Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар!

Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Мейлі, біреуден артта болайық, біреуден кем, бірақ қалай болғанда да тәуелсіз елде өмір сүріп жатырғанымыз әмбеге аян. Мұны тіпті радикалдығы асқынған қай оппозиционер болса да мойындауы керек!

Тәуелсіздіктің өлшемі не өзі?

«Бас бостандығы» десем, коммунизмнің салқыны қаққандар оныма келіспейді. «Жан тыныштығы» десем, «Күйттегенің сол?» ма дейтіндер табылар. "Ішкенім артымда, ішпегенім" алдымда десем, «тоғышардың тірлігі» дейтіні сірә белгілі. Сонымен? «Тәуелсіздік» деген не өзі?
Әрі қарай

СССР қалай құлады? (хроника)



Тәуелсіздікке 20 жыл. Яғни, СССРдың да ыдырағанына 20 жыл. Азаттық радиосы 1985-тен 1991-дің желтоқсанына дейін хроникасын дайындаған екен. Видео, фото және мәтіннен тұратын бұл хрониканы қарап шығуға кеңес беремін. Техникалық жағынан да сәтті шыққан және бірнеше тілде қарауыңызға болады. Тек қазақ тіліндегі нұсқасында аударма қателері бар. Мысалы 1990 және 1991-де Беларусь тәуелсіздігін 2 рет жариялаған болып шығады. Сол жерін түсінбей қалып, орысшасын қарадым. Сөйтсем алдымен тәуелсіздік емес суверенитеті туралы жариялаған екен. Осындай аударма қателері болмаса былай өте жақсы шыққан жоба.

www.ussrfall.com/kazakh/
Әрі қарай

Тәуелсіздіктің 20 қаһарманы (анкета)



Тәуелсіздіктің 20 қаһарманын анықтайық. Бұл анкетаға қатысу үшін маған жеке хат арқылы 1991-2011 жылдары аралығында елімізге еңбегі сіңген 10 адамның тізімін жібересіз. Хаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Есімдері көп аталған адамдар жинаған ұпайлары бойынша реттеледі. Анкетаңыз құпия күйінде қалады, еш жерде жарияланбайды.

Анкеталар тек қана жеке хат арқылы қабылданады.
Әрі қарай

Кімнен кім ұрлады?

Интернет ақтарып отырып, Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған таңбаларының ұқсастығы туралы оқып қалдым. Кімнен кім ұрлады деген сұрақ бәрінде. Шынында да ұқсас екен.
Түпнұсқа Тудейде, мен мұннан оқыдым ttp://news.mail.ru/inworld/kyrgyzstan/society/6639062/
Әрі қарай

Парадқа дайындық қалай?









Бүгін Тәуелсіздік сарайы алдында 30 тамыз күні өтетін әскери парадтың алғашқы дайындығы туралы қысқаша репортаж жасауға барғанмын. Дайындық жақсы өтіп жатыр. Парадқа 2000-нан аса әскери қызметші мен 200-ден астам әскери техника жұмылдырылғалы жатыр. 25 шілдеден басталған дайындықтың жақсы екені алаңдағы саптық шеруде айқын көрінді. Астана маңындағы Қырқыншы станция жақта далалық лагерьде 172 палатка тігілген. Оның ішінде 9 шаруашылық пункт тамақтандыруға арналса, әскерлерді жуындыру үшін 6 далалық монша үздіксіз жұмыс істеп тұр. Оған қоса бір мезетте 82 адам жуына алатын душ та іске қосылған. Әскери мамандар керек-жарағын алу үшін далалық дүкен жұмыс істеп тұр. Медициналық пункт бар. Әскери қызметшілерді аспен қамтамасыз ету жауапкершілігін «Нұр ислам» фирмасы өз мойнына алыпты. Сенбі, жексенбі күндері әскерилерді Астананы аралатып, Алжир музейіне апарған. Биыл парадқа жаңадан төрт қорап қосылған. Былтыр әйелдер «коробкасы» біреу болса, биыл екі «коробка» қыздар сапта жүріп өтпек. Сосын теңіз шекарашылары, тау атқыштар бригадасы келген.
Парад-2011 лагерь жиынының бастығының орынбасары подполковник Ринат Ахметов парадты жыл сайын өткен дұрыс дейді. «Себебі, Астаналықтар мен қонақтардың бәрі түгел келіп көреді деп ойламаймын, былтыр келіп көре алмағандары биыл келіп көреді. Қарулы Күштерді, әскери техникамызды өз көзімен көргені дұрыс. Ол Отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелейді», — дейді.
Суреттерді өзім түсірдім.
Әрі қарай

Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өткізіледі.


19-күні сағат 13:00-де №4 Алмалы ауданының қалалық кітапханасында “Тәуелсіз елімнің жастарымыз” атты байқау өтеді. Байқаудың шарты: тәуелсіздік құрдастары арасында білім және өнер сайысымен бағын
Әрі қарай