Ел ертеңін бірге қамтамасыз етейік!

Күніне неше адам түрлі қылмыс жасайды? Жұмыс беруші сіздің танысыңызға жалақысын бермей қойды ма? Жас бала неліктен толық жұмыс уақытын өтеуі тиіс? Қылмысты кім және не үшін жасайды? Біз тәртіпті қалай орнатамыз? Осы сұрақтар күнделікті сіз бен біздің мазамызды алады. Уақыт өткен сайын адамдардың ақыл-ойы санасы дамып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген болатын, демек тәрбие мен тәртіп болмаған жерде шектен тыс ақылдылық қоғамға қауіп тудырады. Заман мен ғалам қатар дамыған сайын, қылмыс түрлері де, оны жасаушылар да көбейді.Олай болса қылмыс деп нені атаймыз?!
Қылмыс — қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Ал мұндай қауіпті істі конституциялық тұрғыда әшкерелеумен әрі жазалаумен әрбір адам айналыса бермейді. Оны тек заң саласында қызмет ететін азаматтар ғана біледі және содан туындайтын мәселелерді шешеді. Егер сіздің ойыңызда отанға деген борышты өтеу үшін заң жолымен тәртіп орнату көзделсе, бірінші дұрыс «иммунитеті» мықты жерден білім алған дұрыс. Бұл атқа меніңше, еліміздегі ұлттық оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұрған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әбден лайық.
1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Ол қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Факультетте ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентінен, ҚР Конституциялық Кеңесінен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкіметінен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар ашық дәріс сабақтарын өткізіп тұрады. Білімді тек кітаптан емес, практик мамандардан қатар алатын заң факульететінің студенттері қай кезде болмасын сұранысқа ие болды. Ірілі ұсақты компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар үшін заңгер маманы аса маңызды, сол себепті де дарынды маман иесі ешқашан есік аузында қалмас.
Заң факультеті нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қабілетті, жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жалпыға бірдей тапсырмалар енгізілді.

Империалистік пиғыл

Жақында құрбыммен пәтер іздедік, жалға алайық деп. Таңдау көп емес, Өскеменде пәтерлеп қымбат (2 бөлмелілері 55 мың тг-ден басталады), жағдайы да құнына сай емес болып келеді жиі… Бірақ сұрағым басқа жайлы: сайттардың көбінде «сдам квартиру европейской молодой семье или лицам европейской национальности» деп тұрады. «Европеецтері» сол баяғы "қазақ емес" дегендері ғо! Бұны ұлтшылдық деп атау керек пе? Еліміз барлық азаматтарына тең қарағанымен, азаматтары бір-біріне тең қарамайды-ау…
Әрі қарай

Құм жиылып тас болмас

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім. Аты шулы зейнетақы туралы заң депутаттарды да абыройдан жұрдай етті. Бүгін төменгі палатаның резиденттері Президент айтқан сынмен толық келісіп, ұсыныстарын қабыл алды. Ұсыныс да көп емес — үшеу-ақ. Ең бастысы — әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың кейінге шегерілгені. Қалған заң сол күйінше қайтадан мемлекет басшысына жіберілді.
Блог - Marco: Құм жиылып тас болмасОсыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Парламенттің міндеті халыққа ыңғайлы, пайдалы заңдарды қабылдау. Барлық қажеттіліктерін ескеру. Халық қалаулысы деген аттары бар ғой. Дегенмен, қазіргі мәжілісті халық қалаулылары деуге де келмейтін сияқты. Партия үшін дауыс бердік. Тізімді өздері бекітіп, өздері шешті. Ендеше, төменгі палатаның депутаттарына бұдан былай халық қалаулысы деген атты да қимаймын.
Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық. Креслода отыр ма, демек лайықты жұмыс істеген. (Әйтпесе мен неге отырған жоқпын ол жерде?!)
Қазақстан секілді мемлекетке өзге демократиялық елдердердегі саяси институттар, ұстанымдар лайықты бола бермейді. Шындап келгенде, бізге демократияның өзі артық. Саясатта мұндай термин бар ма жоқ па, білмеймін, бізге керегі шектеулі диктатура. Мәжілісмендердің бүгінгі мазағынан соң, осындай қоғамда өмір сүріп отырғандай әсер күшейе түсті. Әдетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мойнына жауапкершілік алып, бас болмайынша басқалар (Мәжіліс) ағыстың бағытымен жүзіп кете береді. Ендеше, қойыма керек пе бұл парламент?
Әрі қарай

Тағы да сайлау ма?

Онша емес жазулар айтқандай, бүгін біздің елбасын президент тағына отырғызу рәсімі өтті. Кеңесшілер сөз еткендей, шет елдік басшы-қосшыларды шақырмай, бүгін таққа отырғызуды өз ішімізде өткеріп тастады(қ). Елбасы өз сөзінде демократия, көп партиялылық, парламент, реформа дейтін ілмекті сөздерді айтты. Іле түс ауа Президент Парламентке барады деген ақпар тарады. Әйтеуір сағат 16-00-де Мәжілістің (пленарлық) отырысы өтетіні белгілі.
Ай, жазда тағы бір сайлау бар сияқты. Көп партиялылық деген жақсы шығар, әйтеуір Абай ата айтқан «болды да партия, ел іші бүліндіге» айналып кетпегей… Алла қайырын берсін.
Пы сы. Қысқасы, солай болды (төмендегі комменттерді оқысаңыз түсінікті болады). Үкімет басы өзгермеді. Қайта сайланды. Ал Мәжілістің сайлауы 2012-де болатын болды.
Әрі қарай

Алдарыңызда… “абсурд театры”


Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры.
Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді.
Әрі қарай