The Newsroom

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсына

Тележаңалықтар деген түсінік пайда болғалы бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Ал, сіз жаңалықтар қалай жасалатынын білесіз бе? Жалпы түсінігіңіз бар шығар. Бірақ, шын ақпаратты қалай танып, көрерменге өтімді өнімді қалай жасау керек? Бұл сізге қызық болса, «The Newsroom» сериалы жаңалықтар қызметінің жұмысын іштен көруге шақырады.
Әрі қарай

Етікті мысық. Кім ол?



Мысықтың бірдеңе сұрап немесе еркелеп жай ғана «Мияу» дегенін барлық адам баласы көрді немесе естіді. Бірақ құштарлықпен, даусын қоңырлата және байыппен маңғаздана «Мыияуу» деген мысықты көрдіңіз ба?
Әрі қарай

Көліктер-2: Бардық. Көрдік. Қайттық.

Көптен бері баруды жоспарлап жүрген соң, бүгін «Көліктер-2» фильміне барып қайттық. Әлқисса:

Үйге жақын «Спутниктегі» кинотеатрға барамыз деп ойлап едім, Кино.кз сайтындағы кестеде қазақшасы қашан болатыны жазылмаған екен. Есесіне қаланың сыртындағы «Алтын орда» базарының жанында тұрған «Апорт» СОСО-да (сауда және ойын-сауық орталығы, Павлиашвили екен деп қалмаңдар ) сеанстардың барлығы дерлік қазақша екен. Сонда барып, сағат 11.00-дегі сеансына билет алдым. Контингентінің басым бөлігі Алматының маңайындағы ауылдардан қыдырып келетіндер құрайтын жерде қазақша нұсқасын көрсетуінде бір саясат бар шығар деп ұқтым мұнысын.

Фильмнің өзіне келер болсақ, былай, көруге болатын фильм. Сценарий, сюжет, кейіпкер, анау-мынау құраушы бөліктерінің барлығы — нағыз «Голыйбұттық» Голливудтық. Ендеше, нағыз Голливуд фильмдерінен тек Голливудқа тән элементтер күтпек ләзім екенін ескермеске болмайды. Жақсы фильм былай, тағы да қайталап
Әрі қарай