Қазақша OS қиял емес!

Өзiмiз бiлетiн және қолданатын Майкрософт өнiмдерi (ХР, 7 және Виста) қазақ тiлiне аударылуы осы ғасырда басталмайтын сынды. Ендi не етпекшiмiз? Өз тiлiмiздегi OS-тi өмiрiмiзде көрмей өтетiнiмiзге келiсе қоямыз ба? Мүлдем олай емес!
Дабыл қағысы…
Вуа-ля! Алдарыңызда Ubuntu!
youtu.be/-lb9b4J2A3k
Ubuntu деген не керемет дейсiз ғой…

Ubuntu тарихы бастауын 2004-тiң сәуiрiнде алады. Бiрақ Ubuntu туралы айтпас бұрын, оның басты тұлғалары және оқиғалары туралы әңгiме қозғайық.
Бұған дейiн Убунтудың бастаушысы Марк Шаттлуорт туралы жазған болатынмын.
www.kerekinfo.kz/blog/5497.html

«Ubuntu» не мағынаны бередi?

Басында проектiнiң аты «No-Name-Yet» — "әзiрше аты жоқ" болды. Шаттлуорт проектiнiң атын «Ubuntu» қойғысы келдi.

Ubuntu — оңтүстiк африка тiлдерi: зулу мен косадан алынған термин. «Ubuntu» сөзiн қазақшаға аударсақ «Басқаларға деген адамгершiлiк» н-се «бiз бармыз, соның арқасында мен бармын» деген ұғым. Қысқаша «Адамгершiлiк».

Ubuntu терминi, проектiнiң қайдан келiп, қайда баратынын және соны қалайша iске асыратынын белгiлейтiн сөз. Аты затына сай және нық бекiтiлген.

Шаттлуорттың оңтүстiк африкалық азамат болуы, сол елдi мекен ететiн қауымдардың қамын ойлауы негiзiнде кiшкентай халықтардың жағдайын түсiнедi. Және олардың тiлiдерiнiң сақталуы, дамуына үлес қосу өзiнiң басты мақсатының бiрi болып табылады. Майкрософттан басты айырмашылығы осы деп айтуға болады.

Қазақ халқы аңсаған өз тiлiндегi операциялық жүйесiн иемденуге барлық мүмкiншiлiгi бар. Қазiргi уақытта Убунтудың 50% қазақ тiлiне аударылды. Аударуға кiрiскен еркектерiмiз:
Көшбасшы
arruah
Топ мүшелерi:
X-myRzA
Serikbayev Beisek
Nurzhan Makhmudov
sindikat
jmb_kz
Andrey Olykainen
Almat
Қаласаңыз өз бiлгiсанарыңызға (компьютерiңiзге) аталған қазақ тiлiндегi ОСтi жүктей аласыз.
Жылына екi рет жаңа релизi шығып тұрады. Шыққан кезiнде сiзге жаңарту керектiгi туралы хабарлайды.
Менiң кеңесiм, Убунту 11.04 жүктеңiз. Себебi оның интерфейсi әдемiрек
убунту
Әрі қарай

Белгiлi тұлғалар: Марк Шаттлуорт

Ubuntuдың тарихы оның бастаушысы Марк Шаттлуортсыз толыққанды бола алмайды.

Марк Шаттлуорт 1973-шi жылы, ОАРдың Фри-Стейт провициясы, Уелком қаласында дүниеге келген. Ол Diocesan колледжiнде оқып, кейiн Кэйп-Таун Университетiнде финанс және ақпараттық жүйе саласында доктор дәрежесiне жеткен. Сол кезде, Марк компьютерге қатты қызығады және Open Source қоғамының үздiк мүшесi болады. Ол кезкелген уеб-дамытушыға танымал және керектi Apache және Debian проектiлерiне қатысып, уеб-сервер Apacheнi қоса алған бiрiншi адам болды. Осылайша GNU/Linux платформасының, серверлiк бағдарламасын жасатқан.

Интернеттiң мүмкiндiктерi мен потенциалын байқаған, Шаттлуорт өзiнiң гаражында сертификация орталығын және интернет қауiпсiздiгi компаниясын ашып, атын Thawte қояды. Бiрнеше жылдың iшiнде Thawteнi бүкiл интернеттегi сертификация саласы iшiндегi екiншi компания қылады, алдына түскен тек алып — Verisign компаниясы. Thawte өнiмi мен қызметi еркiн программалық қамсыздандыру (СПО) арқылы жасалған болатын. 1999-ның желтоқсанында, Шаттлуорт Thawteнi Verisignге кейбiр сыбыстарға сенсек, жүздеген миллион АҚШ долларына сатып жiбердi.

Осындай жетiстiкке жастай жеткен Шаттлуорт кедейлiктi бiлмей өмiр сүре бере алатын едi. Бiрақ ол өзiнiң баяғы арманы — ғарышқа ұшуға бел буды. Орыс ғарыш программасына 20 миллион доллар төлеп, бiр жыл бойы дайындықтан өтiп, оған қоса орыс тiлiн үйрендi және Жұлдыз қалашығында әзiрлендi, Шаттлуорт өз арманын азаматтық космонавт ретiнде орыстың Союз TM-34 бортында орындады. Шаттлуорт 2 күнiн Союз ракетасында, 8 күнiн Халқаралық Ғарыш Стансасында өткiзiп, СПИД пен геномды зерттеуге арналған экспериментке қатысады. 2002-нiң мамырында, Марк Шаттлуорт Жерге қайта оралды.

Ғарыш зерттеуi мен Антарктидаға барғанынан бөлек, Шаттлуорт филантроп және венчурлiк капиталист рөлiнде де болып көрдi. 2001-де, Шаттлуорт Шаттлуорт фондын (Shuttleworth Foundation, TSF), мемлекеттiк емес ұйымын ашады. Фонд бiлiм беру саласындағы инновацияларды ойлап табу және ендiрудi қаржылай қолдау үшiн ашылған. Әрине TSF-тiң осы мақсатқа жетуi үшiн еркiн программалық қамсыздандыру қолданылады. Осы проектiлер бағдарында, ұйым Оңтүстiк Африкадағы және әлемдегi ЕПҚ-ды ең белсендi қолдаушыларының бiрi ретiнде байқалды. Венчурлiк капитал рөлiнде, Шаттлуорт Оңтүстiк Африкадағы ғылыми зерттеулерге, дамыту және iскерлiкке, жаңа HBD(мағынасы «Here Be Dragons» («Мұнда айдаһарлар») атты венчурлiк компания ашып, стартапына ақша егедi. Сол кезде Шаттлуорт өзiнiң келесi ойда жүрген проектiн дамыта бастайды, және ол соңында Ubuntu болды.

GNU, Linux және т.б. ашық және еркiн ПҚ-ды тиянақты, iскер және қолданушыға қолайлы қылуда еш жетiспеушiлiк болмады. Марк Шаттлуорт, көпшiлiкпен бiрге ЕПҚ-ны қолданудағы философиялық және прагматикалық пайдасы арғарай даму курсын ашатынына сендi. Бiрақ әрқайсысында белгiлi жетiспеушiлiктерi болды. Шаттлуорт бұның перспективасын байқады.

Шаттлуорт, басқа технарлар сияқты Debian проектiнiң фанаты едi. Бiрақ оның көз алдындағы кәмiл (идеальный) OS-қа жету үшiн Debianда көптеген нәрселерi кемiс едi. Әуелi Шаттлуорт Debian проектiн iштей реформалау үшiн сол проектiнiң көшбасшысы болғысы келдi. Кейiнiрек түсiнгенi бойынша, Debian проектi көбiне өзiнiң таңдаған даму жолында қалу үшiн себептерi болды. Соның орнына, Марк Debianмен симбиозда жұмыс iстейтiн GNU/Linuxтiң дұрыс дамыған түрiн шығару мақсатында жаңа проект ашуға жөнелдi.

Осы проектiнi бастау үшiн, 2004-тiң сәуiрiнде, Шаттлворт өзi танитын 12 н-се одан да көп Debian дамытушыларын Лондондағы пәтерiне шақырады. Осы отырыста Ubuntu проектiнiң негiзi қаланады. Жиналысқа келген топ, кейiннен Ubuntu дамытушыларының ядросына айналды. Осы топ өзiнiң кәмiл OS-ында көргiсi келген идеялардың тiзiмiн жасады. Қазiр осы тiзiм Ubuntu қолданушыларының көбiне мәлiм:
Балжанатын және жиi шығатын релиздер;
Локализация және қолжетiмдiлiкке күш салу;
Қолдану оңайлығына және қолданушы талабына сай болуға ұмтылу;
Тек қана Python программалау тiлiн қолдану, бүкiл жүйе сол арқылы құрылып кеңейтiле алады;
Бұдан бұрын ашық проктiлермен жұмыс iстеген ұйымға бағытталған қадам;

Iс сөзден қымбат екенiн бiлетiн адамдардан құралған топ ешқандай ашық жарнама н-се пресс-релиз жасаған жоқ. Бұның орнына, топ өз алдына 6 айлық дедлайн қойды. Шаттлуорт жұмысты қаржыландыруға және дамытушыларға еңбекақысын берiп тұруға кiрiстi. Алты айдан кейiн, олар өз проектiн көрсетiп, еңбектерiнiң жемiсiн көпшiлiк назарына шығарады. Олар бұған қоса белгiлi уақытқа дейiн жеткiсi келген мақсаттарының тiзiмiн жасады, және жауапты адамдарды тағайындады.
Әрі қарай

Linuxта көп қолданылатын командалар

Файлдық командалар

ls – файлдар мен каталогтар тізімі
ls -al – қалыпталған (форматированный) файлдар мен каталогтар тізімі, жасырын файлдар, папкалар
cd dir – dir каталогына ауысу (өту)
cd – қолданушы каталогына өту (домашний каталог)
pwd – ағымдағы каталогты көрсету
mkdir dir – dir каталогын ашу (создать мағынасында)
rm file – file файлын өшіру
rm -r dir – dir каталогын өшіру
cp file1 file2 – file1 файлын file2 файлына көшіру
cp -r dir1 dir2 – dir1 каталогын dir2ге көшіру
mv file1 file2 – қайта атау (переименовать)
touch file – file файлын ашу (создать)
cat > file – стандартты нәтижені fileға жазу
more file – file ішіндегіні шығару
head file – file-дың алғашқы он долын шығару
tail file – file-дың соңғы он долын шығару
Әрі қарай

Виндоуссыз өмір немесе юзер қатарына қосылып келемін


Осыдан біраз бұрын (жылға жақын ау деймін) өз блогымда шәнек болып қалғаным туралы жазған болатынмын. Содан бері осы линуксты пайдаланып келемін. Линукс таңдаудың өзі үлкен еңбекті талап ететінін айта кеткен жөн.
Біздің көз қарасымызда тек қана
Әрі қарай