Не тындырдым?
Кеше қызметтес келіншектің қайтыс болған шешесіне бата жасап бардық, көңіл айттық. (Оның арғы күні орыс апаның жерлеу рәсіміне қатысқан ек. Осындайда қазаққа риза болып қаласың. Барлық шығынды, қызметті, мәйітханаға апару, шығарып салу бәрін-бәрін жұмыстас қазақтар атқарды. (туыстары жоқ екен). Шалымен 56 жыл бірге ғұмыр кешіпті. Барнауылдан тың игеруге келген екен 50 жылдары. Қызы бізбен істейді. Ойламаған жерден келген қазаға есі шығып не істерін білмей қалды қызы (40-та). Зиратқа барып жұмыстағы жігіттер жерлесіп, көңіл айтушыларды қарсы алу, дастархан жасау, материалдық көмек бәріне ат салысты біздікілер).
Әкеме дәрі-дәрмек, укол алып беріп жібердім. Олар үшін мың теңгенің дәрісі де қымбат көрінеді ғой, ақшаның қадірін біледі олар, «алмай-ақ, врачқа барып арзандауын жаздырып алам рецептің» дейді тағы)).
Бүгін қара басым қалқайып кезекші болып отырмын жұмыста. Жолым болғыш екен, левый бір заказ келіп қалған кеше, соны орындап тастап, бір оқпен екі қоянды атпақпын Құдай қаласа:))
Айтпақшы, кеше Патик берген "Ғашық жүрек" фильмін көрдім, өсе әсерлі екен. Басында «Ақ көйлек, қара камзол..» деген әннен бастап жылағым келді. Мейрамбектің сөздерінен, «Кінәлама» әнінен көзіме мөлдіреп жас келді. Комедия жанрында болғанымен, ерекше толқып отырып көрдім. Патикке үлкен рахмет.
Күн аяз болып тұр, әйтпесе мынадай жоспарым бар еді. Базарға барып мата алу (барқыт, парша, қыжым), үйдегі көрпе-жастықтарды жаңартып, құрақ көрпені тыстау. Көктем келе жатыр ғой, бір өзгерісті қалайсың іштей. Қол сөмке мен әтір, жаңа 1-2 диск алу. Көрермін, көңілдің хошына қарай, еріншектігім ұстап қалмаса.

— қазақ қазаққа қашанда риза, басқалар қандай деген бас қатырып жүр ғой!
(Монтидым, томпидым;)
мұндай өнер менде жоқ:(