Мен қалай диплом алдым?!

Студенттік өмір. Ауызымыз ашылған күндер. Бітпейтін лекция. Қорқытатын мұғалімдер. Ия, студенттік өмірдің 1 курсын осылай өзімше сипаттар едім. курс бітпестей көрінетін, сессия біткенше асығатынбыз. Енді керісінше сияқты, бітпесе дейсін, бірақ амал қанша. Мен бүгін 4 жыл оқыған білімнің куәсі болатын ДИПЛОМЫМДЫ алдым.(керекте біраз болмаған себебімде осы) Диплом алу қуанышты да мұңайтатын сәт екен. Көп достарыңды қимайсың, кейбір қыздарды да Универімді жақсы бағаға бітірсемде қызыл дипломға бітіруге мінезім кедергі болды, оны ашық мойындаймын.

Осы жігіттерді қимайды екенсің…


Кешке сол дипломды ай-жудық кафеде, кеш керемет өтті. Ертеңіне бір группаластың ауылына қыдырып барып қайттық(теңізге майовкаға шықтық, ол бөлек әңгіме енді) Мына өлең жолдарын бір жердін оқып едім:
шіркін, шіркін қандай рахат
студенттік жылдарым.
таусылмайтын дастандар көп
жазылмаған жырларым…

сенде сұлу, менде сұлу
кездер еді кешегі,
студент шақ — елес қана
жер жұмағы деседі

Өзім жайлы жазғаныма айып етпессіздер, тек қуанышымды сіздермен бөліскім келді…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше