Мен қалай диплом алдым?!

Студенттік өмір. Ауызымыз ашылған күндер. Бітпейтін лекция. Қорқытатын мұғалімдер. Ия, студенттік өмірдің 1 курсын осылай өзімше сипаттар едім. курс бітпестей көрінетін, сессия біткенше асығатынбыз. Енді керісінше сияқты, бітпесе дейсін, бірақ амал қанша.
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Менің "сынақтарым". 1-курс

1-курс. Көктем. Соңғы сынақтар. Тіпті мектеп кезінен «дене шынықтыруға» бармайтынмын. Дұрысы қашып кететінмін. Бірінші курста да мектеп кездегі апайлардың «Ертең университетке түскенде мектептегідей мұғалім сендердің емес, сендер мұғалімнің артынан жүгіресіңдер» деген, мамамның «Оқысаңшы, қаңғи бермей» деген сөздері де бұл әдетімді қойғыза алмады. Спорт — менікі емес-тін. Шын ұнатпайтынмын...

Сонымен, ДШ-дан беретін, тек сыртынан ғана көрген ағайыммен танысып тұрмын. «Неге келмедің?»,-деді. Көзінде, сөзінде "қатал жазалайтын" адамның әрекеті байқалмайды . Бірден түсіндім. Бір сылтауды айтқан сымақ болдым да бірден "іске" көштім. Әдеттегі: «Ағай, енді қалай қыламыз, былай, келісуге болмай ма?»,-деген сөздер кетті. Қателеспеппін. «Жүзі игіден түңілме» дегенді атам қазақ бекер айтпаған ғой . "Үш мың ғой, бауырым..",-деді. Осылай «ағайыма» бірден «бауыр» болып кеттім . Алайда үшмыңдық сома ол кездегі есеп бойынша студенттің қалтасына біршама ауырлық түсіретін… Оның үстіне үш мыңымды беріп қойсам, аузын арандай ашып отырған «түрік тілі» пәнінің мұғаліміне, «информатика» пәнінің апайына, онан да бөлек толып жатқан ағайлар мен апайларға, онан бөлек сессияның біткенін «жууға», онан бөлек жатақхананың түбіне барып үш рет ысқырсаң 7 минутта атып шығатын Айгүл, Әсия, Бағилалар бар толып жатқан… Бұлардың бәріне теңгемді қалай жеткізем?!.. Ақыры не керек, жартысағаттық саудаласудан соң "әке-шешесі ауылда, оқуының ақшасын теміржол вокзалында жүкші болып өзі табатын, артынан ерген 12 аға-қарындастары бар (негізі інім ғана ), жағдайы төмен" студентке 500 теңгеге «жауып» беретін болды .

Бұл менің берген алғашқы парам еді. Ия, бұдан соң да көптеген параалушылық пен параберушіліктер болды. Бірақ, мынау пара беру алғашқы сүйіс секілді есімде мықтап сақталып қалды…
(жалғасы бар)…
Әрі қарай

Жаңа жылда ескі суреттер..

Өткен жылы «Бір кездері Бекжан» деген тақырыпта екі сурет іліп едім… сол кезде @Gulistan бір сурттер туралы сұраған еді… Сол сериядан қалған тағы біраз суреттерді іліп жіберейік…

Мынау әлгі «катамаранмен» журген сурет…

Әрі қарай

Бір кездері Админ ;)

Қазір ғой, екі баланың әкесі… Отызға табан тіреген ел ағасы… Ал ол кездерде ше.. 

Жақында суреттерді ақтарып отырып, студент кездегі бір суреті сөзге түсті… Бұрынғы заманның КерекИнфосындағы ұсынылған суретті, қазіргі Керек-пен бөліскім келді..

Әрі қарай

ARIEL-ге пародия

Бір әйел баласының жуылатын киімдерін аударып-төңкеріп қарап жатыр:
— Футбол ойнапты… Мынау не? Қонақтар келгенде дастарханға қоятын вареньені жепті, қу шешек-ай. Ұрлап жесе мейлі ғой, үстіне тамызып, киімді былғамай жесе болмай ма екен?! (Енді
Әрі қарай