Х'артхаус

Қазақ фильмдерінің ізімен

Көз ұшында бір ноқат көрінді. Қыбырлайтын секілді. Не мал, не адам екенін ажырату қиын. Малға ұқсас адам, не адамға ұқсас мал болып шығуы да мүмкін. Иә, бері қарай қозғалып келеді. Қақсыған күннің астында келе жатқан бұ кім болды екен?

Шыбынның ызыңдаған дыбысы естіледі. Аздап ыстық жел уілдеп өтеді. Қурап қалған бұталы шөптер де желмен сыбдыр-сыбдыр дыбыс беріп жатыр.

Ноқат үлкейе түсті. Адам тәрізді. Бері жылжып келеді. Иен даланы кезіп жүрген бұ кім болды екен?!

Сыңғыр-сыңғыр етті бірдеңе. Төрт-бес ешкі екен. Жайылып жүр. Сыңғырлаған — мойындарына ілінген қоңыраулар. Бы-ықа-ықа-ықа!-деді ешкілер.

Бері жылжып келе жатқан қарайған нәрсе адам болып шықты шынымен. Жәй басып келеді, асықпайды. Арқасында арқалаған қабы бар.

Уілдеп құйын жүріп өтті. Шаң-топырақты аспанға көтеріп, ол де кетті өз жолымен. Ал, адам әлі келе жатыр.

Титр.

ПыСы. Артхаустарыңдыссс, дұрыс кино түсірмейсіңдер ма нақ. 2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам.
Әрі қарай