Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай

Ешкіден басталған ой

Әуелі жымиып қоя салғам.Енді, полицейлердің ешкілерді (иә, тырнақшасыз) тұтқындап жатқаны күлкілі ғой. Оқиға Үндістанда болған. Он екі ешкі тәртіп сақшыларының екі күн бұрын әкелінген су жаңа көлігіне мініп, ойнақ салған ғой. Аша тұяқтар шыдатсын ба машинаға елеулі зақым келген. Полицейлер де қарап қалмай қылмыс үстінде үш ешкіні қамауға алыпты.
Әрі қарай

Сатаналық белгі


Негізі кешегі реалда көргенімді бөлісейін деп отырмын. ФБ-дан посттарды ақтарып отырғанмын. ФБ-лық бір әріптесімнің «семинар-тренинг басталды» деген постын оқып, "қатыссам болады ма?" сұрақ жолдадым. «Кел» деп жауап қайтарған ол мекен-жайды көрсетті. Барсам, біраз тренингтер өтіп кетіпті. Біраз ФБ-лық әріптестерім отыр екен. (Оларды көрудің де сәті түсті) Түскі үзілістен кейінгі бірінші тренинг қатысушыларды үш топқа бөліп, «Көшеге шығып өзіңе ерекше көрінген нәрселерді жазып келіңдер. 10 минут уақыт.» деп тапсырма берді. Менің тобымда Нұршат Төкен және Аяулым есімді қыз болды. Семинар өтіп жатқан «Мирас» оқу ғимаратының баспалдағынан түсіп келе жатып-ақ «ерекше» суретке көзім түсті. Бірақ, оны тобымдағылармен бөлісуге уақыт тығыз болды. Далаға шығып, бірнеше ерекше көріністерді түртіп алып, белгіленген уақыт аяқталған соң қайта келдік. Өзіміздің тапсырманы қорғап шыққаннан кейін Есенгүл Кәпқызы апайымыз «Интернет журналистикадағы репортажды пайдаланудың жолдары» атты тренингін жүргізді.
Бірақ, менің ойыма жаңағы көрініс орала берді. ЖОО орны ғимаратында неге «сатананы» сипаттайтын белгі тұрғанын ойыма сыйғыза алмадым.

Рас, «Мирас» оқу ғимаратында орыс тілді білім алушылар көп. Тәрбиелік мәні бар «стендтерді» барлық ЖОО орнынан, мемлекеттік мекемелерден көріп, оқып жүрміз және болуы міндетті дүниелер. Бірақ, дәл осындай "қаратпа бұрышты бейнені" бірінші рет көруім. Және, «сатаналық» белгі кімге керек болды екен. Орысша жазылған ол «стендті» өзімше қазақшаладым.

Біраз уақыт бұрын осы тәріздес мәліметтермен танысқан болатынмын. Айналаңа қарасаң, арамызда екен «олар».
Әрі қарай

Цитата

Күріштің арқасында су ішіп қалайын)))
Ана посттағы коменттерден бас айналып кетті.
Жаңадан пост бастай салайын.
Ал, уәдемде тұрып, цитаталардан сый арнадым сіздерге.
Әрі қарай

Абай шеше алмаған жұмбақ

Абайдың (Ибраһим) ауылында (немесе көрші ауылында,әйтеуір)Қисбай есімді бір кісі өмір сүрсе керек. Ол кісі маңайындағы адамдарды қисық сөзбен түртпектеп отыратын, тіпті екі-үш жерде Абайды да тосылтқан адам болған екен. Бір күні Абай сыйлы адамдармен отырса, үстіне Қиясбай кіріп келіпті.
-Қарағым, Абай, сені жұрттың бәрі данышпан дейді ғой.Менің бір шешуін таба алмай жүрген есебім бар еді, соның дұрыс жауабын айтып жіберсең…
-Ақсақал, айта беріңіз-деген екен Абай.
-Екі жүз ешкіде қанша мүйіз болады?
-Қиеке(Қилеке емес), өзі екі жүз ешкі болса, ешкіде екі мүйізден болатын болса 400 мүйіз емес пе?
-Әй, Абай қарағым-ай… Сонда ол екі жүз ешкінің ішіндегі тоқал ешкілері қайда, мүйізі сынған ешкілер қайда?-деген екен Қиясбай.
Әрі қарай

"Будда!" деп сөйлейтін балық өлқалд!!!

Бүгін Бурят Орталық Дацанында азалы күн. Манақтар қайғыдан бүк түсіп, ал далай лама тіпті ішқұсадан құсып жатыр. Себеп — Бутоооктуууу көлінде «Будда!» деп сөйлейтін балықты түнде туристер аулап алып қуырып жеп қойыпты. «Келесі
Әрі қарай

Ауылдың тірлігі

Кеше Шет ауданында болып қайттым. Қайын жұрт. Былтыр көлік апатынан қайтыс болған қайнағамның жылын өткердік. Жә, ауыл тіршілігінен суреттер сала кетсем. Ауылда күн көрістің көздері мал өсіріп сату, егіншілік және шөп шабу және сату ғой. Бұл кісілер алғашқысын, яғни мал шаруашылығын таңдаған екен.
Қараағашты мүжір қара ешкі
Жаңа туылған лақ
Әрі қарай

Х'артхаус

Қазақ фильмдерінің ізімен

Көз ұшында бір ноқат көрінді. Қыбырлайтын секілді. Не мал, не адам екенін ажырату қиын. Малға ұқсас адам, не адамға ұқсас мал болып шығуы да мүмкін. Иә, бері қарай қозғалып келеді. Қақсыған күннің астында келе жатқан бұ кім болды екен?

Шыбынның ызыңдаған дыбысы естіледі. Аздап ыстық жел уілдеп өтеді. Қурап қалған бұталы шөптер де желмен сыбдыр-сыбдыр дыбыс беріп жатыр.

Ноқат үлкейе түсті. Адам тәрізді. Бері жылжып келеді. Иен даланы кезіп жүрген бұ кім болды екен?!

Сыңғыр-сыңғыр етті бірдеңе. Төрт-бес ешкі екен. Жайылып жүр. Сыңғырлаған — мойындарына ілінген қоңыраулар. Бы-ықа-ықа-ықа!-деді ешкілер.

Бері жылжып келе жатқан қарайған нәрсе адам болып шықты шынымен. Жәй басып келеді, асықпайды. Арқасында арқалаған қабы бар.

Уілдеп құйын жүріп өтті. Шаң-топырақты аспанға көтеріп, ол де кетті өз жолымен. Ал, адам әлі келе жатыр.

Титр.

ПыСы. Артхаустарыңдыссс, дұрыс кино түсірмейсіңдер ма нақ. 2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам.
Әрі қарай