Бұзаумен жазалау

Осында «Сана мен сезім» атты қауымдастықта бір кездері жазалардың түр-түрі жазылып еді. Солардың барлығы дерлік адамды жантүршігерлік әдістермен өлтіру жайлы болатын. Мен жазғалы отырған әдісті бұрындары үлкендерден естідім бе, әлде оқыдым ба есімде жоқ. Әйтеуір, ұрлық-қарлық жасағандарды, жаугершілікте қолға түскен жандардан ақпарат алу мақсатында, тіпті, жәй қинау мақсатында да қолданған деседі. Бұл жаза балалардан аулақ жерде қолданылатын болғанын ескерте кетейін.
Әрі қарай

Жоғалған бұзау

Мал болған соң жоғалады,өледі,ұры-қарының қолында кетеді дерсіздер. Бірақ, бұл бұзаудың жоғалу мәнісі басқаша.
Ол кезде 5-6 класс оқитын кезім болу керек.Сол жылы шөбімізі аздау болды ма,әлде қыс ерте түсті ме білмеймін.Әйтеуір шамалы қар бар уақытта тағы да шөп түсіргеніміз анық.Қораның жанында ағаш шарбақтан салынған аранды шөпке толтырып қойдық.Кешкілік малды түгендеп кіргізсек бір бұзау жоқ.Бұзау болғанда да торпақ қой енді.іздемеген жерім(із( жоқ.көршілерден сұрадық, жаздай жайылған жерлерін шолып келдік дегендей.ізін шиырлап тауып алайын десекте қар соншалықты із кесетіндей емес.Обшым, жоғалған мал жоғалды.
Малға шөпті бірде төбедегі шөптен, бірде араннан алып беріп жүрген кезіміз.Бір күні шөп суырғышпен (жұтқын деп те айтады, ұзын істік темір, етік тігетін біз тәрізді формасы, шөпке қадап суырып алсаң әжептеуір шөпті жұлып алады)шөп алып жатсам шөп арасынан малдың жас тезегі шықты. аранға мал кірмегені өзіме аян.«Бұл не болды екен?» дедім де қойдым.ертеңіне әлгі жерден тағы шөп суырдым, басқа жердікіндей емес, шөп айырмен де оңай суырылады.Бос. Ар жағы қуыс тәрізді.Не де болса деп шөпті айырмен жұлмалап жүріп түлкінің ініндей қуысқа кез келдім.одан әрі қопарып ем қуысым үлкейе берді.БҚызық көріп қуысқа кіріп кеттім.Өзім кірген қуыстан жарық түсіп тұр.Әр жақта бірдеңе қараңдайды.сөйтсем мал.Мал болғанда да торпақ тұр күйіс қайырып.Шөп түсірген күнгі торпағымыз шөптің арасында тірі тұр.«Бөседі екен мынау, жәрәйді, шөп жеді делік, суды қайдан ішкен?»дерсіздер. Ағашпен қоршалған аранның ең шетіне қарай тұрып қалған торпақтың үстіне шөп төгілген.ол да дыбыс шығармай тұра берсе керек, не керек жауған қар ағаш арасынан түсіп тұрған, бұл соны су орнына пайдаланып жүрген.содан кейін мойны жеткен жерлердің шөбін жей берген, сөйтіп әжептеуір қуыс жасап алған екен.Жып-жылы әлгі жер.
Әрі қарай

Нағима

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.
Әрі қарай

Бұзау міну және текемен сүзісу

Ауылда өстік. Шыбықты ат қылып міндік. Кейін келе көңіліміз оған да көншімеді. қорада тұрған бұзауға мінетін әдет таптық. Кейбір көнпістері кәдімгідей тепеңдеп, белін қайқайтып ала жөнелетін. Өрістен қайтарда мініп аласың әлгілерге тышқақтатып. Аяушылық сезімің оянғанда кезекпен айырбастайсың. «Ат жалын, сиыр тұяғын» төсейді деген сөз бар халқымызда. Бұзау болса да сиыр малы емес пе, құлағанда ыңқ етіп жаман құлайтын едім.
Одан қалса ешкінің төлін айналдырамыз. Мүйіздің тұқылы өсіп келе жатқан лақтың мүйізінің түбін уқалаймыз. Онымен ойнап сүзісеміз.Сөйтіп-сөйтіп әлгі лақ сүзеген текеге айналушы еді…
Әрі қарай