Қазақша OS қиял емес!
Өзiмiз бiлетiн және қолданатын Майкрософт өнiмдерi (ХР, 7 және Виста) қазақ тiлiне аударылуы осы ғасырда басталмайтын сынды. Ендi не етпекшiмiз? Өз тiлiмiздегi OS-тi өмiрiмiзде көрмей өтетiнiмiзге келiсе қоямыз ба? Мүлдем олай емес!
Дабыл қағысы…
Вуа-ля! Алдарыңызда Ubuntu!
youtu.be/-lb9b4J2A3k
Ubuntu деген не керемет дейсiз ғой…
Ubuntu тарихы бастауын 2004-тiң сәуiрiнде алады. Бiрақ Ubuntu туралы айтпас бұрын, оның басты тұлғалары және оқиғалары туралы әңгiме қозғайық.
Бұған дейiн Убунтудың бастаушысы Марк Шаттлуорт туралы жазған болатынмын.
www.kerekinfo.kz/blog/5497.html
«Ubuntu» не мағынаны бередi?
Басында проектiнiң аты «No-Name-Yet» — "әзiрше аты жоқ" болды. Шаттлуорт проектiнiң атын «Ubuntu» қойғысы келдi.
Ubuntu — оңтүстiк африка тiлдерi: зулу мен косадан алынған термин. «Ubuntu» сөзiн қазақшаға аударсақ «Басқаларға деген адамгершiлiк» н-се «бiз бармыз, соның арқасында мен бармын» деген ұғым. Қысқаша «Адамгершiлiк».
Ubuntu терминi, проектiнiң қайдан келiп, қайда баратынын және соны қалайша iске асыратынын белгiлейтiн сөз. Аты затына сай және нық бекiтiлген.
Шаттлуорттың оңтүстiк африкалық азамат болуы, сол елдi мекен ететiн қауымдардың қамын ойлауы негiзiнде кiшкентай халықтардың жағдайын түсiнедi. Және олардың тiлiдерiнiң сақталуы, дамуына үлес қосу өзiнiң басты мақсатының бiрi болып табылады. Майкрософттан басты айырмашылығы осы деп айтуға болады.
Қазақ халқы аңсаған өз тiлiндегi операциялық жүйесiн иемденуге барлық мүмкiншiлiгi бар. Қазiргi уақытта Убунтудың 50% қазақ тiлiне аударылды. Аударуға кiрiскен еркектерiмiз:
Көшбасшы
arruah
Топ мүшелерi:
X-myRzA
Serikbayev Beisek
Nurzhan Makhmudov
sindikat
jmb_kz
Andrey Olykainen
Almat
Қаласаңыз өз бiлгiсанарыңызға (компьютерiңiзге) аталған қазақ тiлiндегi ОСтi жүктей аласыз.
Жылына екi рет жаңа релизi шығып тұрады. Шыққан кезiнде сiзге жаңарту керектiгi туралы хабарлайды.
Менiң кеңесiм, Убунту 11.04 жүктеңiз. Себебi оның интерфейсi әдемiрек

Ping — пің
сd — отыр
mkdir — мәкедейм
dir — қалтақағу
менде Ubuntuдің қазақша нұсқасы қате деп қондырылмады.
Көптеген әлемдік компьютер қолданушылары үшін, Виндоус бірінші орында тұрған сияқты және барлық бағдаралама осы операциялық жүйе үшін әзірленуде ғой. Солай ма? Түсінемін, кей бағдарламалардың бірнеше ОС-қа арнап шығатын нұсқалары бар, дегенмен, Виндоустың орнын алмастыру мүмкін емес сияқты.
Ал, линукстың мына дистрибутиві қазақшаланып жатқанына қуанып қалдым. (Негізі бұрын да бар еді, бірақ аударманы кімдер жасағаны белгісіз)
Виндоусқа қазақшаландыру баяғыдан басталып кеткені белгілі ғой, және егер қазақ тіліндегі бағдарламаға сұраныс болатын болса, ол міндетті түрде қазақшаланатын болады. Себебі, бағдарламаны, операциялық жүйені қазақшалау — мектеп оқушысы да атқара алатын дүние. Бұл жерде әрине аударманың сауаттылығы маңызды болып қалады бәрібір.
Ойын шығаратын компаниялар Мак пен Уиндоуспен келiсiп жасайды. Себебi екеуi де проприетар. Ақшаға негiзделген. Джобс пен Гейтстер келiсiп алып, әлемдi екiге бөлiп алды, ақшасын сорып отыр. ал мына ОС осы жайтты өзгерте алады. «Revoltion OS» фильмiн көруге кеңес берем
Убунтуды да осы қарқынмен аударып жатқан жоқсыңдар деп сенемін
жай прикол ғой бұл
Әрине Ал-Астер айтып кеткендей линукстардың кемшілігі автодеск компаниясының бағдарламалары жүрмейді, тіпті оларды эмуляторлар арқылы да жүргізу азап, сондықтан бұл қолданушыларға виндоус тиімді болып қала береді. Ал тек интернет, мәтін теру, полиграфиямен айналысатындар үшін бірден бір тегін құрал дер едім.
Жүйеәкімдерге келер болсақ, бұл жерде де неше түрлі нюанстар бар екенін ұмытпаған абзал.
мысал ретінде, шлюз не прокси сервер, веб сервер, днс, dhcp, пошта серверлері үшін линукс жаксы, бірақ менің ойымша фрибсд-ның алдына шыға алмайды. Ал домен контроллер қоятын болсаңыз openLDAP windows-тың AD-ның қолына су құя алмайды. Домен контроллер қойған болсаңыз ол міндетті түрде өз ДНС серверімен жұмыс жасағанды қалап тұрады. Қанша тегін SQL болса да, Oracle таңдар едім, Серверлерді виртуализациялауда VMware. Осы сияқты мәселелер көп-ақ, қазақша болғанды алға тартып бөсе беруге болмайды.
ия, убунтудың 11.04 нұсқасынан гөрі 10.04.3 LTS нұcқасын рекемендеймін, жұмыс үстелінің әдемілігіне қызықпаңдар.