Сегізінші наурызға дайындық
Кеше ғана көктем келді деп қуанып жүр едік, бүгін қар жауып, барлық көңіл күйді бұзды. Нұржан досым айтпақшы «Менің күткен көктемім бұл емес еді»…
Не де болса, бүгін көктемнің бесінші күні. Халықаралық әйелдер мерекесіне 3 күн қалды. Ал біздің ҚазҰУ бұл мерекені ерте бастап кетті. Бүгін БАЗ-да университетімізідің жігіттері қыздарға арнап «Ай мүсін арулар» атты ауқымды ән мен би кешін ұйымдастырып, жүрегімізге әдемі көктем сыйлады.
Ал Екпінніңде сегізінші наурызға дайындығы одан да ерте басталды деп айта аламын. Өткен аптаны мерекеге арнайы фоторепортаж бен материалдар дайындаумен өткіздік. Сәтті шығады деген үміттемін «Екпіннің» сегізінші наурыз күні жаңаланатын бетінен біздің madlen — ді жаңа қырынан көре аласыздар. Жіберіп алмаңыздар
Сонымен қатар, өткен аптаны тек мерекеге дайындық емес, қаламыздағы өзге де түрлі қызықты, мәдени іс-шараларға қатысумен өткіздік. Солардың бірі «Канн арыстандары» атты жарнама фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылуына байланысты өткен кішігірім шара. Онда біздің керекинфолықтарды да көріп біраз мәз болып қалдық.
Олжас Қасымның, иә, иә біздің Олжастың осы жолы Екпінге берген «Интернет ақындары әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатыр» атты сұхбаты оқырмандарымызды біраз толғандырып та үлгерді.
Ал Әлияның «Алматы-Дели-Гоа» атты Индия еліне жасаған сапары түрлі көркем фотосуреттерге толы болды. Үнді елін бір аралатып келді, және оның жалғасы әлі бар. Яғни Екпінің келесі сандарында Үндістандағы өзге де әсем құрылыстарды Әлиямен бірге аралаймыз деген сөз
Жақында нәзік жанды, бірақ ауыр қызмет атқарып жүрген Ләззат есімді арумен танысқан болатынбыз, сонымен әңгімелесіп, біраз қызықты мәліметтер алдық
Және де осы аптада оқырмандарымызды қаламыздағы тағы да бір жаңа кітапханамен таныстырдық. Орталық ғылыми кітапханаға Кербез екеуіміз фоторепортаж жасауға барғанымызда кітапхана емес, құдды бір музейде жүргендей әсерде қалдық. Сондай тамаша ғимарат енді. Ерінбесеңіз, барып келіңіздер, бір көргенге ешқандай фотосуреттер жетпейді )
Пы.Сы. Осы аптада ЕКПІНнің логотипі ауысты.
Тезірек шынымен көктем келсе екеееееееен

Мен ОлжасҚасым ©ОлжасҚасым
1-9 наурыз аралығында Конгресс-Холл сарайында 8 наурызға арналған сыйлықтар көрмесі өтеді. Көрмеге Ресей, Украина, Беларусия елдерінің тауарлары қойылмақ. Көріп қайтыңыздар. толығырақ
сыйлық ал барып сөйлей бермей.
Шапағатта сиыр еті 1080 т, кеше алдым