бұл сөзсіз орындалуы тиіс талап, алайда нақты жұмысты уралап насихаттаумен алмастыруды қою керек. Әйтпесе жұртшылық тарапынан ешқандай да сенім индексі болмайды, бұндай БАҚ-ты ешкім де оқымайды»
Бұл Тәжиннің сөздері. Ал енді 2012 жылы қабылданған «Ақпараттық Қазақстан — 2020» Мемлекеттік бағдарламасының интернетке қатысты бөліктеріне қысқаша шолу жасайық:
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
Нысаналы индикаторлар:
- 2017 жылға республиканың аумағын сандық телерадиотаратумен 100%-ға қамтамасыз ету;
- ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер санын 2017 жыл – 700 мың абонент, 2020 жыл – 1 миллион абонентке жеткізу;
- 2017 жылға бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 45-ке жеткізу.
- қазақстандық телевизиялық арналардың тарату географиясын 2017 жылға – 100 шет елге, 2020 жылға — 110 шет елге дейін кеңейту.
- баспа және электрондық БАҚ-тың Интернеттегі нұсқасының ұсынылуын 2017 жылға 70% -ға, 2020 жылға – 95%- ға жеткізу.
- мобильдік қосымшалар арқылы қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдары 2017 жылға – 50% -ға, 2020 жылға 80%- ға жеткізу;
- негізгі ақпараттық мұқтаждықтарын отандық БАҚ арқылы қанағаттандыратын тұрғындардың бөлігі (әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша) 2017 жылға — 64% -ға, 2020 жылға – 70%- ға жеткізу;
- мемлекеттік БАҚ-тармен тартылатын жарнама нарығының көлемін 2017 жылға — 35% -ға, 2020 жылға – 50%- ға арттыру (2012 жылға қатысты).
Қол жеткізу жолдары (интернетке қатысты тұстары)
— мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне енуін қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу.
— халық арасында неғұрлым кең таралған ақпарат құралдарында жұмыс істеуге бейімделген мемлекеттік БАҚ-тың мобильдік нұсқаларын әзірлеу мәселесін қарастыру.
— дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет жүйесіне шығуына жағдай жасау.
— Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын елдер мен өңірлерде республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер қосынының географиясын кеңейту,
— мамандандырылған интернет-редакцияларды бөлу мақсатында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының штаттық кестесі мен құрылымын қайта қарау.
— мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы мен қол жетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен телевизорлардың (Интернетке шығуы), автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуының тұжырымдамасын қайта қарау.
Дайын медиа-өнімдерді ілгерлету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады:
— бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті практика болмақ.
— жаңа материалдар туралы хабарландырулар әлеуметтік желілер, тақырыптық қызығушылықтары бойынша электронды пошталар, мобильдік телефондар арқылы жедел жаңалықтар мен маңызды жарияланымдар туралы хабарландырулар жолдау сияқты әдістер қолданатын болады.
— қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет жүйесінде белсенді түрде алға жылжымақ.
— Жарияланымдарға маңыздылықты арттыру БАҚ нұсқаларын мобильдік байланыс құралдарына қолжетімді етеді. Тұтастай алғанда, барлық негізгі бұқаралық ақпарат құралдары Интернетке көшіріліп, Интернет масс-медиа үшін бірегей тұғырнамаға айналатын болады.
Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жаңа мамандарды оқыту бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
— жергілікті еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг, талдау және болжау жүргізу жоғары оқу орындары мен еліміздегі жетекші бұқаралық коммуникациялық құралдарының бірлесіп жоспарлауының міндетті элементі болады;
— жоғары оқу орындарының медиа саладағы мамандарды оқыту бойынша бағдарламалары қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады. Оларды көкейкесті етуіне бұқаралық ақпарат құралдары саласының жетекші мамандары тартылады.
— еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының негізінде инженер-техникалық кадрлер, медиалық интернет-техологиялар және баспасөз ісі саласының мамандарынан басқа, тарбейінді мамандарды даярлау ұйымдастырылады.
4.2 Отандық ақпараттық контентті өндіруді ынталандыру
Нысаналы индикаторлар:
- отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі эфирлік уақыттан 2017 жылы — 53%, 2020 жылға — 60%;
- прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны 2017 жылы — 8%, 2020 жылы — 10%;
- интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арасалмағы- 2017 жылға 0,7:1-ге, 2020 жылға – 1:1-ге;
- «KZ», «ҚАЗ» домендеріндегі Интернет-сайттардың өсу саны 2017 жылға- 35%-ға, 2020 жылға — 50% — ға жеткізу;
- қосалқы қаржыландыру шартының негізінде жекеменшік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнімнің көлемі 2017 жылға-10 жобаға, 2020 жылға15-тен кем емес жобаға;
- қазақстандық сайттарға орташа кіруді арттыруды -2017 жылы — 40%-ға, 2020 жылы — 50% — ға жеткізу;
- қазақстандық блогжүйе көлемін – 2017 жылы 1 дербес Интернет-блогқа 100 интернет пайдаланушы, 2020 жылы 2 дербес Интернет-блогқа 100 интернет пайдаланушы;
- 2017 жылы –10, 2020 жылы — 20 отандық телесериал түсіру;
- мемлекеттік телеарналар контенті өндірісінің 2017 жылы — 50%, 2020 жылы — 60% аутсорсингке беру.
Қол жеткізу жолдары
— қолда бар ақпаратты ресми сайттарға орналастыруға мемлекеттік мекемелерді және ұйымдарды ынталандыруға нормативтік және әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану.
— қазақ тілі синтездеу және тану, автоматтық аудару жүйесін, онтологиясын, электрондық тезарустарды құру арқылы отандық компьютерлік лингвистика жөнінде жұмысты белсенді жүргізу.
— мемлекеттік телевизиялық студияларды жекеменшік контент әзірлеушілерге беру.
— әлеуеттеріне жасалған талдау нәтижелерінің мәліметтері негізінде іріктелген продакшн-студияларға қолдау көрсету, әлеуметтік жобаларды іске асыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру.
— телефон және интернеттегі –«жылдам желі» көмегі арқылы құқыққа қарсы контенттерді таратуға қарсы тұрудағы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың бастамасын ұйымдық, қаржылық қолдау.
Білікті мамандардың, әсіресе Интернет-контент әзірлеу саласында жетіспеушілігін шешу үшін мына шаралар жүзеге асырылатын болады:
— Оқушылар, студенттер, блогерлер және кәсіби контент-әзірлеушілер арасында конкурстар өткізу жөніндегі қоғамдық бастамаларды ақпараттық қолдау көрсету,
— Азаматтық журналистика өкілдеріне баспа басылымдарының интернет нұсқаларында, телеарналарда, жетекші ақпараттық-жаңалықтар ресурстарында жариялауға кең мүмкіндік туады.
Тәжиннің сөздерімен және мемлекеттік бағдарламамен қысқаша таныс болдық. Қысқаша айтқанда Үкімет ақпараттық болашақтың қазіргі дәстүрлі БАҚ емес интернет арқылы жақсы тарайтындығына сенеді. Бұны жүзеге асыру үшін қазір интернеттегі белсенді топ, тұлғалардың көмектеріне зәру. Рейтингі ноль мемлекеттік тапсырыс орындаушы БАҚ-тарға қаржы құртқанша ол ақпаратты интернет арқылы тез және сапалы таратуды ойлайды. БАҚ саласындағы қызметкерлерді де интернетке бейімдеп, кәсіби біліктіліктерін арттыруды қалайды.
Блогшылар және интернет саласында қызмет етушілер үшін үлкен мүмкіндік туып тұр. Бұл үлкен рестайлингті бастаушы, құрушылар осы саладағы тұлғалар болмақ. Бұрынғы энтузиастар енді білікті мамандар ретінде қызмет етпек. Тек қана мемлекеттік ақпаратты тарату жұмыстары ғана емес, сапалы контентті дайындау, біліктілікті арттыру үшін арнайы семинар, тренингтер беру, кадрлар дайындау, сараптамалар жасау, рейтингтер белгілеу де интернетшілердің құзырында болмақ.
жалпы БАҚ өкілі ретінде не ойлайсың осы тақырыпта?
Әсіресе, Хабар мен Егемен Қазақстандағы мусорлар азаяды деп күтемін )))
оқылатын газет қылыңдар деп қақсап жатыр ғой. көреміз алда қалай болатынын. тез арада болатын нәрсе емес бұл. жаңа жүйе, жаңаша ойлау, жаңа басшылық болмай ештеңе өзгермейді.
Десек те, телеарналар туралы айтқаны жөн әрине. Бірақ, Қазақстан таяу жылдары ақпаратты түгелдей дерлік Интернеттен алады дегенге күмәнмен қараймын өз басым. ТВ мен газет бәрібір бірінші орында болады. Мүмкін, бұл іс блогшыларды осы жұмыстарға тарту шығар. Болмаса, жай ғана «мемлекеттік саясатты» блогшылар көмегімен насихаттау шығар. кокерспаниелім білім пе © кім айтқаны есімде жоқ)))
Жалпы дим да, БАҚ-тың қай түрі болмасын билікке жеткісі келген адамның басты қаруларының бірі ғой. Мәселе, біздікілер өз қаруын қалай пайдаланып отыр, міне осыған тіреліп тұр. Тәжин түсініп отыр ғой, құйылған ақшаның есесі қайтпай жатқанын. Арналардың тым үкіметшілдігінің өзі үкіметке деген лоқсық сезімін тудырады. Назар аударыңыз мен "Үкімет жаман" дегенім жоқ. Қайта тым жақсы көрсетеміз деген арналардың арқасында жаман болып отыр. Меніңше, Тәжин мырза БАҚ-қа шектеулі демократия тәртібін ұсынбақ. Орыстар «В пределах разумного» демей ме, сол сияқты. Айтуға болады, шымшып та алуға болады. Ресейдің Первый каналының стилінде.