Бұл қай керекші? #7 (Эстафета)
МамаЯ-ның өйтіп-бүйтіп жүріп жеңіп алған эстафетасын оп-оңай ап алған соң кезекті құпия керекшіні жасыруым қажет болды. Кімді таңдайтынымды алғаш тапқан кезімнен-ақ білдім, ол кісі де қарсы болмады. Сонымен, адамды баурап-жадыратар МамаЯ-ның супер-пупер постынан кейін менің іш пыстырарлық сұрақтарыма ерінбей жауап қатқан қай керекші екенін тауып көріңіздер.