Дарын Мубаров. "По блату"
Айтпады демеңіз, бұл блог жылнамамда болып көрмеген пост (ораза емес) болмақ… Ұзақтығы да, ұлағаттылығы жағынан да. Очм олай, жоқ былай: “Жұлдыздар отбасы” деген жорналдың жетінші саны жетті. Жылтыр бетін жырта жаздап оқыдық. Бастығымыз – бас редактор Қуат қасқа сұхбат беріп тастаса, редакцияның тышқақ тарақанына дейін қуанады емес пе? Еще жұрт жапырып оқитын “Жұлдыздарға” шықса…
Жарайды, сол жорналда жас пен кәріге бірдей таныс Дарын Мубаровтың да сұхбаты басылыпты. Таныстырайын ба, әй бәрің танитын шығарсыңдар. Ол – ақын. Ол – уағызшы. Осымен тоқтайын. Сұхбат жақсы-ақ, бірақ жорналдың қалыбына сыймай, тасып тұрғаны, оны “аяусыз” қысқартып, “армансыз” шолтитқаны көрініп тұр. “Жақсы сұхбат алыпсың” деп жақаурата, “Жұлдыздағы” журналист Марфуға Шапиянмен жазыстым (неде, неде? агентте). Расында, дәп тауыппын. Компьютер бетінде 11 парақ болған… 4-еуі ғана баспаға кетіпті. Мұндай “әділетсіздікке” қарсы тұрушы Кихоттық мінезім ұстап, сұхбаттың толық, семіз нұсқасын сұратып алғам :-) Аяғына дейін оқуға шыдамыңыз жетпесе, ортасына дейін, ортасы болмаса, осы жерге дейін оқыңыз. Жоқ, оқыңызшыыы!!! Себебі, сұхбат, қалай айтсам… в шоколаде. Бұдан кейін “өмірдің мәні не? Мұсылман болу қызықтан түңілу ме?” деген “біртүрлі” сұрақтармен мазаламайтын боласыздар, ат вешаю)))
Толық нұсқасы
Жарайды, сол жорналда жас пен кәріге бірдей таныс Дарын Мубаровтың да сұхбаты басылыпты. Таныстырайын ба, әй бәрің танитын шығарсыңдар. Ол – ақын. Ол – уағызшы. Осымен тоқтайын. Сұхбат жақсы-ақ, бірақ жорналдың қалыбына сыймай, тасып тұрғаны, оны “аяусыз” қысқартып, “армансыз” шолтитқаны көрініп тұр. “Жақсы сұхбат алыпсың” деп жақаурата, “Жұлдыздағы” журналист Марфуға Шапиянмен жазыстым (неде, неде? агентте). Расында, дәп тауыппын. Компьютер бетінде 11 парақ болған… 4-еуі ғана баспаға кетіпті. Мұндай “әділетсіздікке” қарсы тұрушы Кихоттық мінезім ұстап, сұхбаттың толық, семіз нұсқасын сұратып алғам :-) Аяғына дейін оқуға шыдамыңыз жетпесе, ортасына дейін, ортасы болмаса, осы жерге дейін оқыңыз. Жоқ, оқыңызшыыы!!! Себебі, сұхбат, қалай айтсам… в шоколаде. Бұдан кейін “өмірдің мәні не? Мұсылман болу қызықтан түңілу ме?” деген “біртүрлі” сұрақтармен мазаламайтын боласыздар, ат вешаю)))
Толық нұсқасы
(Енді мына қызыққа Назар салшы Өреке! 20-ғасырдың басында Әбдурахман ахун Таңли Тана деген кісі өмір сүрген. Сол кісі кітабында былай дейді:
Абдулуаһһаб Нәждиді естіп көрдің бе? –
Дұрыс оны оңнан, солдан таныған.
Туды ол лағин бір мың бір жүз он бірде,( хиджра)
Хабардар бол, ылас, настың халынан.
Жүрегінен шайтан ұя салғалы
Әһли сүннет жамағатын алдады,
Ол тарихын жалғандыққа жалғады,
Хабардар бол, жаман нышан шаңынан.
Тыңдамады өзін туған әкесін,
Дұрыс жол деп жұртқа ұсынды қатесін,
Кетті адасып, аударды да Жат есін,
Хабардар бол, адасқандар жолынан.
«Шайтан мүйізі шығар, – деген, – Нәждіңнен», –
Расул сөзін естімеген аз, мүлдем.
Бар мұсылман, күрес әлгі азғынмен,
Хабардар бол, ергендерден соңынан.
Абдулуаһһаб ұлы шайх Сүлеймен*
Түңілді әбден бірге туған – дүлейден.
Бауырынан безді ақыры үреймен,
Хабардар бол, бауырлардың сорынан.
Тұтас білді ел, «ақидасын» Нәждінің,
Ата, бауыр жүректерін қазды мұң,
Жер аудартты – таныған соң «мазмұнын»,
Хабардар бол, сұрқияның торынан.
Бұл «мақсатпен» ибн Таймия азды да,
Ибн Қайым дамытты оны бағзыда.
Нәжди лағин таратты елге жазды да,
Хабардар бол, шайтандардың тобынан.
Мақшар күні аян – азап кешері,
Әділ Хақтың қыйын болар есебі, –
Азғындарды «уаһһабшылар» деседі, –
Хабардар бол, уаһһабшылар қолынан.
«Ел бетіне жақса да олар нас-кірін,
Еш тастама ата-баба дәстүрін», –
Солай деді Абдуссамғ мақсұмың,
Хабардар бол, жат пиғылдан торыған.
«Қабірлерді ету күнә зиярат,
Бір Алладан басқаны атау – қиянат.
Расул де бола алмайды тиянақ». –
Хабардар бол! – Солай дейді ол ылаң.
Айтады олар: «Тек Алланы шақыр, – деп, –
Айтпа нәби, уәлилердің атын, – деп. –
Дәуре, исқат, підияға хақың жоқ!» –
Хабардар бол, бұзықтардан молынан.
Құрыды, – дер, кісілерді дәуре еткен,
Мұсылманды жікке бөліп әуре еткен.
Қабірлерді быт-шыт қылды!
Жау неткен! –
Хабардар бол, шайтандардан жолы қан.
Сөздеріме бол ұқыпты, тыңдарман,
Жауыздардың ісі жала, кіл жалған,
Қабірлерді бұзуды дер: «Иманнан» –
Хабардар бол, мұндай содыр долыдан.
Құран сөзін теріс айтып тіс салған,
Мойындамас Мазһабыңды ұстанған,
Керемет пен шапағаттан тыс қалған,
Хабардар бол, діннің сорлы, қорынан.
«Надандық» деп Имам Ағзам нұр-жолын,
«Мүшірік» деп шын сопылар пірлерін,
Ғайбаттайды Жайланидің дүрмегін,
Хабардар бол. Қалма қапы соңынан.
Уаһһабшылар – Әулиенің дұшпаны,
Шілтендерді құрту – жетсе күш-кәрі.
Күллі шахит – «Заңдарынан» тысқары,
Хабардар бол, тариқатсыз шорыдан.
Уәлидің қыйратам деп күмбезін,
Жез тырнақпен жаппақ болад күн көзін,
Тура жолдан мәңгі айырған тіл, көзін,
Хабардар бол! –
Ол жеріген қағынан.
Залымдардан жүздеріңді бұрғайсың,
Тап боп қалса, барынша аулақ тұрғайсың.
Қарасы өшсін – шапағаттан жұрдай сұм! –
Дүние адасты шайтандардың шаңынан,
Құтқар дінді – Ібілістің Заңынан!
Хамфердің Признание Английского шпиона деген кітабы тағы бар….)
(Жақсы атты иеленген адам — жақсы адам, деген қағида жоқ. )
Бұның не қатысы бар деп отырған шығарсың. Бұл саған емес бәрімізге қатысты. Алдымен әр ісіміздің маманы болып алайық. Сол кезде барып дау айтуға болады. Мына жердегі біздің, ішінде менде бар, жазған кәмменттеріміз өзіміздің біліміміздің таяздығын көрсетеді.(Дін турасында, әрине. Мені уаххабист деп ойлап қалмаңдар. Оларға үш қайнасам сорпам қосылмайды. Алдымен, АбдулУаххабтың кім болғанын толық білмей оған қарсы сөз айтқанымыз айып нәрсе. Дарын туралы да сондай. Алдымен Дарын білген нәрсені біліп алайық, сол кезде оныкі дұрыс па, бұрыс па анықтай жатамыз
Түңілді әбден бірге туған – дүлейден.
Бауырынан безді ақыры үреймен,
Хабардар бол, бауырлардың сорынан
ең бірінші болып ескерткен өзінің туған ағасы.
Дін туралы мақала шығармас бұрын, Мұсылмандар басқармасымен ақылдасасыңдар ма сендер осы? Бізде ресми түрде уағызды тек Діни басқарманың бекіткен уағызшылары ғана бере алады… Себебі біздің мемлекеттің Діни Басқармасының ресми мазхабы, ата бабамыздың ұстанып келген мазхабы ханафит…
Сондықтан халыққа дін ислам туралы жазып жаймас бұрын сәл ойлану керек, Діни басқармадағы ағалармен ақыладсу керек… Себебі дін мәселесі оңай емес..Өкінішке орай, дін жамылып қазақты бөліп жатқандар көп…
айтпақшы бұл жігіт кім деп сұрақ қойсам Моймирдағы мұқағалистердің қаһарына ұшыраған Сатыбалдыдай болам ба?
my.mail.ru/community/aqd/audio
Иектегі сақалды.
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!
Міне Шәкәрімнің сақал туралы жазып кеткені…
Сауд Арабиясы діни білім алудағы сенім жоқ елдерге жата ма?
Меніңше бізде ең көп Мысыр мен Түркияға сенетін сияқты. Біздегі Нұр-Мүбәрак Каирдың филиалы ғой.
Бұл енді өзімнің білгенім. Қателесіп, базбіреулерге күйе жағып кетіп жатсам, кешірсін ;)
Бізде Діни басқарма ресми түрде Ханафи мазһабын қолдайтындықтан, дін үйренгісі келген адам солардан үйренгені жөн деп ойлаймын өз басым. Әйтпесе, Қазақстанға келіп уағыз айтып жүрген түрі мұсылманға ұқсаған кім көрінгеннің ойынындаңы пешкіге айналып кету ықтималдығымыз өте жоғары.
Бұрын Англия мықты болған ғой, тіпті сектаның пайда болып, дамуына себепкер болған. (уахапшылар туралы).
Бұрынғы Англия қазіргі Англиядан өзгерек.
Мейлі ол Құранды керемет оқып, мықты түсінсін… Мықты діндарлық онымен өлшенбейді… Оған қарасаң, араб тілі мен әдебиетін жетік біліп құранды жақсы оқитын ғылым адамдары бар… бірақ оларда иман жоқ…
Кез келген дін адамы, оның үстіне дінді уағыздаушы адам, адамдарды бөлуге емес, біріктіруге тырысуы керек… Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен өсиеттерінің бірі осында шығар…
Қысқа балаққа келсек, әжетханаға кіргенде балақ былғанып қалмас үшін шыққан нәрсе ғой.Жайнамазға ондай киіммен тұрмас үшін. Оны кейін бұрмалап алған. Бұл жерде тек қысқа балақ ки немесе ұзын балақтыға тиым салынған деген пікір жоқ.
Ол қазір де тығылып ұрттап жүреді. Сақалды медициналық маскамен жауып алады.
Не үшін білмеймін? /Менің дүкенімнен алып жүрген соң көріп жүрмін, әркім күнәсіне өзі жауап береді ғой.../
Құран бағыштау туралы берген жауабы "өлген адам Құран оқымайды" дегенге саяды екен, «Менің атым Қожадағыдай» :)
"… Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?..." Абайдың оныншы қара сөзі
менің көршімнің қызы уағыздарын қатты құмартады. жанындағы браттарды ұнатпайды о сестрамыз. үшеу болса шансы бар деп қуантайын…
«білетiндермен бiлмейтiндер тең бе?» демей ме сол кiтаптарыңызда?
сосын ше, кирилица ең тәуірi. + жеке пост қып жазсаң, джынды болар ед. әйтпесе камментіңнің тақырыптың анналында жоғалатын түрі бар.
Мен де толық келісемін. Арақтың харам екенін түсіну үшін, оны күнделікті ішіп тұру керек.
Қарапайым ғана мысал: кез келген адамға барып СЕН ЖАМАНСЫҢ десең, ӨЗІҢЕ ҚАРА деп сенің кемшіліктеріңді тізіп бере алады. Сол сияқты қазіргі қоғам да олардан теріс айналуда. Яғни, олар тарапынан Исламға деген ОТВРАЩЕНИЕ тудыруда. Өйткені олардың ГРУБЫЙ МІНЕЗДЕРІ мен адамға дүрсе қоя беретін АГРЕССИЯЛАРЫ адамдардың жүрегін жаулай алмайтыны ХАҚ!
Ал, енді бір адамға барып, СІЗ ЖАҚСЫ АДАМСЫЗ десеңіз өзіне жылы тартып қалады. Саған да комплимент айтады. Артынан ол кісіге кемшін жерлерін, АҒАСЫ, МЫНАНЫ БЫЛАЙ ІСТЕСЕҢІЗ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ десең, өз кемшілігін түсініп ойланып қалады және түзелуіне де септігің тиеді.
ИСЛАМ ІЛІМДЕРІН қарадұрсін әдістермен емес, биязы да мәдениетті жеткізсе халық өз кемшіліктерін өзі-ақ түсінеді.
Осыған қарап жаңағы САЛАФИЛЕР Батыстың жіберген жансыздары ма деп қаласың, бір оқпен екі қоян атқысы келіп жүрген: Алдымен ИСЛАМДЫ жаманатты еткісі келсе, сосын қазақты жіктеп бөлуді мақсат тұтатын.
2. Кейбіреулер оны сол кезеңдерде Меккеде ширк көбейгендіктен соғыс бастаған деп ақтауға тырысады. Ислам өркендеп сол заманда Араб елінде қайдан жүрген ширк деп ойланып қаласың кейде…
3. Түріктерді жаман көруге ешқандай негіз жоқ. Байқағаным, Араб елінде оқып келген кісілердің уағызын тыңдайтын жамағаттың көп бөлігі түрік бауырларымызды иттің етінен жек көреді. Кейде бабаларымыз ұстанып өткен Ханафи мазхабындағыларды да «Турецкий ақида» деп ұнатпайды. Әсілінде, Ислам ілімінде Турецкий ақида деген түп тамырымен жоқ. Бар болса білетінім мыналар: Мәтуриди, Ашъари, Тахауи, және Шииттік сенімдер т.б. Қанша іздесем де түрік ақидасы деген терминді таппадым. Қайдан шығарып алғандарын құдай білсін! Егер сенім ұлтқа қарап бөлінетін болса, әлдеқашан қазақ ақидасына кіріп кететін едім:))) (Осы жерде бұттан кете жаздадым)
4. Саяси тұрғыдан қарайтын болсақ, Палестина мен Израил қақтығысында күллі Араб лигасы еврейлерден Палестиндықтарды арашалап алмақ түгілі, ләм-мим деп ауыз аша алмады. Арабымыз діншіл болса, неге өз бауырына көмек қолын созбады деп ойлаймын. Керісінше, жаңағы Түрік бауырларымыз ғана Сьездте Израиль үкіметінің әрекетіне салмақты тойтарыс бере білді.
5. Өз басымнан өткенін айтайын. Мен 5 сыныпта мешітке барып жүретін кезімде, кейбір жігіттердің «Мен Уаххабимін», «Біз Уаххабиміз» деп айтатын сөздерін көп естуші едім. Сол жылдары діни ағымдар мен секталарға қарсы күрес жүргізіліп, көптеген Хизбут Тахрир, Уаххаби ағымының өкілдері қамауға алынған болатын. Содан тым-тырыс болып қалған еді. Содан 5-6 жылдың жүзі өтіп, баяғы «Мен Уаххабимін»,«Біз Уаххабилерміз» деп жүретін жігіттер, «Біз Әлхамдулилла Сәләфиміз», «Мен Сәләфимін» деп өзгеріп шыға келді. Аттары өзгергенмен әрекеттері, ілім алатын кітаптары сол баяғы күйінде келе жатыр.
6. Дарынға ризамын. Аллах разы болсын ол кісіге. Кейбіреулердің уағызында «Дарын Сәләфи емес, оның ісі мен ілімі құран мен сүннетке сай емес» деп айтқаны есімде.
Дұрыс айтады. Дарын Сәләфи емес. Дарын — мұсылман. Жұрттың Дарын туралы айтпаған бәлесі қалмады. Айтса, айтсын. Ең бастысы ол өзі қаншама адамның дінге келуіне себепші болып отыр ғой. Қалған не аты, не заты жоқ біреулердің алыпқашпа әңгімелерге 382 метрден түкіргенім бар Сатыбалды айтпақшы.
7. Өркенге рыспек:)
22:20 — «Ақиқат — Истина». Документальный фильм