Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орны

Бұрынғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай, Қазакстандағы жоғары оқу орындарының ішінде, кемінде бір оқу орнын әлемдік деңгейге шығару, сол кездегі және де қазіргі таңдағы мақсатымыз. Біз осы мақсатқа жету барысындамыз, себебі 2017 жылы британдық QS агенттігінің нұсқасы бойынша екі отандық жоғары оқу орны топ-400 ең табысты университеттер қатарына енді.
Биылғы 2019 жылы Қазақстан бойынша көпбейінді жоғары оқу орындары қатарында үздік болып, бірінші орында тұрған — Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. 1934 жылы негізін қалаған. 40 000 студенті білім алуда. Алматы қаласында орналасқан. Көпбейінді ҚазҰУ оқу әдістемесіне бакалавриат, магистратура және докторантура кіреді. 180-нен астам мамандар түрін оқытады.
Қазіргі таңда ҚазҰУ да 5 институт, 7 ғылыми зерттеу институты, колледж, 1 ғылыми-технологиялық парк, 16 факультет, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, Ғылыми инфрақұрылымда 11 орталық, 7 департамент жұмыс істеуде. Мамандырылған диссертациялық кеңес, докторлық диссертацияны қорғаудан 67 мамандық, осы бойынша университетте 20 мың студент, магистрлар және докторлар білім алуда.
QS World University Rankings қорытынды зерттеу рейтингісі бойынша ҚазҰУ 2019 оқу жылында әлемнің 1000 үздік университеттерінің арасынан 220-сыншы орын алды. QS University Rankings рейтингісі бойынша Еуропа және Орталық Азияның дамып келе жатқан елдерінің арасында 300-діктің ішінде 19-ыншы орын алды. Екі рейтинг бойынша да ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішінде ең жоғары деңгейге.

ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өңірдегі медиасауаттылық жүйесін дамытуға арналды

Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.
Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.
Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы — ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.
Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.
Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.
Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.
Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», — деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.
Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.
Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», — деген кеңестер айтты.
Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.
Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.
Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», — деген пікірмен аяқтады.
А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.
Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.
Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
филология ғылымдарының докторы
Назгүл Шыңғысова
Әрі қарай

Мен қалай диплом алдым?!

Студенттік өмір. Ауызымыз ашылған күндер. Бітпейтін лекция. Қорқытатын мұғалімдер. Ия, студенттік өмірдің 1 курсын осылай өзімше сипаттар едім. курс бітпестей көрінетін, сессия біткенше асығатынбыз. Енді керісінше сияқты, бітпесе дейсін, бірақ амал қанша.
Әрі қарай

Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз



1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.
Әрі қарай

Антилопа*


Бұл антилопаны (қазақшасын білмейді екенмін, сөге жамандамаңыз) қайдан көргенімді айтайын ба? Университет ауласында, кітапхана қасынан.
Әрі қарай

Қай универде оқыған жақсы? (физика пәнімен, техникалық мамандық)

Барша Керекинфо тұрғындарына сәлем! 3 күннен кейін биылғы түлектер ЖОО-ға грантқа түсу үшін құжаттарын тапсырады. Оқушыларымның көбісі Алматыда оқығылары келеді. Бірақ Алматыдағы универлер жайлы білетіндері аз. Оқушыларым меннен де "Қайсы универ таңдаған дұрыс?" деп сұрап жүр. Менің Алматыдағы университеттер туралы білетінім шамалы. Керекинфоның қолданушыларының 52-сі Алматылық екен. Пікірлеріңіз КЕРЕК! Сіздердің ой-пікірлеріңіз қандай? Мүмкін тағы да қосатындарыңыз бар шығар?
Әрі қарай

Жетектің немесе қамқорлықтың әлегі...

сурет алынған жер
Құрсақтағы жетіліуші ұрық ретіндегі сәби — кіндігі арқылы анасының ағзасымен жүрек соғысына тікелей бағынышты. Ауа да, дамып өсу үшін қажет қорек пен нәр де анасынан беріледі. Кіндігі кесілген кішкентай адамға әліде болса қамқорлық керек, ол қамқоршылары — анасы мен акушерлер. Қамқоршылары — жөргектен құтылғысы келіп қарсы болған кіп кішкентай адамды оның ырқынан тыс қайталап орап тастайды. Енді ғана рахаттанып, құрсақ мейрамына қомағайлана кірісе бастағанда емшекке шектеу қойылады. Бұл кіп кішкентай адамзаттың өз еркімен ешнәрсе жасауына болмайды. Бәрін қамқоршылары шешіп отырады. Әлгі кішкентай адамзатымыз өсе бастайды. Апыл-тапыл қадам жасай бастағаннан ақ — өзі қызық көрген нәрселерін барып өз еркімен қызықтауына, ұстап көруіне(дәмін татуына) тағыда тыйымдар. Тағыда сол қамқоршылары(ата-анасы): «анда барма», «аузыңа салма», «айқайлама», «бұлай жасама». Қыл аяғы, сол кішкентай адамзаттың қашан ішіп, қашан тышуына шейін шешесі немесе басқада қамқоршылары шешеді. Ал енді қашан ұйықтап, қашан ойнауды айтпасада түсінікті.
Сонымен, бұл кішкентай адамзаттың ойы – «Қап бәлем, осыдан үлкен болып өсермін!»
Мектеп жасы басталды, енді не болмақ? Бұрынғыданда бетер, енді мұғалім(а), сабақ кестесі, қоңырау… Ал сабақтан кейін: үйдегі қамқоршыларына шамасының жеткенінше беретін парыздық көмегі…
«Мейлің дейді, есейе бастаған адам – Әліде өсермін».
Өскен сайын ол адазаттың қамқоршылары азаюдың орнына көбейіп, тіпті зорайып кетеді. Жоғарғы сыныптарда сыныптастарының қамқорлығын елемеу сөкеттік болып саналады. Бұл адам, енді үйдегі қамқорлықтан гөрі тыстағы(қоршаған ортасы) қамқорлыққа душар бола бастайды. Себебі, оның көп уақтысы сол ортада өтіп жатыр. Ортадағы әлеуметтік факторлар оның тәртібіне, өзін-өзі ортаға сай ұстауына себепкер болатыныда анық.
Қамқорлықтан еркіндікке шығу жайлы ой мазалауын қоймайды:
«Кәмелетке толсам, еркіндігімде көбейер, жаңа өмір басталар!». Тағда олай емес, енді басқа ортаның қамқорлығы басталады.
Мысалы, 18 жасыңда ғашықтықтың сиқыр сілемдеріне сүңгіп кеттің делік. Енді сол сезімнің тұтқынысың. Ендігі жердегі жетекшің сол. Сол адамның ырқына көніп, болмаса сол адамның арманына ортақтасқың немесе өз арманыңмен бөліскің келіп тұрады. Тағыда еркіндік жайлы арманыңа тұсау салынады.
Үйленіп алғаннан кейін өз еркіңмен шешім қабылдап, жарыңды ырқыңа көндіру тіпті мүмкін болмай қалады. Ендігі еркіндігің жанұяңдағы парызыңмен тұсалады. Өміріңді — жанұяңа, балаларыңа, олардың арманына арнайсың. Сенің арманыңда ендігі жерде жалтақтай бастайды. Балалар өскен сайын жаупкершілікте өсе бастайды, еркіндігіңді тағыда шектеуіңе тура келеді: достарыңмен сыр шертісіп сыралатқанды қойып, үйге қарай асығасың. Себебі, сені үйде жұбайың мен балаларың күтуде. Ал енді немерелі болсаң тіпті басқа күйге түсесің. Соншалықты сүйікті де сүйкімді, тәтті боларма? Өз еркіңмен солардың арманының тұтқыны боласың… «Өз балаңды өскенше, балаңның баласын өлгенше бағасың» — деген бар ау. Ендігі жерде, еркіндікті аңсап жүріп жинап алған кеселдерің есік қағып, достығын ұсынады. Олардан қашып дәрігерлердің қамқорлығына мойыныңды ұсынасың. Осылайша, ақырғы демің шейін біреуге тәуелді немесе біреудің қамқорлығында боласың.
Ақырып келіп, шешімі жоқ түйткіл пайда болады: сонда еркіндік, бостандық дегендер қайда? Тіпті сол бір тұжырымдардың адам өмірінде орны барма? Сонда біз нені армандап жүрміз? Айналамызға қарасақ, жоғарыдағы айтылғандардан басқа жолмен жетілген адамды таппаймыз. Сонда — еркіндік, бостандық деген құндылықтарымыз әлі шешімін таппай келе жатқаныма?
Еркіндік жайлы еркін ойланып көрелікші, ол не өзі? Ол, біздің қалауымыз бен талпынысымызға деген шектеулердің болмауы. Ол мүмкінбе? Біз социумда(қоғамдастықта) тұрамыз. Ал адам өміріндегі социум үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, оның өзгеру жиілігіне байланысты мінездемесі де өзгерісте болады. Сол ортадан өзімізді қалай босатпақпыз? Ол, мүмкін емес нәрсе, біз сол ортаның бір бөлікшесіміз. Еркіндік жайлы тек армандай алатынымыз ғана болмаса, ортамыз үшін жаупкершіліктен тек жаратушының әмірімен бақилық болған кезімізде ғана құтыламыз.
– Кейде осы бір еркіндік деген қиялдың соңында кетіп көп нәрсені бүлдіріпте жатамыз. Көпті көрген, естоқтатқан ересек адамдар сол қиялдың соңында таңдап қосылған жарымен ажырасыпта жатса, кейбір жастар қиялдың соңында үйден қашып жатады...
Жалғасы болар...
Әрі қарай