Адамның ең бірінші парызы не?
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Адам баласына ең бірінші міндеттелетін парыз – бұл Аллаһқа иман келтіру. Егер адам өзін жаратқан Аллаһты білмесе, онда ол мал сияқты өмір сүреді. Оны Кім жаратқанын білмейді, осы өмірге не үшін келгенін білмейді. Жеп-ішеді, ұйқыдан оянып, қайтадан ұйықтайды… Не үшін өмір сүргенін білмей, осылай өтіп кетеді. Аллаһ Тағала айтады: «Иман келтірмегендер дүние тіршілігінен аз ғана пайдаланады және хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны Тозақ оты» (Құран, 47:12).
Сонымен қатар, мұндай адам жер бетінде бұзақылық жасайды, себебі ол амалдардың қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін білмейді. Қай амалдар Аллаһтың разылығына жеткізеді, ал қай амалдар Оның қаһарына ұшырататынын білмейді. Мысалы, теледидар құрастырушының нұсқауын оқымай, қолданушы адам теледидарды дұрыс басқара алмайды, қосып-сөндіре алмайды. Дәл сол секілді кез-келген нәрседе.
Ол пайдаланып жатқан затын ойлап тапқан адамның нұсқауына сүйенсе, дұрыс басқара алады. Демек, адам баласы Аллаһтың жаратылысы ретінде өз-өздігінен тура жолды анықтай алмайды. Аллаһтың уақытша жаратқан жаратылыстарын дұрыс пайдалану үшін міндетті түрде соны жаратқан Жаратушы Аллаһтан басшылық болу керек. Сондықтан, осы жер бетіндегі түрлі бұзақылықтардың себебі аспан мен жерді Жаратушы Аллаһтың көрсеткен тура жолына ілеспегендіктен болып отыр.
Аллаһ тағала былай дейді: «(Мұхаммед) оларға айт: «Расында, сендер қашқан өлім: әрине ол сендерге кездеседі. Содан соң көмес пен көрнеуді Білуші Аллаһқа қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді көрсетеді»»(Құран, 62:8).
Өкінішке орай, қоғамның көп бөлігі осындай жағдайда. Көптеген адамдар өзін жаратқанға және кез-келген уақытта кетуі мүмкін болған өлімге ғапылдық қылып, уақыттарын босқа өткізіп жүр. Бұл осы өмірдегі надан адамның жағдайы. Дей тұрғанмен, бұл мәселенің екінші маңызды жағы бар – оның көмегімен адам өз жағдайын дұрыстап, ретке келтіре алады. Бұл тәубе ету және Аллаһ Тағаланың бұйрықтарына бағынып, бой ұсыну, алайда бұл нәрсені адам тек осы дүниеде ғана істей алады. Егер де адам осы өмірді босқа өткізген болса, ол өзін ең қымбат нәрседен айырған болып табылады. Бұл ең қымбат нәрсе – Аллаһ тағаланың разылығы мен Оның Жәннаты. Денесінен жаны шыққан соң, адам өзінің жағдайын ешқашан өзгерте алмайды. Оған екінші мүмкіндік берілмейді.
Демек, Аллаһтың адамдарға ең бірінші жүктеген міндеті – Аллаһқа иман келтіру. Егер адам шамалы болса да шынайы ойланар болса, Аллаһ тағала оны жаратып, сонымен қатар оған білім алуға мүмкіндік бергенін түсінеді. Аллаһ тағала былай дейді: «Аллаһ тағала сендерді аналарыңның құрсағынан еш нәрсені білмейтін етіп шығарды да, сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер!» (Құран, 16:78).
Аллаһ тағала бізге көру, есту және ойлау қабілетін бергендіктен, Оған ең бірінші шүкірлігіміз – Аллаһтың Өзі туралы білім алу болып табылады. Аллаһ тағала айтады: «Енді біл! Шын мәнінде Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ және өзіңнің күнәларың үшін кешірім сұра!» (Құран, 47:19).
Жаратушының Өзі туралы білмей тұрып, осы дүниеде де, о дүниеде де бақытқа жеткізетін тура жолға еру мүмкін емес. Кімде-кім Аллаһтың бұйрықтарын білуге талпынбаса, қасіретке ұшырайды.
Біз Аллаһқа иман келтіру деп мыналарды айтамыз: Аллаһтың бар екенін, Оның Өзіне тән барлық Есім, Сипаттарын білу, жүрегіне бекіту, мойындау және анық сену. Сондай-ақ, тек Аллаһ қана құлшылыққа лайықты екеніндіге иман келтіру. Аллаһтың бұйрықтарын орындап және тыйымдарыннан сақтанған адамның жүрегі әрдайым тыныш болады.
«Иман келтіріп бой ұсынушылар, Жаннатқа кіріңдер, сендер де, жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер! Оларға алтыннан табақтар мен кеселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдерің қалаған нәрселерің мен көздеріңді қуантатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар. Міне, осы сендердің амал етіп, мұра қылып алған жаннаттарың!» (Құран, 43:69-72).
«Қайтып келгенде Иса шәкiрттерiнiң ұйықтап жатқанын көрдi. Петiрге: «Шимон, ұйықтап жатырсың ба? Ең болмағанда, бiр сағат ұйықтамай отыра алмағаның ба? Азғырылмау үшiн сергек болып сиынып мiнажат етiңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — дедi. Тағы да шеткерi барып, Иса сиынып бұрынғы сөздерiн қайталап мiнажат еттi. Бұдан кейiн оралғанда шәкiрттерi қайтадан ұйықтап жатты, себебi көздерiн ұйқы басқан едi. Олар Исаға не деп жауап берудi бiлмедi. Иса үшiншi рет оңаша сиынып, қайтып келгеннен кейiн шәкiрттерiне: — Әлi де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Жетер ендi, уақыт болды. Құдай тағайындаған Билеушi күнәкарлардың қолына ұстап берiлейiн деп жатыр. Мiне, Менi ұстап берушi таяп қалды. Тұрыңдар, соған қарай жүрейiк! — дедi»
Ибн ‘Умар айтады: “Табук жорығына барған кезімізде бір кісі: “Мына біздің Құран оқушыларымыздан асқан мешкей, өтірікші және шайқаста қорқақ адамдарды көрмедік”, — деді. Сонда ‘Ауф ибн Мәлик: “Сен өтірікшісің, сен екіжүздісің! Мен бұл туралы міндетті түрде Аллаһ елшісіне жеткіземін”, — деді. Осыдан кейін ‘Ауф пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болған жайттың барлығын жеткізу үшін жүріп кетті. Бірақ, ол пайғамбарымызға келген кезде осы іске байланысты аян оны озып кеткенін көрді. Әлгі кісі Аллаһ елшісінен кешірім сұрау үшін келген кезде пайғамбар түйеге отырып, сапарға шыққалы жатыр еді. Әлгі кісі: “Әй Аллаһтың елшісі, біз жәй ғана мылжыңдап көңіл көтеріп отқан едік”, — деді. Ол пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесінің айылына байланып қалған тәрізді болды, әрі оның аяқы тасқа ұрылды, ал өзі: “Біз әншейін әңгімелесіп отырып әзілдедік”, — деп қайталай берді. Ал Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған мына аятты қайта-қайта оқи берді:
«Егер олардан сұрасаң: “Әрине біз әншейін сөзге кірісіп, ойнап едік” дейді. Оларға: “Аллаһпен, аяттарымен және Елшісімен қылжақтадыңдар ма?”, — де. Кешірім сұрамаңдар! Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар» (әт-Тәубә сүресі, 65-66-аяттар). Ол әлгі кісіге түк назар аудармады және айтылған сөзге ешнәрсе қоспады”. (Ибн Әбу Хатим 10046, әт-Табәри 16928. Хадистің сенімділігін шейх Муқбил мен шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнәут растады).
Осындай жерде өте жиі кіретіндер Аллаһтың діні туралы білімсіз сөз сөйлеу қаншалықты ауыр күнә екенін ұмытып, үлкен талас-тартыстарға түсіп жүр. Аллаһ Тағала былай дейді:
«Тілдеріңнің “бұл – рұқсат етілген (халал), бұл – тыйым салынған (харам)” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар! Аллаһқа өтірік жала жапқан боласыңдар. Шын мәнінде, Аллаһқа өтірік жала жапқандар құтылмайды» (ән-Нәхл сүресі, 116-аят).
Аллаһ Тағала білмейтін нәрселерді айтуға қатаң тыйым салды:
«Күдіксіз, Раббым … Аллаһ туралы білмейтін нәрселеріңді айтуға тыйым салды» (әл-Ә’раф сүресі, 33-аят)
Ибн ‘Аббәстан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім Құран туралы білімсіз сөйлесе, Қиямет Күні Оттан жасалған жүгенмен жүгенделеді!» (Әбу Я’лә. Хафиз Ибн Хәджәр хадисті сенімді деп атады. Қараңыз: “әл-Мәталиб әл-‘алия” 3048.)
Мұсылмандарға Жәннатты жақсы көруге, оған түсу үшін ізгі амалдар істеп жарысуға бұйырған Аллаһ былай дейді: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннәтке жарысыңдар» (Әл-'Имран сүресі, 133-аят).
Тағы да Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар (мүшріктер) Тозаққа шақырады да, Алла өз ұйғаруымен Жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсын деп, аяттарын баян етеді» (Бақара сүресі, 221-аят).
Ибраһим пайғамбар Аллаһтан: «Мені нығметті жаннаттің мұрагерлерінен қыл!» — деп дұға етті. (Шу'ара сүресі, 85-аят). Сонда сіздің пайымдауыңызға салсақ, пайғамбарлардың атасы болған Ибраһим Жәннатты сұрап ширк қылған екен ғой (Ағузубиллә). Сіздің пікіріңіз нендей жаман
Стоп… Ар-ождан бостандығы деген бар))) Троллинг деген де бар, Салғыласып ұрсыссу да жоқ емес, айтақ, айтақ!!!
Дегенмен, Алла тағала өмірді өзі алады деп қам қарекет жасамай отырып алсам, шынымен өліп қалатын сияқты көрініп тұрады
Jaratushydan ozge narseden qorquga shaqyruyn arqyly, ozin'nin' kuna jasap otyrganyn' bylai tursyn, jurtty da kuna jasauga undeudesin'.
ал ана қасқыр, тышқан деп жатқандарың орынсыз әңгіме
"қасқырдан қорыққан ширк па?" дегені «Сталоне Шварцнегерден қорқады ма?» дегендей мардымсыз сұрақтар айтып бас қатырушыларға айтып отырға ойланбай ақ жауабым жоқ.
Әл-хоуф дегеніміз – ұнамсыз, зиян мен залал келтіретін нәрседен қауіптену, қорқу. Қорқудың үш түрі бар:
1) Әл-хоуфус-сирр (жасырын қорқу): тек Аллаһтың ғана құдыреті жететін нәрселерде, Аллаһтан өзге біреуден қорқу. Яғни, жаратылыстың бірінен, анық себепсіз бір қауіп төнеді деп қорқу. Мысалы: Аллаһтан басқа біреу (әулие, аруақ) ауру, бәле, я болмаса өлім жібереді деп есептеу; Аллаһтан басқа біреу, адамды бақытсыз етеді деп сену және т.б. Бұл қорқудың үкімі – ширк.
Аллаһтан өзге құлшылық етіліп жатқан тәңірлер жалған екенін түсіндіріп жүрген Ибраһимді, оның халқы құдайларынан қорқуға шақырған кезде, ол былай деді: «Сендер, ол туралы еш дәлел түспеген заттарды Аллаһқа серік қоссаңдар да қорықпайсыңдар, онда мен сендердің серік қосқандарыңнан қалайша қорқамын? Егер білсеңдер, онда екі топтың қайсысы амандықта болуға лайықты? Иман келтіріп, сосын имандарын зұлымдықпен (ширкпен) қаптамағандарға амандық болады, әрі дәл солар тура жолмен жүреді» (Ән`ам сүресі, 81-82-аяттар). Тағы да Аллаһ, Һуд пайғамбарға халқы не деп айтқанын жеткізеді: «Біз: “Саған кейбір тәңірлеріміздің зияны тиген”, — деп қана айта аламыз» (Һуд сүресі, 54-аят). Осылайша, олар Аллаһтың ғана шамасы келетін нәрселерді, Одан басқа біреу істейді деп қорыққан. Ал біз тек Аллаһтан ғана қорқуымыз міндетті. «Мен сендердің Одан өзгеге құлшылық еткендеріңнен аулақ екеніме Аллаһ куә болсын, әрі өздерің де куәлік етіңдер. Барлықтарың бірге маған айла жасаңдар да, мерзімін кейінге шегермеңдер. Расында, мен өзімнің, әрі сендердің Раббыларыңа тәуекел еттім» (Һуд сүресі, 54-56-аяттар). Өйткені, барлық нәрсе Аллаһтың қолында, барлық істермен Аллаһ басқарады, Ол – барлық заттың Иесі.
Ал көптеген адамдар қабірлерден, әулиелерден, шайтандардан, жындардан қорқады, соның салдарынан, зияндарынан аман қалу үшін оларға құрбандық шала бастайды, қабірлеріне барып ақша қалдырып кетеді.
2) Әл-хоуфут-тоби`и (табиғи қорқу): қауіпі анық болған нәрселерден қорқу. Мысалы: от күйдіреді, қасқыр жеп қояды немесе қылмыскердің кезеп тұрған қарумен өлтіріп қояды деп және т.б. қорқу. Бұндай қорқу рұқсат етілген. Егер сен, шамасы келетін біреуден төніп тұрған анық себептерден қорқатын болсаң, онда бұл ширк деп аталмайды.
Сондықтан, Аллаһ Тағала Мұса пайғамбар туралы былай деді: «Сонда ол қорқып, жан-жаққа қарап қаладан шықты да: “Раббым! Мені залым елден құтқара гөр!” — деді» (Қасас сүресі, 21-аят).
3) Әл-хоуфул-мухаррам (тыйым салынған қорқу): жаратылыстардан қорқамын деп, Аллаһ бұйырған бір істі орындамай қою. Мысалы: бір кісі адамдардан қорқып, намаз оқымайды. Өйткені, егер ол намаз оқуға тұратын болса, адамдар оны қаралап, тіл тигізеді, тәлкекке салады. Бұл қорқудың үкімі – харам. Аллаһ Тағала былай деген: «Оларға адамдар: “Жұрт сендерге қарсы жиналды. Олардан қорқыңдар!” — деді. Алайда, бұл олардың имандарын одан сайын арттыра түсті, сол кезде олар былай айтты: “Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол нендей жақсы Қамқоршы”» (Әли `Имран сүресі, 173-аят).
Ahi bauyrym, dini jazbana Allah razy bolsyn! Birak mynalardy eskershi:
1) Ozge saittan koshirip, myna jakka kuddy bir ozin jazgandai koima! Birinshiden, ozgenin avtorly kukyn buzasyn. Ekinshiden, bul alan baska bir saittyn platformasy emes. Kalasan avtorymen berip, derek kozine silteme jasa. Ne sol kisige ait, osynnan blog ashsyn.
2) Qazaqia aitkandai astynan kommentin alyp tasta. Kuryganda bireulerdin senin sebep boluynmen asylyk aituynan saktaisyn
3) Shama kelgenshe jumsak bol! Dindi nasihattau osy eken dep jurttyn zaresin alma. Paigambarymyz (Allanyn ogan salemi men salauaty bolsyn) «Dindi kiyndatpandar — jenildetinder! Shoshytpandar — suisindirinder!» dep ketken. Suisindirip te nasihattauga bolady goi?
4) Lazhy bolsa komment kaldyrgandarmen salgylaspaganyn durys. Sebebi, erikkenderdin angimesin kyzdyra tusesin. Al kerek adam ozi sagan jeke jazyp, ne baskalai da surai alady. Aitpese, ozin bilesin, din oiynshyk emes. Osyndai kysyr angimeler kobeiyp ketetin bolgandyktan, adamdar dinnen kashyp juredi.
Rahmet!
1) Автордан рұқсат алғам.
2) Дұрыс айтасыз, енді комент жаза алмайтындай қыламын, иншалла!
3) Тырысып жатырмын))
4) Ескеремін, иншаллаһ!
Негізі, айтқаныңыздың бәрімен келісемін, насихатыңыз үшін сізге көп-көп рахмет! Алла Қияметте жүзімізді жарық қылып, Тозақ отынан сақтасын!
Ондайлар дінде жүргендердің арасында да көп, кеше ғана қаңғырып, арақ ішіп жүргендер уағыз айта бастағанда маған күлкіден басқа ештеңе келмейді. Егер жақсы аргументтермен, фактілермен уағыз айта білсеңіз сізге ешкім қарсы шыға қоймас.Қазнетте бір ақ жігітті көрдім, мықты жазады, эмоцияға берілмейді, фактілермен жазады, исламның кейбір түсініксіз жерлерін логикаға сүйеніп түсіндіре алады, ислам тарихынан, ислам келгенге дейінгі араб әлеміндегі жағдайды керемет біледі. Міне сондай адамдарды қатты сыйлап кетесің, нағыз мұсылман осындай болады екен дейсің.Өкініштісі сол-онайлар аз.Сондықтан дін тақырыбында осындай, орысша айтқанда, срач басталады.
Dinde jurgenderdin talasy baskarak bolady, mysaly, fikh ne akida maselesinde degen sekildi. Ol endi «tonki» dunieler. Mysaly, sizdi atom phisikasynyn mamany deiyk. Endi sol atomdyk phizika turaly pikirtalaska phisikter katyssa kalai, phizikianyn iysi murnyna barmaityn men salgylassam kalai? Sol siakty goi. Kalai bolganda da birinshi namaz okyp, ne oraza ustap, Kuran okyp baryp din turaly soilese baska, al tuk istemei kisimsinip dinshil bolsa ol endi ekizhuzdilik bolady. Birinshiden, ol ozin musylman eseptei otyryp musylmannyn paryzdarynyn birin oryndamaidy, birak jondi-jonsiz soilei beredi. Sonda eki kateligi bar. Al dindegi adam kisyk-kate soilese de keshke okityn namazy bar. Al bizge kelgen hadister ar namazdyn arasynda jasalgan kunalardy kelesi namazdy okyganda Allanyn keshiretini aitylgan. Demek dindegi adam utylmaidy. En kuryganda en sonynda kate soilese de taubesine keledi. Tungi namazyna turyp, napil orazasyn ustaidy.
Degenmen sizdin erikkender turaly sozinizge azdap kosylamyn, birak olardyn jarasy jenil dep oilaimyn. Din degende suikei salatyn erikkenderdin massasy kop bop tur osy kunde. Aitpagym sol etin.
«кеше ғана қаңғырып, арақ ішіп жүргендер» Tagy da pardon!
Sizge kim aitty «Keshe arak ishken adamnyn bugin namaz aituga, dini nasihat aituga kakysy jok» dep? Siz bilesiz be Islamnyn keshegi kunany bugin taubesine kelse joiatynyn? Sonda men keshe syra ishtim eken dep omir-baki kapir bop ketuim kerek pe dinnen bezip? Bile-bilseniz sahabalarymyz arak ishpek tugili shimirikpesten adam oltire salatyn kankuily bolgan. Mys: Omar haziret (r.a). Ol kisi Paigambarymyzdy (s.g.s.) oltirgeli kele jatyp, imanga keldi. Ogan ne aitasyz? Sonda bir buzylgan adamnyn Islamga keluine karsy bolatyn, Alladan ulyk kimsiz? Bul jerde menin kuni keshe kuyp jurip bugin perishte bolyp, orynsyz jurttyn zykysyn alatyndardy aktap otyrgan jokpyn. Masele, keshe iship jurgen adamnyn bugin Islam ustanuyna jane onyn dinnen nasihat aituyna Allanyn bergen kuky bar ekenin, ol ushin muryn shuiruge bolmaitynyn aityp jatyrmyn. Al endi ol adam uagyzdy, nasihatty kalai aitady. Ol endi basy bolek angime.
Seniniz magan, «исламның кейбір түсініксіз жерлерін логикаға сүйеніп түсіндіре алады» degendi de saralau kajet. Balkim jobalap tusindirer ol kisi. Birak Islam logikaga jatpaityn dunie. Alemnin joktan bar boluyn, tipti en aiagy aiakka masih tartkanda zherge tiyp, las bolatyn tabanyn emes, ustin nege sulaitynyn eshbir logikanyz tusindirip bere almaidy. Islamda tura magynasynda fantastika tolyp jatyr, olardyn barlygyn tusinu mumkin emes. Sondyktan musylman bar bolgany iman etedi.Iagni kozimen korip, kolymen ustamasa da senedi. Oitkeni, Islamda akyl jane nakyl degen bar. Akyl degen siz aityp otyrgan logika. Nakyl degenimiz Kuran men Hadis. Demek ardaiym logikaga suienu tubi orga jogady. Balkim, kapir etedi (Allah saktasyn)!
«Міне сондай адамдарды қатты сыйлап кетесің, нағыз мұсылман осындай болады екен дейсің.Өкініштісі сол-онайлар аз» tagy da pardon!
Siz bireu ushin emes, bukil alem jeksuryn bop ketse de oziniz ushin musylman bolynyz. Alemdegi 1,5 milliard musylman dal kazir jeksuryn kylyk korsetip, sizdin jureginizdi loksytyp ketse de, siz bireu ushin emes, ozinizdin imanynyzdy oilanyz! Sonda menin sozim kisyk eken dep siz musylmandyktan bas tartpaksyz ba? Allah saktasyn! «Bitke okpelep tonynyzdy otka jakpanyz»!
Kalai bolganda da Allanyn dini magan da, sizge de muktazh emes. Siz «Buitken Islamyna tukirdim» dep ketseniz de eshkimnin esh jeri kisaiyp kalmaidy. Allah ushin men de, siz de olgen masanyn jarty kanatyna tatymaimyz. Endeshe dal osyndai aitys-tartys ne kerek? Menin aitpagym osy bolatyn!
Sozim batyp ketse, iylip turyp keshirim suraimyn! Birak «Adam bilmegen narsesinin jauy» degen soz bar. Paigambarymyz (s.g.s.) da «Adam auzynan shykpagan sozinin iesi, auzynan shykkan sozinin kuly» degen. Sondai-ak «Adamdy bir auyz sozi Tozaktyk etedi nemes bir auyz soz Jannattk etedi» degen. Ne aityp, ne koiyp otyrganymyzga jauap bereiykshi, agaiyn?
Oziniz bilesiz goi, Kuranda «Eshkim eshkimnin kunasyn arkalamaidy» delinedi. Arpa ishinde bir bidai juru kerek shygar? «Sizder kunadan pak bolganda Allah tagala sizderdi joiyp, oryndarynyzga kuna jasaityn, sosyn Alladan keshirim surap, taubesine keletin kauym akeledi» dep ketken jok pa Paigambar (s.g.s).
Allah sizdi de, bizdi de, barlygymyzdy da keshirsin! Amin!
Вахабит, сәләфит т.б иттердің сенімі ЕМЕС!!!