Қазақ философиясындағы физика

Бір жақын досым студент кезінде осындай тақырыпта ғылыми жұмыс қорғап еді. Орыс тілді, материалистер физикалық есептеулер жоқ деп күресінге тастады. Ойларын бағалап көріңіздер:
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды — Сырттан күш әсер етпесе зат орнынан қозғалмайды(Ньютонның әйтеуір бір заңы)
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды — Аттас зарядтар бір-бірін тебеді,
Бөріні қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды — Тартылыс заңы.

Тағы осылай кете береді негізі. Есімде қалғандары осы. Ғылымда 1 парагроф бойы түсіндіре алмайтын ұғымды, 1 тіркеске сыйдырған мақалдарды ортаға сала отырыңыздар…
Әрі қарай

Татардан келер қатер бар ма?

Әр мақал-мәтелдің айтылатын жері, беретін белгілі бір ойы болатыны сөзсіз. Қай халықты алып қарасаңызда.
Біз қазақтар өзімізді "қонақжай халықпыз" деп дәріптейміз. Орыстарда өздерін солай есептейді екен. Қазекем күтпеген қонақты "Құдайы қонақ" деп шашбауын көтерсе, орекеңдер «Незваный гость хуже татарина» деп жақтырмағандай сыңай танытады. Бұл мақалдарының бір ұшы сонау моңғол-татар шапқыншылығымен байланысты деседі. Бұл мақалды қазақтың қонақжайлылығын көрсету үшін алмадым. «Татар» сөзі үшін алып отырмын. Біздің халқымызда «Татар бар жерде қатер бар» деген де сөз бар. Шынымен бұлардың бір бәлесі бар ма? Біздің мақалдың шығу себебі неде екен?
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері - VI сөз

Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды — бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік — ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды — тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас, — болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
Әрі қарай

"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Әрі қарай

“Қуған профессор”

Орысшасы “Бред профессора”, аудара алмадым. Кез-келген қарапайым мақалды алып, сондағы әрбір сөзді қиындатып жібереміз де, барлығын қайта жазып шығамыз. Ойнаушы адам бастапқы мақалды не мәтелді табуы керек (ВАК құрамындағы журналға шығып қаламын ба деген үміт қой, жай ғана).

Сонымен:

1-заң. Көлік құралы болып қолданылатын екі жүзу құралының артқы жағын ұстаған индивид – түссіз, иіссіз мөлдір сұйықтық болып табылатын, сұйық агрегаттық күйдегі сутегі оксидінің ішіне кетеді.
Әрі қарай

"Антоним" мақалдар

  • TOP
Мен көп жағдайда, жаманға дайын болып жүремін. Шаруаның оң аяқталатынына көзім жетіп тұрса да, аяғына дейін анық белгілі болмайынша жеңісті тойламаймын)))
Бірде жұмыс бойынша мәселелер легін ақтарып, қара аспанды төндіре жөнелгенімде, әріптесім «жақсы сөз айту керек, жақсы сөз — жарым ырыс деген» деп ренжігенде, мен: «мен жаман айтпай, жақсы жоқ деген пессимистердің мақалын ұстанам» деп құтылып кеткенім бар етін)))
Шыны керек, қазағымда бір-біріне қарама-қайшы небір мақалдар бар. Әркім өз керегін пайдалана береді. Білгендеріңізбен бөлісе отырыңыздар, ағайын!