Қыздарға сыйлық және кішкене есеп

Өткенде 2012 қазақ сайттарының жылы болады деп жазған едім. Осы жыл енді басталса да осы сөздерім жәйлап шындыққа айналып келе жатыр. Биыл бірнеше сайттың ашылуына, жаңартылуына себепкер болыппын. Бүгін туған күнімде шағын есеп беріп көріп, жасалған сайттармен таныстырып шығайын:

Қыздарға сыйлық дегенім мына сайт: Айқаракөз

aikarakoz.kz
Бұл сайттың авторы Эльвира Ерғалиқызы деген қарындасымыз. Сайттың дизайны және функционалы жаңартылды. Логосын біздің Daniar-Alan істеді. Эльвираға бұрынғы Арулар сайтының да контентін бердім.
Әрі қарай

2012 қазақ сайттарының жылы болады

  • KazNET
Биылғы жылға болжамым осындай. Биыл қазақша сайттар көбейеді.



Біріншіден, елімізде интернет қолданушы саны көбейді. Төмендетілген тарифтер, GSM операторларының USB модемдері қолданушы санының тез өсуіне әсер етті. Қолданушы көбейген сайын сұраныс та артуда.

Екіншіден, сайттың да бір БАҚ сияқты құрал екенін адамдардың түсінуі. Сайт арқылы да ақпараттық соғыс жасауға болатынын және сайттағы пікірлер арқылы да жағымды / жағымсыз атмосфера қалыптастыруға болатынын Үкімет те басқа ұйым, топтар да түсініп отыр.
Әрі қарай