Сегізінші наурызға дайындық

Кеше ғана көктем келді деп қуанып жүр едік, бүгін қар жауып, барлық көңіл күйді бұзды. Нұржан досым айтпақшы «Менің күткен көктемім бұл емес еді»…

Не де болса, бүгін көктемнің бесінші күні. Халықаралық әйелдер мерекесіне 3 күн қалды. Ал біздің ҚазҰУ бұл мерекені ерте бастап кетті. Бүгін БАЗ-да университетімізідің жігіттері қыздарға арнап «Ай мүсін арулар» атты ауқымды ән мен би кешін ұйымдастырып, жүрегімізге әдемі көктем сыйлады.

Ал Екпінніңде сегізінші наурызға дайындығы одан да ерте басталды деп айта аламын. Өткен аптаны мерекеге арнайы фоторепортаж бен материалдар дайындаумен өткіздік. Сәтті шығады деген үміттемін «Екпіннің» сегізінші наурыз күні жаңаланатын бетінен біздің madlen — ді
Әрі қарай

Қуанышқа толы күн мен апта!

Қыс бітуге небары үш-ақ күн қалды. Кеше сабақтан келе жатып, қарға оранған ҚазҰУ-ымды суретке түсіріп алдым.

Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Үш күнен соң көктем келеді. Ал біздің қалашықта әлі қалың қар.

Блог - rakisheva: Қуанышқа толы күн мен апта!

Осы аптада Алматы блогерлерімен 27-ші ақпан күні Астана қаласында өтетін блог құрылтайға билет
Әрі қарай

Шақыру!

Құрметті керекинфолықтар! Осыдан 1 ай бұрын біздің «Екпін» атты мәдени-танымдық онлайн журналымыз дүниеге келді. Жобаны тек онлайнда емес, бүкіл елге таныстырудың сәті түсті деп ойлаймыз. Ендігі жоспарымыз — баспасөз мәслихаты. 22 ақпан күні сағат 11:00-де Саяси шешімдер институтының клубында өтетін баспасөз мәслихатына сіздерді қонақ ретінде шақырамыз

Блог - rakisheva: Шақыру!

Баспасөз мәслихатында:
— Қазнеттің бос сегменттері; Рунеттің lifestyle жобалар тәжірибесі.
— жобаны желіде жарнамалау әдістері. Жаңа шешімдер.
— контенттік жобалардың монетизациясы жайында талқылаймыз.

Спикерлер:
Бекежан Кембаев — Yvision.kz блог-тұғырнамасының коммерциялық директоры
Әлішер Елікбаев — “Мега” СОСО PR бөлімінің басшысы, Voxpopuli.kz жобасының басшысы
Амангелді Сейітхан — «Хабар» ұлттық агенттігінің журналисі

Шара кезінде журналымыздың командасы — мен, Айжан және Әлия жобаның пайда болуы жайында әңгімелеп, жоспарымызбен бөлісеміз.
Сіздерді төмендегі адрес бойынша күтеміз:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38 (Мақатаев көшесінен төмен), «Жетісу» БО, 3 қабат (жаңа қанаты), конференц-зал.

Блог - rakisheva: Шақыру!

Пы.Сы.: Егер қызығушылық танытсаңыз осы мақала астына пікір қалдырыңыз немесе 8701 201 99 83 телефоны арқылы келетіндігіңіз туралы хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл сізді блогшы немесе журналист ретінде аккредитациядан өткізу үшін қажет.
Әрі қарай

Пианист алғысы - журналист қуанышы

«Айжан рахмет, ата-анаммен көріп, мәз болдық!» — осындай сөздерді естігенде, қалайша мәз болмайсың?!) Иә, журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой… (әрине бұл жерде менің асыра сілтеушілігім байқалады). Өмірде барлық қызмет түрлеріне тек осындай алғыстармен төлесең ғой, шіркін! Бүкіл әлем қызғылт (розовый) түске боялып кететін шығар, ондайда.

Алайда менің айтайын дегенім ол емес. Сіздерді пианист, белсенді қоғам мүшесі және де жай ғана көркімен айналасын жарқыратып жүрген жас қыз Алма Мұқанмен таныстыру. Музыканы, оның ішінде гүрс-гүрс еткен рок емес, әсем де әсерлі классикалық музыканы өмірінің ажырамас бөлігі ретінде көретін Алманың бойында жігер де, қайсар да бар. Әрине, күн сайынғы 5-6 сағат бойғы фортепиано жаттығулары мен сансыз ноталарды жаттау әркімнің-ақ мінезін қатайтатын шығар… Сондай-ақ белсенді түрде түрлі шараларға қатысуы, жастар ұйымында жұмыс істеуі оның жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетеді.

Екеуіміздің таныстығымыз, сонааауу модельдік өткенімізден басталған. Содан бері қаншама жерлерде бірге болып, талай қызықтарды бастан кешіргенбіз. Бір байқағаным, Алманың бойында, мүмкін өзі байқай бермейтін, әйелдік мінездің ең қуаттысы жиналған. Өзімнің адамдарды кітап не кино кейіпкерлеріне ұқсататын әдетім бойынша, мен оны кейде сыған қызы Карменге, кейде Толстойдың Анна Каренинасына ұқсатамын.

Кейде өзінің бар қаруын іске қосып, жанып кетердей болса, кейде жұмсақ мақтадан жаралған мамықтай монтия қалатын әдеті бар. Не де болса, өмірде кез келген адамда бола бермейтін, алайда қуаты күшті «харизма» деген Алмада бар нәрсе. Тек оны керек кезде іске қосу не қоспау барлық әйел затына сай оның көңіл-күйіне байланысты.

Бұл жазбаны Алмамен танысудың кіріспесі деп біліңіздер) Пианист қызбен толықтай танысу үшін, «Екпіндегі» сұхбатты оқи отырыңыздар.

P.S айтпақшы, Алма пианино бойынша сабақтар да жүргізеді, қызыққандарыңыз болса, толық мәліметті сұхбаттан таба аласыздар
Әрі қарай

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды.
Әрі қарай

Менің суретшімен танысқаным жайлы

Негізі маған өмір жолында әрқашан жақсы адамдар кездеседі (мың да бір алғыс). Кішкентай кезімнен сондай. Ол жай жүргізуші болсын, гид болсын, мұғалімдер болсын, көршілер болсын-бәрі де жан-жағын жайма шуақтап жүретін жарқын адамдар болып шығады. Күзде жұмыс барысында сұхбат алған суретші Ақжан да мені өзінің өмірге деген позитивті көзқарасымен, өзінің жағымды энергиясымен баурап алды.

Кездесу жері- орталық мұражайға кіргеннен кейін, ауыр рамкалардағы үлкен-үлкен суреттерді шапшаң тасып жүрген кішкентай қызды көрдім. Сөйтсем Ақжанның көрмесі аяқталып, суреттерін реттестіріп жүр екен. Бірден маған күле қарап, кішкене күте тұруымды сұрады. Қимылының бәрі де жеңіл, өзі де ерік берсең секіріп, жүгіріп, билеп кететіндей болып көрінді. Сонымен ол суреттерін жіберіп, маған өзінің ескі құрбысынша «кеттік, не істейміз?» дегендей күле қарады. Өзімді кәнігі фотографтарша сезініп мұражайдың алдында сұхбат үшін біраз суретке түсірдім. Әр суретті көре сала ол "қандай күшті, сен өзің шебер екенсің" деп қояды. Жымиамын. Сосын ол «ал енді мен сені түсірейін» деді. Келесі минуттарда журналист екенімді ұмытып, Ақжанның алдында мен «позировать» етіп жүрмін.

Сөйтіп не керек алдын ала дайындап қойған сұрақтарымды шығарып, диктофонды қоса берейін десем, Ақжан «сен тамақ іштің бе?», «жақында күшті бір кофейня ашылды, жүр кеттік соған» деді. Ақжанның кіп-кішкентай машинасында кетіп бара жатырмыз. Оның жеңіл айдауынан, жолға емес, маған қарап мәз болып сөйлеп отырғанынан менің жүрегім тамағыма тығылып отыр. «Енді қай жерге бұрылушы едік», «ой, кешіріңіздер» деумен болды ол. Неше жыл бойы Түркияда оқып, Алматының қасқыр жүргізушілеріне үйренбегені көрініп тұр.

Әйтеуір діттеген жерімізге келіп, екеуіміз «Кафетерианың» террасасында кофе ішіп, өнер жайлы әңгімелесіп отырмыз. Күн жылы, айналаның бәрі алтынға көмкерілгендей әп-әдемі. Дайындаған сұрақтарымнан бөлек, өнерде кімнің бағы жанатыны, танымал болу үшін не істеу керегі жайлы Ақжан еш қысылмастан, ашық та бүкпесіз жауап берді. Кейде отырып-отырып өз сөздерінен не менің сұрақтарымнан көзі жайнап кетеді. Басында жаңа бір нәрсе ойлап тауып жатқандай, не бір жаңа суреттің эскизын елестетіп жатқандай көрінді маған.

Кетерде ол керек жеріме әкеліп тастап, «рахмет, құрбым, тағы да кездесерміз деген үміттемін» деп өзінің суреттері жайында буклетті қолыма ұстатып қош айтысты. Прокатқа алған ескі кішкентай «мазда 3»-і Абай көшесінің жылдам ағысына тез қосылып, алыстай берді.

Иә, менің өмірімде алғаш рет суретшімен таныстығым осылай өтті. Ақжанның суреттерінен де өзіне тән риясыз қуанышты, позитивті энергияны, әсемдікті сезінесіз. Қызық болса Ақжанмен сұхбатты және суреттерді «Екпіннен» толықтай оқып, көре аласыздар.
Әрі қарай

«Екпін» — мәдени-танымдық журнал



Сәлем, достар!

Бүгін көптен бері күткен жобамыз ашылды. Барлығымызға танымал қазақ блогшыларының қатысуымен жасалған қызықты материал да жарық көрді.

Ал келешекте журналымыздың беттерінде не оқи аласыздар?

«Екпін» командасы өнер, мәдениет, тарих, әдебиет сияқты тақырыптарды көбірек көтеруге тырысады, сонымен қатар, дарынды жастар, замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді.

Негізгі мақсатымыз — жас болса да, бір асуды бағындырып үлгерген, елге танылған немесе таныла бастаған дарынды, белсенді, өнерлі, айтары бар қара көз қыз бен жігіттерді әңгімеге тарту, сырласу.

Сонымен қатар, түрлі шаралар, кино, музыка, театр, арт және осы бағыттағы басқа да қызықты оқиғалар мен жаңалықтар жайында хабардар ететін жазбалар мен репортаж, сұхбаттарды ұсыну.
Қош келіпсіз!
Әрі қарай