Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...



Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.
Әрі қарай

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

Талант МауқанұлыҚұпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.
Әрі қарай

Тегін бейнеслайд жасайтын сайт

Біреу-міреуге КЕРЕК болып қалар деген ниетпен...

www.animoto.com cайтында тегін бейнеслайд жасауға болады екен. Ол үшін сайтқа алдымен тіркелу керек. Жаңа қолданушы аты құрастыру керек емес. Фейсбуктағы аккаунтымыз жеткілікті.
Әрі қарай

Мультимедиалық интернет-журналистика курсы


Назар аударыңыз!
MediaNet халықаралық журналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды. 
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай