Виндоуссыз өмір немесе юзер қатарына қосылып келемін


Осыдан біраз бұрын (жылға жақын ау деймін) өз блогымда шәнек болып қалғаным туралы жазған болатынмын. Содан бері осы линуксты пайдаланып келемін. Линукс таңдаудың өзі үлкен еңбекті талап ететінін айта кеткен жөн.
Біздің көз қарасымызда тек қана Виндоус қалыптасқан және жасыратыны алғашқысында Линукстердің түрлілігін Виндоустың түрлілігі сияқты қабылдаған болатынмын. Бертін келе бұл ойымнан арылдым. Бір айта кетерлігі қолданатын линукс түріне байланыссыз неше түрлі жұмыс үстелін пайдануға болады. Бұл жердегі жұмыс үстелі ұғымының аясы виндоустікімен салыстырғанда өте кең ұғым, тіпті оны линукстың графикалық интерфейсі деп те атауға болады. Линуксты графикалық интерфейссіз де орнатуға болады, немесе ұнамаған жұмыс үстелін өшіріп басқасын орнатуға да болады. Осылардың ішінде пайдаланатыным Xfce жұмыс үстелі.
Негізі әрбір линукс қолданушысының қай үстелді пайдаланатынуы өз қалауы немесе компьютерінің техникалық шектеуіне байланысты болады.
Тағы бір айта кететін жәйт бұл Линукс жүйелері үшін вирус жоқ десе де болады, болса жиырмаға тарта вирус болар. Егер компьютеріңіз вирус әсерінен бұзылатын болса, компьютеріңізге арнайы шабуыл жасалған деп топшылауыңызға да негіз бар.

Бір жылға тарта уақытың ішінде бірнеше линукс түрін қарастырдым, қай нәрсе болса да, жарнама көзге түседі емес пе?
Интернетті кезіп жүріп, Ресейлік мұғалымнің лицензиясыз виндоус орнатқаны үшін шаталғаны туралы шулы мақала көзіме іліккен. Сол кездегі менің де жағдайым сол мүғалімдікіндей еді. Мекеміздегі он компьютер тәркіленіп, олардың біразынан лицензиясыз орнатылған автокад өнімінің іздері табылған болатын. Процесс маған оң нәтижемен аяқталған соң тегін бағарламаларға көшуді ұйғарған болатынмын.
Сойтіп жүріп Ресейліктердің мектепке арналған Альт-линуксы көзіме түсті. Былай жаман емес, көптеген пакеттері дискіде болғандықтан еш қиындық тудырмады.
Бірақ өте ауыр ОЖ. Менің компьютерімнің түрі түр екенін былай қойғанда конфигурациясы да оңбаған. 256МБ ОЗУға қалай ХР қойғандарына кейде таңқаламын. Осыдан кейін жеңіл ОЖ іздей бастадым, Vector linux қойдым, керемет, 1.8ГГц, 256МБ озулы машинам қос ядролы машинамадан кем түспеді. Үшады дей ма, обшым бұл ОЖның бір носы болды сол кезде. Жеңілдетіп жиналғанменен ағылшын тілінен басқасын қолдамайды. Интернетті кезіп жүріп жаңағы линукстің СлайкВар негізінде жиналғанын оқыдым, Ыбырай атам айтқандай тілегенім іздемей табылды. Бірақ СлайкВар орнауға білімім жетпеді ақыры. Сол себепті орыс, қазақ тілдерін қолдайтын линукс жинау ниетімнен бас тарттым.
Ол құдай атқан компьютердің орнына басқасын беріп бір өрісім кеңіп қалды. Кейін ОпенСус, Дебиан сияқты линукстерді көрдім.
Қазір пайдаланып жүргенім Xubuntu 10.10, жоғарыдағы ескі компьютеріме де осы убунтудың 10.04 нұсқасын графикасыз отырғызып, маршрутқа қойдым.
Бұрынғыдай емес шамалы үйреніп қалған сыңайым бар.
Бөлісу:

12 пікір

KILYZAMAN
Убунтуды қоярын қойып алып кейбір қоданбалы бағдарламаларды істете алмай жүрмін… Скайп соның бірі… :-(
sigma
тустен кейін убунтудағы скайп агент тб туралы жазамын, қол тисе
KILYZAMAN
Әбден дұрыс болар еді!!! РАХМЕТ.
konvict
Менде Линуксқа ауысқым келіп жүр. Бірақ достарым көп программа істемей қалады дейді. Шын ба? Орнатып алып шопақ жеп жүрмеймін ба? Тіпті оны қайтадан өшіру мүмкін емес дейтіндер бар
sigma
Ия, линукс виндоус колдайтын бірде бір программаны колдамайды.
Дей тұрғанмен кейбіреулерінің линуксқа арналған нұсқалары бар, ал кейбірлерінің баламалары бар деген секілді.
алдымен өзіңізге қажетті бағдарламалар тізімін жасаңыз
Кейін ғаламтордан іздеп көріңіз қайсыбірін немен алмастыруға болатынын.
Бір нәрселерден бас тарқан есесіне жаңа нәрселерді ашатыныңызға сенімдімін.
blackbeard
1)Офистік бағдарламалар жағынан сізде проблема туындамайтынына сенімдімін. Өйткені Линукс жүйесінде бір ғана емес бірнеше офистік бағдарлама қарастырылған. MC Office тің басты қарсыласы болып табылатын OpenOffice, Koffice сияқты бағдарламалар сізге адал (ақша сұрай бермей)да сапалы қызмет көрсетеді. Бір айта кететін жайт, Open Office кез-келген форматта құжат құрастыра алады. Сөзіме дәйек ретінде атап өтейін:
odt, ott, sxw, stw, doc(MC Office 6.0/95/97/2000/2003), docx(MC Office 2007/2010), fodt, uot, txt және т.б.
Ал Microsoft Office өзінікінен басқасын ашпақ түгілі, аңырап жібереді тани алмай. Бұл сөзіммен MC Office ті кемсітіп тұрғам жоқ, Линукстың артықшылықтарын айтып отырмын.

2) Linux тың өзінде Wine деген программа бар. Бұл программа Windows тың программаларын Линуксте қосуға мүмкіндік тудыратын программа. Мысалы, мен бүгін ғана Total Commander (Windowsке арналған) бағдарламасын Линукске орнаттым. Ешқандай тоқтаусыз жұмыс жасап тұр. Солай айтқанымдай Photoshopты (Portable нұсқасын) да орнатып алсаңыз болады.

3) Арнайы бағдарлама іздеп Интернеттен сандалмайсыз. Өз компьютеріңізден Ubuntu Бағдарламалар Орталығы (Центр приложений Ubuntu) дегенді бассаңыз болғаны операциялық жүйе көз алдыңызға барша бағдарламалар мәзірін жайып салады (Оның үстіне судай тегін бағдарламалар). Қалауыңызды ала бересіз.
sigma
опен офис демекші қаржы полициясымен ілінісіп қалғаннан кейін виндоусқа арналған опен офисті барлығына қойып шықтым.
Оның да бір носы бар, Микрософт офисте макросты пайдаланатын құттарды ашқанда қуады.
blackbeard
IBM Lotus Symphony қойып көрмедің ба?
sigma
қазір өзім пайдаланатын компта сол симфония тұр
just19
Қазаққа Линукс жақсы жағады екен. Түбінде жаңа программалар мен жаңа жобалар линукс ортасында жасалып жатса, таң қалуға болмайды. Мектепте виндоусты мыжытып өсіргенше, линуксты үйрету керек еді.

Виндоус — бизнес үшін жасалған бағдарламалық жүйе.
Линукс — нағыз бағдарламашыға арналған операциялық жүйе.
just19
Студент деген ересек оқушы ғой. Бұрынғыдай ата-анадан қаражат сұрау ұят. Оқу, оқу. Оқудан соң жұмыс істеп ақша табу жолдарын қарастыру үшін қаншама офистің табалдырығын тоздырып, қаншама газет-журналды қопардық. Ыңғайлы жұмыс-ау деп ойлап барған кездегі жұмыстар «пирамида» типтес бизнес түріне ұқсап жатады. Олардың барлығына құсқаным бар. Себебі білместікпен аз ұтылған жоқпын.
Майкрософтқа оқып сонда жұмысқа тұруға да орналастым. Жақсы програмист болғаның былай тұрсын, ондағы стратегиялары адагершілікке жатпайды дер едім.
Ұрының басты қаруы — сыпайлық дейді. Олар да өте сыпайыы, тек бетіңе күліп тұрып, артыңа ор қазып қояды. Жарайды мля лібәд! тьфу құрысын. Лох — это судьба.

Сондағы әр өнімге лицензия анау мынау үшін алынатын қаржылар оңай олжаның көзі. Билл Гейтс МІСтің президенті кезінде атақты миллиардер болып еді ғой. Төбесінен жауған ақша жақсы ойластырылған қанау операциясының жемісі емей немене.

Тіпті Астанадағы жаңа ашылған мектептерге осы типтес Американдық компаниялар тегін «сыйлық» таратып еді ғой. Олар әрине өздерін жарнамалау. Кейін солардың жүйесін оқып өскендердің білімі солардан басқа ешкімге керексіз болып қалуы ммүкін деген тұжырым жылт етіп шығады.
Саясат, бизнес, дін нақтар бір бірінен қанша ажыратса да ажырамайтын дүниелер екен.
belgisiz_birey
Ubuntu linux 11!!! Ура! Ура! Ура!