Не тындырдым?

Кеше қызметтес келіншектің қайтыс болған шешесіне бата жасап бардық, көңіл айттық. (Оның арғы күні орыс апаның жерлеу рәсіміне қатысқан ек. Осындайда қазаққа риза болып қаласың. Барлық шығынды, қызметті, мәйітханаға апару, шығарып салу бәрін-бәрін
Әрі қарай

Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар...

Таңертеңнен бері агентке деген статус қойып алып, жұмысымды істеп отырмын. Әбетке болмаса, басқа шаруалармен кеңседен сырт киімімді киіп ешқайда да шықпадым.
Аяқ асты үйден хабарласып, ертең ауылға жолға шығатын болып қалдым. Үйге орнатылған телефонның құжаттарын жөндеу керек екен. «Ох елки, ақша керек болды, кешке баңкаматтан ақша алу керек» деп өзімше жоспарлап отыр едім. Осы ай басталғалы бері ұйқымды бөліп істеп жүрген фриланс жұмыстарым бар еді, соның ақшасын әкеліп тастады. Оған әкеліп бер деп айтқан да жоқ едім.
Опшым, отырыс осы. Шаруалар өздігінен тындырылып жатыр.
Бүгінгі тайғақты көз көрген соң, ендігі уайымым — ертең ауылға баратын жол қандай болар екен?
Әрі қарай

Гүлдер сыры

Блог - Gulistan: Гүлдер сыры

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.
Әрі қарай