Х'артхаус

Қазақ фильмдерінің ізімен

Көз ұшында бір ноқат көрінді. Қыбырлайтын секілді. Не мал, не адам екенін ажырату қиын. Малға ұқсас адам, не адамға ұқсас мал болып шығуы да мүмкін. Иә, бері қарай қозғалып келеді. Қақсыған күннің астында келе жатқан бұ кім болды екен?

Шыбынның ызыңдаған дыбысы естіледі. Аздап ыстық жел уілдеп өтеді. Қурап қалған бұталы шөптер де желмен сыбдыр-сыбдыр дыбыс беріп жатыр.

Ноқат үлкейе түсті. Адам тәрізді. Бері жылжып келеді. Иен даланы кезіп жүрген бұ кім болды екен?!

Сыңғыр-сыңғыр етті бірдеңе. Төрт-бес ешкі екен. Жайылып жүр. Сыңғырлаған — мойындарына ілінген қоңыраулар. Бы-ықа-ықа-ықа!-деді ешкілер.

Бері жылжып келе жатқан қарайған нәрсе адам болып шықты шынымен. Жәй басып келеді, асықпайды. Арқасында арқалаған қабы бар.

Уілдеп құйын жүріп өтті. Шаң-топырақты аспанға көтеріп, ол де кетті өз жолымен. Ал, адам әлі келе жатыр.

Титр.

ПыСы. Артхаустарыңдыссс, дұрыс кино түсірмейсіңдер ма нақ. 2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам.
Бөлісу:

31 пікір

satibaldi
Бұттан кетті нақ ))))))))))))) Лібә, құсық киноларға сондай әдемі ат қойып алыпты қазақтар, соқырқызсиырдыеметінфильмдеріңдісс.
alisha
соқыр қыздың сиыр еме алмай жатқаны елестеп кетті…
satibaldi
Аты қалай ед, "Қиял ма" еді? Әйтеуір тап бас ауырып тұрған күні көрсететін. Онсыз да дүниеге лағнат айтып, қарғанып-сіленіп жатқанда, одан сайын жығылғанға жұдырық болып тиетін ит-шошқа кино еді, СВЕМАпленкасыайтыпбармағыр.
Abilakim
Уа, жарандар, жарандар
мүсапірге қараңдар-деп әндететін соқыр қыз ба?!
satibaldi
Тап сол, сосын әлгі арбамен жүретін әбіл.
Abilakim
Қылышын сүйреп қамыстың арасында жүретін ана қу ғой айтып отырғаның
omarbirat
"Қауышу"?
satibaldi
О нақ: дәл сол — "Қауышу"! "Қиял" деп жақшаның ішіне жазушы еді.
Лібә, мұңайған фильм болатын нақ, өле қалғым келетін болған сайын.
alisha
орысшасы «Прикосновение» сияқты ғой
satibaldi
Қойшы-әй сен.
alisha
сен осы ауру шығарсың дәу де болса… фотоңды көріп солай ойлағам, біртіндеп соған көзім жетіп келе жатыр… ақпараттың көптігі сонша, миыңа симай жүрген сияқты…
satibaldi
Қатты ренжіп қалдың ба?
alisha
өмірде естімегенді сенен естіп жүрмін қайтейін, жұбататын Сигма досым да жоқ қасымда
satibaldi
Жіләмәщ нақ, өлмейсің ғой енді.
alisha
сенің сөздеріңнен аман қалсам, өмірде өлмейтін шығармын
satibaldi
Бар болғаны бақа сөмкеңізден «бақ!» етіп шыға келгенде, қызық болар деп ойладым.
alisha
бақаны бақылдатудың да бір жөні болса игі еді…
Abilakim
Жанасу шығар қазақша баламасы
alisha
негізі солай ғой, айтып отырғандарың сол кино емес пе?
Abilakim
сол кино екені сол ғой. Аты есімізде жоқ
qisyq
Scheschesse…))))))))))))))))))))))))))
edige
2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам. :)))))))))))))))))))
asaubota
киноның аты «Айдағаны 5 ешкі» ма?
Nurgisa
Аршат, «Келіннің» бұған қатысы қанша?!
asaubota
түк қатысы жоқ. айдау етістігін біз сен сияқты емес тіке мағынасында қолданамыз. сен ғой машина айдайтын, қыз айдайтын. біз мал айдаймыз :)
Nurgisa
Кино деген өзің емес пе. Өзеуреп қайтесің.
Сигма жақсы физик.
Huan
Сол бір Қауышу фильімін дұрыс көре алмай жүрмін, ол фильммен не айтпакшы, мағынасы не екенін?
Marco
Ит-ай! ))) Түн жарымы болғанда, осындай шедеврлер еске түсіп ұйықтай алмай, селк-селк етіп жататынымды-ай! )))
satibaldi
Тағы кетті нақ шелектеп «Уа-қа-қа, көтенін қара!» ©