Медиумнің 12 досы: Девальвацияландырылғандықтарымыздан...

Ашығын айтқанда, сүйкімсіз тақырып. Сіздерге қазнет, тіпті уорлднеттегі осы термин жайлы ақпарат ағымы, жаңалық лентасы аз болып жатыр ма? Білмеймін, менде аздап аллергия бұған…
Маған жоба ұйымдастырушылары пост орнына үлкен әлдененің суретін салуға рұқсат еткен жоқ. Ал мен сұрадым, ескерттім… «Сапалы контент, жауапкершілік», бла-бла… Бірақ қалай түсінбейсіздер, мен не жазсам да, қалай жазсам да, алдыңғы идея секілді дөп, қысқа, көркем жеткізетін дүние таба алмаймын. Жарайды, мен тырысамын.
Әрі қарай

Девальвация: Негізі күлетін нәрсе емес

Үйдің қасында үш банктің филиалы бар. Ертеңгісін бағам қарау әдет болды. Жұрт сияқты мен де уайымдаймын (Шүкір, екі бала бағып отырған жайым бар). Бірақ ойлап-ойлап, тап менің уайымдағанымнан көп нәрсе өзгере қоймасын түсінідім (бұл үшін, негізі, көп ойланудың керегі жоқ). Ендеше не бас ауыртатыны бар. Көппен бірге көрерміз. 1999 жылы да тірі қалдық қой. Ал білесіз бе, сол жылы девальвациядан бір күн бұрын жампозым Ақтөбеден Алматыға аттанған екен. Пойыз екі күн жүреді. Барам дегенше теңге екі есе арзандап, қалтадағы ақшасының құны қалмапты. Бір досымыз дәл сол уақытта шетелге жарысқа аттанған. Оның жағдайын елестетіп көріңіз. Қазіргі жағдайымыз жақсы емес пе? Банктер бар, ақша аударымдары бар, әйтеуір амалын табуға болады. Одан да бір күліп алайық.

Әрі қарай

Қалай-қалай құбылады теңгеміз? Келімбетов не десе де – сенбеңіз!

«Біз, турасын айтсақ, өз салымшыларымызға теңгелерін шетелдік валютаға айырбастап алуына мүмкіндік бердік. Үлгергендері Ресейден арзан тауар сатып алды. Мұндай сауда азаматтарға пайдалы болғанымен, Қазақстан экономикасының төмендеуіне әкеп соғады».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

2015 жылдың 20 тамызы ел экономикасының тарихындағы ерекше күндердің бірі болды. Теңгенің бір долларға шаққандағы бағамы – 258 теңгеге көтеріліп, шартты бірлік 69 теңгеге бір-ақ «секірді».
Әрі қарай

Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық болар еді.
Бейсенбі асықпай басып, балконға шықты. Арзанқол темекісін сіріңкемен тұтатты да, құшырлана сорды. Кешегі күннен бір белгі – алкоголь аңқыған (иә, сасыған емес, аңқыған) ауызына салыстырмалы түрде тың иіс енді. Ұртында — екі зұлматтың аралас қоймалжыңы; айғыз әйнек пен тор матадан тып-типыл аулаға үнсіз қарап тұрып қалды.
Әрі қарай

Айтатын қалмады сөзім

Ғалымжан Молданазардың «Жылайды жүрек» әуенімен
Айтатын қалмады сөзім,
Шыдайтын қалмады төзім.
Құны жоқ жалған бұл ақша,
Жетті ғой сенің де көзің.

Қан жылап жүрек қалған -ай,
Тұнжырап жұртым солған-ай,
Ұзамай ұлттық теңгенің
Қанаты талып қалған-ай.

Сыздайды жүрек
Жинағым жүдеп,
Қинайды мені
Кеудемді кернеп.
Зулайды доллар
Өзекті өртеп,
Күйіп барады
Жинаған теңгем.
Әрі қарай