Құлшылыққа құлшыну – құтылу 2


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



6 – Құлшылық етуге ерте емес пе? Біз әлі жаспыз ғой! Мүмкін, оған пенсияға шыққан соң кірісерміз?
Аллаһ Тағала былай деді:
«Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз, Аллаһ — толық Білуші, Хабардар». (Лұқман сүресі, 34-аят)
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 1



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп атайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керегін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін» (Ниса сүресі, 165-аят).
Әрі қарай

Адамның ең бірінші парызы не?


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Адам баласына ең бірінші міндеттелетін парыз – бұл Аллаһқа иман келтіру. Егер адам өзін жаратқан Аллаһты білмесе, онда ол мал сияқты өмір сүреді. Оны Кім жаратқанын білмейді, осы өмірге не үшін келгенін білмейді. Жеп-ішеді, ұйқыдан оянып, қайтадан ұйықтайды… Не үшін өмір сүргенін білмей, осылай өтіп кетеді. Аллаһ Тағала айтады: «Иман келтірмегендер дүние тіршілігінен аз ғана пайдаланады және хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны Тозақ оты» (Құран, 47:12).
Әрі қарай

Дарын Мубаров. "По блату"

Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: “Жұлдыздар отбасы” деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын “Жұлдыздарға” шықса…

Жарайды, сол жорналда жас пен кәріге бірдей таныс Дарын Мубаровтың да сұхбаты басылыпты. Таныстырайын ба, әй бәрің танитын шығарсыңдар. Ол – ақын. Ол – уағызшы. Осымен тоқтайын. Сұхбат жақсы-ақ, бірақ жорналдың қалыбына сыймай, тасып тұрғаны, оны “аяусыз” қысқартып, “армансыз” шолтитқаны көрініп тұр. “Жақсы сұхбат алыпсың” деп жақаурата, “Жұлдыздағы” журналист Марфуға Шапиянмен жазыстым (неде, неде? агентте). Расында, дәп тауыппын. Компьютер бетінде 11 парақ болған… 4-еуі ғана баспаға кетіпті. Мұндай “әділетсіздікке” қарсы тұрушы Кихоттық мінезім ұстап, сұхбаттың толық, семіз нұсқасын сұратып алғам :-) Аяғына дейін оқуға шыдамыңыз жетпесе, ортасына дейін, ортасы болмаса, осы жерге дейін оқыңыз. Жоқ, оқыңызшыыы!!! Себебі, сұхбат, қалай айтсам… в шоколаде. Бұдан кейін “өмірдің мәні не? Мұсылман болу қызықтан түңілу ме?” деген “біртүрлі” сұрақтармен мазаламайтын боласыздар, ат вешаю)))

Толық нұсқасы
Әрі қарай

Мәуліт - Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні (14-15 ақпан 2011)


Мәуліт тарихы

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:

“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.
Әрі қарай

Хуснизан мен Суизан



… Ол “Музыканың барлық түрі харамға жатады. Ымырасыз!” деген пәтуамен жүретін. Менің сірә өзгелерде шаруам шамалы…

… Жұмысқа әдеттегідей жаяу келе жатқан бетім. Құлағымда наушник. Күртемнің бас жапқышын киіп алғам. Артымнан келіп амандасқанын қапелімде көрмедім де, естімедім. Үңілгеннен соң ғана құлағымдағын шешіп, амандастым. Алғашқы сөзі “Музыка тыңдап келемісің?” болды. Сасып қалдым да “Жоқ! Уағыз…” дедім. Одан әрі бір-екі ауыз тілдестік те, ол өз алдына мен өз жайыма кеттім. Әңгіме осымен аяқталды.
Әрі қарай

Кімдердің Исламын ұстанамыз?

Админнің бөлмесі: Кімдердің Исламын ұстанамыз?
Қазақ.кз сайтына дін тақырыбында жақсы, өте сауатты мақала шығыпты. Мақаланы түгел көшірмей-ақ қояйын. Түпнұсқасын мына жерден оқырсыздар. Автор қазіргі кездегі еліміздегі мұсылмандарды 5 топқа бөлген екен. Өте жақсы анализ істеген. Тілімізді бүлдіргендер енді дінімізді де бүлдіріп жатыр, болашақта қазақ деген ат жойылып кетеді ме деп те қорқамын. Мақаланы ерінбей оқып шықсаңыздар да болады, біраз ақпарат аласыз. Кімдерден қауіп күту керегін түсінесіз.

Сонымен қазіргі мұсылмандар мынандай екен:

1. Олардың біріншісі қазақ халқы осы кезге дейін ұстанып келген Ханафи мазхабын ұстанатын, Діни Басқарма Мүфтиаттың төңірегіне топтасқан намазхандар. Олар Мүфтиат тағайындаған мешіт имамдарына бой ұсынып, туындаған діни мәселелерде соларға жүгініп, мазхаб тәртібі бойынша құлшылықтарын атқарады. Олар шариғатқа қайшы келмейді деп танылған салт-дәстүрлерді ұстанады, ресми билікті мойындайды, және иманның шарттарын сақтайтын өзге топтардағы намазхандар мен намаз оқымайтын жандардың да мұсылмандықтарына шүбә келтірмейді. Сол арқылы имамдарына бой ұсынушы мешіт намазхандары өздерінің кеңдігімен, сабырлылығымен ерекшеленіп, орташа көзқарас ұстанатын жамағат ретінде танылады.
Әрі қарай

Мұсылман мен Лексус

Блог - timurrr: Мұсылман мен Лексус“Лексусты” жақсы көлік дейді білетіндер. Жақсы екенін түрінен де білуге болатындай. Әдемі. Қарасаң көз тояды. Артық-ауыс жері де жоқ. Жұмыртқадай жұп-жұмыр келген кескіні де тамаша. “Тойотаның” элегант нұсқасы дейді” тағы бір білгіштер. Бәлкім… Әйтеуір, автокөлік-сүйгіштердің сілекейлерін шұбыртып-ақ тұр. Әркім-ақ сол бір сұлу мәшінді иемденуге құмар-ақ. Ал енді менің тақырыбыма келсек, “Мұсылманның Лексусқа не қатысы бар?” дейсіздер ғой? Пәлендей қатысы шамалы. Бірақ ғибрат алатын жері бар.
Әрі қарай