Ел ертеңін бірге қамтамасыз етейік!

Күніне неше адам түрлі қылмыс жасайды? Жұмыс беруші сіздің танысыңызға жалақысын бермей қойды ма? Жас бала неліктен толық жұмыс уақытын өтеуі тиіс? Қылмысты кім және не үшін жасайды? Біз тәртіпті қалай орнатамыз? Осы сұрақтар күнделікті сіз бен біздің мазамызды алады. Уақыт өткен сайын адамдардың ақыл-ойы санасы дамып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген болатын, демек тәрбие мен тәртіп болмаған жерде шектен тыс ақылдылық қоғамға қауіп тудырады. Заман мен ғалам қатар дамыған сайын, қылмыс түрлері де, оны жасаушылар да көбейді.Олай болса қылмыс деп нені атаймыз?!
Қылмыс — қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Ал мұндай қауіпті істі конституциялық тұрғыда әшкерелеумен әрі жазалаумен әрбір адам айналыса бермейді. Оны тек заң саласында қызмет ететін азаматтар ғана біледі және содан туындайтын мәселелерді шешеді. Егер сіздің ойыңызда отанға деген борышты өтеу үшін заң жолымен тәртіп орнату көзделсе, бірінші дұрыс «иммунитеті» мықты жерден білім алған дұрыс. Бұл атқа меніңше, еліміздегі ұлттық оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұрған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әбден лайық.
1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Ол қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Факультетте ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентінен, ҚР Конституциялық Кеңесінен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкіметінен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар ашық дәріс сабақтарын өткізіп тұрады. Білімді тек кітаптан емес, практик мамандардан қатар алатын заң факульететінің студенттері қай кезде болмасын сұранысқа ие болды. Ірілі ұсақты компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар үшін заңгер маманы аса маңызды, сол себепті де дарынды маман иесі ешқашан есік аузында қалмас.
Заң факультеті нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қабілетті, жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жалпыға бірдей тапсырмалар енгізілді.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше