Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...



Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын.

Өткен жылы алғашқы рет ұйымдастырылып отырылғандықтан, оның үстіне салыстыратын да шара болмаған соң «алматылық» блогкемп ай мен күннен кейін болмаса, дейін болмады. Арқа-жарқа болған елдің ыстық-ыстық құшақтары қазақ тілінде Интернет бетінде символ теріп жүргендердің қызуын өртей түскен. Алыс-жақын шет ел деп бір, алғашқы рет деп екі, анау деп үш, мынау деп төрт, қысқасы не керек, біразға бардық. Онымыз дәлелсіз һәм дәйексіз де емес еді. «Блогкемп 2011» шын мәнінде IT-игі жақсының, ақсақалы мен көксақалының басын қосқан қарымды кездесу болды. Жеке өзім әлдебір үміт, қайбір идеяға ие болып, тұлға ретінде дамуым үшін жаңа бағыт аштым.

Шыны керек, осы блогкемп шашырап, шашау шығып тынады деп ойлағам. Оным бекер болыпты, препатиінен бастап афтерафтерпатиіне дейін қызық жүрді, бейресми ауызбіршілік болды. Өткен жылы оффлайн танысып алған топтың осы жолғы кездесуі қырық жыл жолықпаған кластастарды еске түсірді

Препати жақсы өтті, жастар жиналған, бәрі бір-бірін танитын қазақтың тойын елестетті. Әдемі атмосфера болды.

Назарбаев Университетінде өткені жақсы болды деп ойлаймын, қанша дегенмен елдегі ең әлеуетті оқу орындарының бірі, оның үстіне «осындай жер бұйырды» деу досқа да, дұшпанға да жақсы (бизнес, басқа ештеңе емес).

Биылғы блогкемптың басты қателігін қатысушылардың өздері жіберді деп ойлаймын. Бір қоралы ел қатысып отырған шарада сонша аз презентация болғаны қынжылтты. Барының өзінің біразы дебютанттардікі немесе жүрдім-бардым істелген болғандықтан, ат төбеліндей қалған аз баяндама IT саласында, жаңа медиада кәсіби түрде дамуға мүмкіндік береді деп ойламаймын. (urimtal сауалнама қорытындысы бойынша жазған "5 мың теңге жұмсап, Астанадағы бір кафеде интернеттен тапқан достарыммен кездесу. Бейресми түрде өтетін шараға жай ғана қатысушы ретінде келіп, ақша туралы тақырыптағы презентацияны тыңдау" мақсаты бар юзер бейнесі дәл шықты-ау). Әрине, әлдебір спикердің әнеубір айтқаны пайдалы болған-ақ шығар, бірақ басым бөлігі блогкемптың презентация деген бөлімін толтыру үшін ғана жасалғандай әсер қалдырды. Сылбыр жүріс пен салғырт сөз абырой әпермейді. Бұл ұйымдастырушы топтың немесе демеушілердің қатесі емес, бұл менің қатем, сенің қатең, бәріміздің қатеміз (шынайы бағалай алмай шамға тиген болсам, кешірім сұраймын).

Ұйымдастыру жағын ұрысуды қою керек деп ойлаймын. «Блогкемпты ұйымдастыратын қатысушылар» дегенді біле тұра, ең болмағанда барып, астаналықтардың бір жағына шығып, қайыр қылмаған соң «Анау былай болды, мынаны жасамапты» деу бекер. Тіпті, бір жағына шыққан күннің өзінде ақтарыстырып-қотарыстыру дұрыс іс емес деп білемін. Тақаспайық, тілеулес болайық. Бұл шараға қатысты айтылған сын — бәрімізге айтылған сын. Іштен бүлінбесек болғаны.

Алғыс айтылды ғой, бірақ, жеке қатысушы ретінде астаналық һәм өзге өңірлік ұйымдастыру тобына рахмет білдіргім келеді. Логистика тұрғысынан, қарсы алу ниеті тұрғысынан риза болдым. Бәрі жақсы

Әу баста, келесі құрылтайды Шымкентте өткізу керек дегенге "құлаған" болатынмын. Оңтүстік қазақстандық блогшылардың бір қауым ел екенін, оның үстіне басқа қаладағы біраз жұрттың осы өңір тумасы болып келетінін ескере отырып жаман өтпес деп қорытынды шығарғам. Бірақ, үйге келіп, ес жинап Алматы дұрыс болар дедім. Бұған мыналар себеп болды:

1. Адам саны факторы. Өткен құрылтайда есімде бір минибарға 20-30 адамдай жиналып қалатын. Тағы ұйымдастырылса одан көп болмаса, аз жиналмайды деп ойлаймын. Неғұрлым ұйымдастыру тобы үлкен болса, соғұрлым үйлестіру жұмыстарында кемшіліктер аз болады, соғұрлым қандай да бір жұмыстарды қамту ауқымы кең болады деп ойлаймын. Жалғыз адамның қорап көтеріп, қағаз тасығанын гөрі, бес-алты ұйымдастырушының бір-ақ көтеріп кеткен дұрыс па деймін.

2. Таңдау еркіндігі факторы. Алматы кофе-брейк ұйымдастыруға да, қағаз-қалам жинауға да ыңғайлы секілді. Бір орын ұнамаса, басқа жердің қызметіне көшіп кету де оңай. Ұсынылатын қызмет түрлері ауқымы үлкен. Біреуі болмаса, біреуі келеді.

3. Демеуші факторы. Демеушілермен байланысқа шығу оңайырақ деп ойлаймын. Бірқатар коммерциялық ұйымдардың бас үйлері осы қалада, оның үстіне олармен қарым-қатынасы барлар Алматыда да жетерлік.

4. БАҚ факторы. Негізгі мемлекеттік медиа демесеңіз, үлкенді-кішілі өзге дәстүрлісі бар, жаңа медиалысы бар басым көпшілік БАҚ Алматыда қоныс тепкен. Ә деп баспасөз мәслихатын өткізсең әжептеуір болып қол жинайтын журналистер «300 (200, 250, 350, 400) адамның басын қосқан Блогкемп-2013» туралы біразға сілтейтініне сенімдімін. Бұл да болса демеуші алдында демеу.

Ойым осы. Бәлкім өзгерер, бәлкім тағы басқа қорытындылар келер. Бірақ, қазіргі қалпым жоғарыдағы жазбаның ол жақ, бұл жағынан табылады.

P.S. Ең бастысы қатысушылар тарапынан бір кәсібилік даму, жағдайға көңіл толмаушылық байқадым. Бұл жақсы. Өсетін ел бар.
Бөлісу:

77 пікір

konvict
Ық-ық, ілмектер өртейді.
Негізі мен де Алматы дұрыс деп ойлаймын. Былтырғы тәжірибе бар…
Aizhantabyn
мақсаты бар юзер бейнесі дегенде менің профайлыма линк деп ойлағам)))
qisyq
Уахахаха, қойшы)))
e_zhalgas
былай етсек ше:

блогкемп — қалалардағы блогерлердің басын қосып, Қазақстанның барлық бұрышын аралауға тиіс формат ретінде қалсын.

ал, одан бөлек тек қана блог туралы емес, өзге форматтағы қазақ интернетінің тесігін жамайтын тілеулес алаңды алматыда ашсақ. менің ойымда тұрған тек баркемп қана, бірақ оның орталық азиялық нұсқасы емес, қазақстандық және қазақша нұсқасы болса, және оны тек блогерлердің емес, инвесторлардың, демеушілердің, ұйымдардың, айтикомпаниялардың (қазақ тілділері пайда болып үлгерді) басын біріктіретін алаң ретінде сипаттасақ, ұйымдастырсақ.

деңгейді көтеретін уақыт ендігі жылы келіп те қалады деп ойлаймын.
qisyq
Жақсы ұсыныс. Бірақ, осы жылы дайын бола алар ма екенбіз. Әйтпесе, осы оймен толық келісемін.
e_zhalgas
блогкемп — наурызда өткізілсе, баркемп — сәурде, мамырдың басында болсын. блогкемп — танысу, араласу, ой тастап, жобаны таныстыру ретінде болса, баркемп — интернетке бизнес ретінде қарағысы келетіндерге арналсын. менің ойым — осы!

ал біз оған ендігі жылы дайын боламыз (деп ойлаймын).
qisyq
Басқа ИТ-шаралармен қатар келіп қалмау үшін, олардың қашан өтетінін білім алу керек.
Aldeken
ойға қонымды ұсыныс, қолдаймын.
Пы.сы. Суретте неге тілін шығара беред десем, басыңа сыймай бара жатқан ақылың екен ғо…
konvict
Меніңше тілмен көп жұмыс істеп үйреніп қалған секілді
kokbori
Сен өз бағаңды өзің білмей жүрсің ау дим, Жәке, әйтпесе, тұрған бойың тұнған идея ғой. Жасың кіші болса да мойындаймын
Altygradus
блогкемп — қалалардағы блогерлердің басын қосып, Қазақстанның барлық бұрышын аралауға тиіс формат ретінде қалсын.
осы ойларыңа вааааще қарсымын, дым ақылға сыймайтын нәрсе.
егер тек сондай форматта болса, жәй бес мың теңге төлеп кафеде тойлатып, танысып қайту болса, оған уже дені дұрыс адамдар келмейтін болады. Сосын не ол анда көшу мында көшу, сол қалаларды араламай норм спонсор тауып, презентациялар сапасын арттыру қажет.
Жалғас Димаш сосын сендер бір нәрсені ұмытып барасыңдар.елдің бәрін өздердіңдей қарайтын шығарсың. мысалы елдердің жұмысы сендердікі сияқты сайт жасау, жаңа медия немесе сайтты қазақшалауға қатысы жоқ, мүмкін нет саласынан мүлдем бөлек, ана сендер айтқандай шараларға дені дұрыс қай адам келеді?? Жылына бір сол блогкэмпке жұмысынан әзер сұранып келетіндер қаншама, сондай жиылысты нормально деңгейде өткізу керек қой. Танысу білісу үшін ғана оның атын блогкэмп деп атын жардай ғып атаудың дым қажеттілігі жоқ, танысттықа зәру адам болса, былай да танысып алады…
Janasil
Алматыда өткізу керек дегенді 100% қолдаймын. Блогшылардың саны әрі сапасы артқанша Астана мен Алматыда кезек өткізіп тұрған дұрыс!!! /Ұйымдастырушылар да тәжірибе жинап қалды, екінші рет өткізу оңайырақ болады/.
satibaldi
Блогшылардың саны әрі сапасы артқанша
Оны сен анықтайсың ба?
Janasil
Кемшілік жағына қосарым:
-Ақпарат таратып отыратын арнайы адамдардың тағайындалмауы. Сырттағы жұрт сусап отырды. /Қарасақалдан басқасы/
asaubota
мені де күмілжіткені презентациялар. келесі блогкемпте форматты аздап өзгерту керек деп ойлаймын. биылғысында біраз шашыраңқылық, жатырқау байқалды. сондықтан келесіде бәрі бір жерде жүру үшін лагерь форматын қолдаймын. презентациялардың санына емес сапасына көңіл бөліп, іріктеуден өткізіп, тек 1 жерде ғана өткізген жөн. бірінен кейін бірін. қатысушылар құрамын да биылғыдай қазақшылыққа салынбай нақты бір күн белгілеп, сол күнге дейін қабылдау және кішкене босла да формальдық үшін символикалық ақы алу.
Altygradus
иә іріктеуден өткізген дұрыс сияқты.Сапалы деңгейге көшсек.
kokbori
бірінен кейін бірін. қатысушылар құрамын да биылғыдай қазақшылыққа салынбай нақты бір күн белгілеп, сол күнге дейін қабылдау және кішкене босла да формальдық үшін символикалық ақы алу.
Кішкене емес, дұрыстап жарна жию керек. Сосын бостан босқа шошаңдап шаба бергенді қоямыз.
TOTY
Лагерь форматы жаз маусымына жақын келетін сияқты. Ал жазда көбісі жан-жаққа шашырап кетеді ғой.
Nurgisa
Шымкентте Наурыз мерекесіне қарай ауа-райы әдетте әжептеуір жылы болады.
Машат — оңтүстіктегілер ғана емес, ел қауымының көбісі демалыстауға баратын шипа салоны бар, басқасы бар, көлемді кешен. Білуімше, пансионаттарында лайықты демалуға инфрақұрылым қарастырылған.

Блогкемптің күн тәртібін әртүрлендіруді қолдаймын. Командаларға бөлініп, түрлі викторина, спорт түрлері бойынша жарысу, сайысу болғанын құп көрем. Бұл, тіпті, препатиде болса да жақсы. Одан соң, егер Машатта өткізетін болсақ, препати күні блогшылардың көбісі біле бермейтін дарындарын ортаға сап, өз арамыздағы өнерпаздардың әдемі концертін неге ұйымдастырмасқа?!

Бастысы, ашық алаңқайда үлкен полотно қойып, бәрі біріге бір презентацияны тамашаласа, бір тематика бүге-шегесіне дейін қорытылып, презентаторлар еркін көсілсе?!

Тәжірибеміз аз дегенге сенбеймін. Аласалаудың реті жоқ сияқты.

Жағрапиялық диверсификация тұжырымдасын құп көрсек, 2014-те, мысалы, батыс өңірінде, 2015-ті шығысымызда өткізсек ше?! Меніңше жақсы идея сияқты.
a63a1
сайысу болғанын құп көрем.
көзден кетіппін «Сүйісу» ме деп ішім жылып қалса
a63a1
таулы орманды аймақта өтсе екен)))
Nurgisa
Машат сондай жер, негізі…
a63a1
онда Машатқа екі қолыммен дауыс берем
Nurgisa
Машат туралы аз-кем мәлімет және суреттер:

www.e-shymkent.kz/kaz/gallery/sightseeing/raznoe3/photo/178
shimkent.ucoz.ru/publ/23-1-0-114
yvision.kz/post/167854
a63a1
Жердің жәннатығой мынау, домбыра ала шықса тіпті керемет болары анық. көк шалғында отырып күмбірлете домбыра шегіп тойыс шертіп отқанға не жетсін
a63a1
Түлкібас ауданына жақын орналасқанба?
Nurgisa
Иә, қатты қашық емес.
a63a1
бұйыртса байыңыз болам деп жүрмғой Түлкінің басындығы аруға Рахмет ақпаратқа) Жеріне ғашық болып үйленген жігіт деген атаққа лайық бірінші еркек мен боламын бұйыртса
qisyq
Кеш қалдың, жүрміз ғой Машатқа күйеу бала болып.
a63a1
ну былай енд қалай екен? Білмеген жердің ой шұңқыры бар дегендей, қайынжұрт жауынқұртша жаныңды қопсыта бермейме?
Daniar-Alan
уиии, білмеппін
aikarakoz
Абзал, мен өшіріп жатырмын сені достарымның тізімінен! Мен Орданың басынан сияқты едім да шы… енді тошны ақтала алмайсың!
a63a1
Түлкібас ауданынасың сен!!! Мен жынды әлде тағыда мен жынды?
aikarakoz
Бұл жолғы сылтауың өт-пей-ді!!! ӨТПЕЙДІІІ! пОКА!
a63a1
Мұрағаттан тауып алсам ше?
aikarakoz
Тауып ал, бәрібір ол көмектеспейді! Мен ешқашан түлкінің басының қызы болған емеспін! ойша да
Adiletshu
Түлкібастың қызы болу ұят нарсе ма
aikarakoz
Әрине ұят емес! Мен басқа жақтың қызы боп көрмегем да пыросты
a63a1
сыныққа сылтау іздеген екенсің))) Өтпейдііііііі!!! Сүймейм десең бетіме айт жұрттың көзінше
a63a1
Көзілдіріктың көзілдірігімен ойнағанда үндемей-ақ жүрмізғой осы.
aikarakoz
Өзің жеңіліп бара жатқанда олай атака жасамасаңшы
Мен бір рет қана ойнағам и то бір адаммен  ал сен…
a63a1
өзіңді өзің қызғанып отсың. Қыз кезінде бәрі жақсы дегенмен
aikarakoz
ойбай-ай! айналайын, әзілімнің түрі еді бұл! құрысын, қазір әңгіме айтып тастайтын түрің бар ғой
a63a1
и жаным солай жөнге келсиш))
Janasil
Машат керемет жер… Тек қауіпсіздік жағы қиындау болатын секілді.
kokbori
Жәке, сенің екінші нигің бар емес пе, сөйлесең болды, плюс шауып жетеді
Janasil
Екінші Ник әзірге Жоқ. Сатыбалды шығар + қойып жүрген.
Aizhantabyn
Өткенде презентацияларды іріктеу туралы сөз болғанда, Қуаныштың ондай әрекет кэмп ережесіне қарсы дегені жақсы есімде. Шектеу қою ережеге қарсы болатын болса, онда кэмп емес басқаша форматқа көшу керек шығар, а?
Өзім де көп презентацияда бола алмадым. Оған қоса, уақыттың тығыздығы да жанға батты.
qisyq
Жоқ, іріктеуге қарсымын. Бола берсін, «Блог деген не?» деген презентация да керек, оның да өз аудиториясы бар. Маған презентациялардың біразының жүрдім-бардым жасалғаны қынжылтты. Кәсіби презентацияларды жасай алатын адамдар бар ғой жоқ емес. Уот, солар аз болды.
Altygradus
иә таңдау туралы сосын медия туралы өте жақсы айттың, мен айтпағым да сол болған, биал ана Қазақстан мен несчастный Хабардан басқа жерде айтылмады. Былтыр нетте де көп шу болған еді, ЦТ мен ювижнда әңгіме боп, бірі мақтап бірі даттап, біраз шу болған еді. Демеушілер алдында да, абырой ретінде де сол жақсы еді, келесі жылы ПиАрды көбірек есте ұстайтын боламыз.
satibaldi
Ұшақ мәселесін де ұмытпасаңыздар екен.
Zilola
men ushak bolmagan son barmadym, nazymdy olen kylyp zhazbak edim, ol da koldan kelmedi )))
kokbori
Жалпы осы қай жерде өткізу керек дегенді қою керек сықылды. Бос әңгіме, келесі кезге дейін біраз бар. Оған дейін бәрі де іздене берсін. Сосын "қолайына жақса сақа қой". Мен бұл әңгімені айтқанда Атырауда болса қалай болар еді деп жай ғана ұсыныс бердім, осындай көтеріледі деп ойламаппын да. Менің негізгі мәселем қауымдастық еді. Мынау белден басып, ілгері кетті. Қайдан айттымға қалдым
e_zhalgas
иа, жаңа амплуаң өзіңе сондай жарасады екен
satibaldi
Жоға, Chevron, Total, Shell, ConocoPhilips, Eni, Agip, «Жамбай» ЖШС демеуші боламыз деп жатса — өткіз әрине.
kokbori
Әуелі тренинг өткізейін, сосын басқасын көрермін. Олимпиада өткізбес бұрын басқа турнирлерді өткізеді ғой
satibaldi
Очм, әзірге тек автовокзалдан Сәдуақасовқа тегін аптобусқа кепілдік берем десейш.
kokbori
Небары қырық бес теңгеге қаланың барлық бұрышын автобуспен қыдруға мүмкіндік
konvict
Бір апта көлемінде блогкэмптен басқа тақырыпта пост жазсаң оқылмайтын секілді ғой
satibaldi
Екі-үш шедевріңе бір де пікір болмай, қайта жойып тастадың ба дейм, а?
konvict
 Епті, біз шедевр емес, «шедевр» жазамыз ғой.
Жоға, негізі жалпы айтып жатырмын да
asaubota
былтыр да солай болып, сенің сайтқа кеш келіп, құрылтайды білмей қалып зар илегенің әлі есімде
KILYZAMAN
Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...
Ата-Бабаларымыздан қалған қасиетті нәрселерді мәңгілік деген тұжырымға қарсымын… Олардан қалған пәлсәпәның жемісі ұлан байтақ(жер көлемі) еліміз. Олай болса ендігі қаруымыз — жаңа технолгиялар(жайлау мен қыстақтар ;-) )
AKY
 2 презентация жасап, блогкемп контентін толтырды Қисығым
qisyq
Қой, өзім ұялып жүрмін ол презентацияларымнан..,
Rozatai
ялғаның қандай жақсы, қарағеееееееем!
kokbori
негізі Қисықтардың кетіп қалғаны жаман болды. Бір жиналып маслихат құрамыз ба деп едім
monti
Қисық ойларың дұрс, Алмат боп қала берсінЧ кемп орны))))
биыл жаңа қолданушылар көп екен, көбісін танымадым суретте

сосын жалпыға сұрақ: неужели проф. түсірген суреттер жоқ, ато көп суреттер ағарып не болмаса, қарайып кетіпт.

Нау суреттерден футболкадағы логоға қарап былтырғыны қалдырған? сонда 2 лого болған ба? сосын, логоларды клейлеген бе? неге ақ фондар?

уайййй НУ корпусын көргім кеп ед
Daniar-Alan
былтырғы жырың да лого бопт ғүӘ
Daniar-Alan
Жыл сайын күліп тұрамын деп едім, 3 жылдан соң еске түскенін қарашы *demon*