Биологиялық қару…
Мына қызықты қараңыз: Батыс ғалымдары сүндеттеудің пайдасы туралы ғаламат жаңалық ашып жатыр. Айтуларынша дер кезінде үшкіртіп алған насыбай көптеген инфекциялық аурулардан сақтайды екен. Тіптен Америка мен Австралия педиатрлары тізе қосып, ел үкіметіне 99 түрлі екпемен қатар насыбай кесуді міндеттеу туралы хат тапсырыпты деген сыбыс бар. Брайан Моррис атты бір профессордың сүндетке отырғызылмаған балалардың тең жартысы түрлі инфекциялық ауруға шалдығады деген оқыс мәлімдемесі бір аптадан бері батыс басылымдарында «хит» болып тұр.
Бірақ айтпағым бұл емес. Бүгінде тәнге шипа делінген дәрі-дәрмектің пайдасымен қатар 99 түрлі зияны бар болып шықты. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздайды. Салып ұрып дәріханаға барамыз. Күлімдеп тұрып саудасын жасайтын дәріханашының берген дәрілерін уыс-уысымен ішіп жатып, құлан-таза сауығып кетеміз. Есесіне басқа ағзамыз зақымдалып жатады. Әсіресе, бүйрек, бауыр, асқазан секілді аса сезімтал мүшелер қатты зақым көреді екен. Жұрттың бәрі біледі: «кетонал» деген керемет таблетка бар. Ауруды басып, тыныштандырады. Бірақ сол дәріге үйір болғандардың көбі алпысқа толмай ақылынан алжасады екен. Бір сөзбен айтқанда жасына жетпей алжуға алып келеді. «Аналгин», «парацетамол» деген дәрілер де дәл осындай кешірек жарылатын биологиялық бомбаның бірі. Қызу түсіретін, бас ауруын жазатын қасиеті бар. Есесіне аса жұқпалы инфекциялық ауруларға қарсы иммунологиялық қасиеттен жұрдай етеді. Осыған байланысты әлемнің 39 елінде тіркеуден алынып тасталыпты. Ал бізде күнде ішеміз. «Парацетамол», «солпадеин», «юниспаз», «антиспазм» және «пенталгин-п» сынды дәрілер деосындай қауіпті топқа жатады. Құрамында кодейн (апиын (мак) өсімдігінен алынады – ред.) атты есірткі тектес зат бар екен. Ебін тапқандар пенталгин мен бензинді араластыра отырып, өте күшті наша түрін дайындап шығарады екен. Әсері героиннен еш кем түспейтін, бірақ құны ондаған есе арзан, әрі жасалуы оңай бұл есірткі түрі «қолтырауын» (дезоморфин) деген атпен елге танымал болған дейді мамандар. Оған тәуелді болған адам бар-жоғы бір-екі жыл ғана өмір сүреді екен. Адамның ағзасын шірітіп жібереді. Қазір еліміздегі әрбір төртінші нашақор осы «қолтырауынға» тәуелді болып үлгерген.
Сөз жоқ медицина дамып келеді. Бірақ есесіне өлім-жітім де өкшелеп келеді. Кезіндегі адамзатты айран-асыр еткен жаңалықтың көбі бүгінде адамзат атаулының жауына айналып үлгерді. Мысалға кезінде талай сықымның тұсауын шешіп, ләзәт (кайфтың қазақшасы осылай ма еді?) иіріміне емін-еркін сүңгуіне мүмкіндік берген контрацептивті таблеткаларды алып көруге болады. Жүктіліктен сақтандыратын бұл дәрілер бүгінде ұрпақ санын күрт қысқаруы мен жаппай бедеулікке алып келді.
Әсіресе, вакцина (екпе) мәселесі. Осыдан бес-алты жыл бұрын «әртүрлі вакциналардың арқасында жылына әлем бойынша 3 миллиондай сәби ажал тырнағынан аман қалып, тағы 750 мыңдайы мүгедек болу қаупінен арылады екен. Сондай-ақ тағы 3 миллион сәби қазіргі таңда вакцинасы табылмаған түрлі жұқпалы аурулардан көз жұмады», – деп сарнайтын мамандар бүгінде пікірін өзгерте бастады. Пайдасынан гөрі зияны басым деуге көшті. Сенбейін десең, үстін тоқсан тоғыз түрлі ұлт мекен еткен Еуропа атты алып материкті оба, шешек, күл дейсіз неше түрлі ауру жайлап жатқанда суық тию мен ыстық ұрудан басқа ауру болмаған қазақтың кейінгі жылдары қаны бозарып, ешкімге ұқсамайтын қасиеті сұйылып сала берді. Білетіндер мұны сонау алпысыншы жылдары келіп кірген «екпе» деген бәленің салдары дейді. Бәлкім рас та шығар, топырлатып егуін ексек те ауру атаулыны алып ұрып, салауатын сақтап отырған ешбір елді көріп отырған жоқпыз. Керісінше, ауру атаулының бірі бәсеңдесе, бірі күшейіп ырыққа көнбейтін болды. Адамзат қоғамына адамның өңі түгілі түсіне де енбеген дерт дендеп, дүние есігін ашпай жатып неше түрлі ауруға ұрынып жатқан сәбилердің қарасы да көбейіп барады.
Бүгінде елімізде бала бір жасқа толғанша он төрт түрлі, ал елу жасқа дейін 21 түрлі екпе салынады екен. Ауызға тамызады, санға, білекке, башпайға егіледі. Тағысын тағылар. Соның бірі – 1921 жылы француз микробиологы Альбер Кальметт пен ветеринар Камиль Герен ойлап тапқан БЦЖ туберкулезге қарсы екпесі. Қазіргі таңда бұл вакцина жаңа туылған нәрестелерге алғашқы 3-4-інші күнінде егіледі. Негізінен, қауіпсіз және туберкулез ауруына қарсы жалғыз амал ретінде танылғанымен, аталмыш екпенің артында құпия көп. Сол жылдары осы вакцина салынған 240 нәрестенің барлығы да туберкулез ауруына шалдығып, 77-сі шетінеп кетен екен.
Өкініштісі, мұндай жайттар қазір де тіркеліп жатыр. Мәселен, 1997 жылы Жаңатас қаласында 153 бала вакцинадан зиян шеккен. Олардың екеуі артық мөлшерде берілген дәріден қаза тапқаны белгілі. Сондай-ақ 2004 жылы Сербияда жасалған вакцинаның салдарынан елімізде 100-ден астам нәресте лимфаденит ауруына шалдығып, көбі осы вакцинадан соң операция жасалып, аса ауыр антибиотиктермен емделуге мәжбүр болған еді. 2009 жылы да көктем кезінде Ақтау қаласында қазіргі қолданылып жүрген жапондық БЦЖ екпесі салынған 4 сәби тубостит (сүйек туберкулезі) ауруына ұшыраған екен. Осындай жағдайлардан соң АҚШ, Голландия, Ұлыбритания, Германия секілді бірқатар батыс елдерінде БЦЖ вакцинасын байқап пайдаланатын болған.
Тағы бір мысал туберкулезге қарсы екпе салудан алдына жан салмайтын мемлекет бола тұра Ресей өкпе ауруы жағынан әлем бойынша көш бастап тұр. «Біз де Ресейден қалыс қалып отырған жоқпыз. Сәби атаулыға перзентханадан шықпай жатып екпе саламыз. Алайда соған қарамастан, Азия мемлекеттері арасында туберкулез ауруы бойынша алдыңғы орында тұр екенбіз.
Ал екпенің құрамы тіптен сұмдық: Иерусалимдегі атақты Еврей университетінде докторлығын қорғаған бір ресейлік ғалым, имунолог Александр Коток өзінің «Безпощадная иммунизация» деген кітабында былай деп жазады: «Вакциналардың тиімділігі 50 пайыздан аспайды деп шамалауға болады. Екпе табиғи иммунитетті бұзады. Екпе салғаннан кейін де балалардың ауырып немесе басқа да ауруларға душар болатыны осыны көрсетеді. Вакциналар жоғары токсинді болып саналады, олардың құрамына фенол, формальдегид, тимеросал немесе мертиолят (сынаптың қоспасы), ашытқылар, алюминий фосфаты, ацетон, глицерин, шошқа немесе жылқы қанының компоненттері, сиыр желінінен алынған ірің, қоянның ми тіндері, иттің бүйрек тіндері, тауық немесе үйрек жұмыртқалары ақ уызы және басқалар кіреді. Бүгінде заманауи технология таза вакцина жасауға мүмкіндігіміз жоқ». Осыдан кейін ойланбай көріңіз.
Ең сорақысы, кез келген екпенің арты бедеулікке, тіпті бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін көрінеді. Бұл пікірді де маман пікірімен түйіндейік: сыдан бірнеше жыл бұрын отандық телеарналардың бірі медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Қайша Сейітжанованың сұхбатын көрсеткен еді. Қырық жыл бойы қояндарға тәжірибе жасаған мамандар талай сырға қанық болыпты. «Біз қазіргі таңда балаларға егіліп жатқан АКДС вакцинасын халықаралық денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ереже бойынша көжектерге егіп отырдық. Сол қояндардың ұрпақтары төртінші, бесінші буыннан кейін ұрпақ әкелуге жарамсыз болып қалды. Барлығы іші-нен қан кетіп, өліп қалды. Қазіргі қаптап бара жатқан бедеулік пен белсіздіктің барлығы – осы вакциналардың әсерінен болып жатыр», – деген болатын.
Тақырыпқа тұздық:
Өткен жылы Павлодар облысына қарасты Майқайың ауылында жатыр мойнының қатерлі ісігіне (Папиллома вирусы екпесі) қарсы жаппай вакцина егу жұмыстарынан кейін бірден үш қыз есінен танып артынша жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан болатын. Папиллома демекші, батыс ғалымдары екпенің бұл түріне мүлдем қарсы болып жатыр. Осы дерек әсер еткен болар осыдан үш жыл бұрын Кезінде Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова аты мен заты күдікті екпеге қатысты сараптамалардың жалпы жұртқа жария болуын өтініп, Премьер-министрге депутаттық сауал да жолдаған болатын. Артынша Мәжіліс төрінде «АҚШ-та осыған ұқсас екпе жасағаннан кейін бірден 93 адамның көз жұмғанын білеміз. Тағы 22 мың адам ауруға ұшырап, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Осыдан кейін АҚШ үкіметі аталмыш екпеге біржолата тоқтау салды. Ал бізде неге осындай қауіп-қатерлер жайында еш жерде айтылмайды? Керек болса, бағдарламада да қыз балалардың денсаулығына жағымсыз әсерлердің болуы мүмкіндігі туралы ешқандай ақпарат жоқ. Болуы мүмкін қауіп-қатерлерге талдау жасалмай жатып, бір ғана министрліктің ешкіммен келіспей жатып шешім қабылдай салуын балалардың қамын ойлап отырған іс емес, қарапайым «маркетингтік қадам», немесе балаларға жасырын түрде экспримент жүргізіліп жатқан жоқ па деп ойлауға мәжбүрлейді», – деп Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға жүргізілген сынақтар мен сараптаулардың қорытындысы мен адам өміріне қауіпсіздігін растайтын дәйек әкелуін талап еткен болатын. Сол жолы депутат сөзіне дәйек ретінде қоса, АҚШ-тың Азық түлік өнімдері мен дәрілерді бағалау басқармасының қандайда болмасын ашытқы түріне аллергиясы бар әйелдердің гардасилді қабылдауына болмайтыны туралы ресми ескертпесін де келтірген-тін. «Біздің елімізде азаматтардың кез-келген медициналық қатысуға өз еріктерімен келісуге немесе келіспеуіне құқығы бар екеніне заң жүзінде кепілдік беріледі. Іс жүзінде бұл құқық әрдайым бұзылумен келеді. Бұған мысал – көптеген егу науқандары кезінде екпенің құрамы немесе ықтимал болуы мүмкін асқынулар туралы білу іс жүзінде мүмкін емес. Толық және ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижелерін алғанша, Франция және бірқатар еуропалық елдердегі сияқты гардасил және цервариксті жарнамалауға тыйым салу керек. Жұртшылықты тарта отырып екпенің қысқа және ұзақ мерзімдегі салдарлары бойынша мониторинг жүргізетін арнайы қызмет құру қажет. Заңнамада белгіленген мерзім ішінде жауап берулеріңізді сұраймыз», – деген еді. Алайда содан бері екі жылға жуық уақыт өтіпті. Жауап жоқ әлі.
Құрамында ашытқыдан басқа алюминий, хлорлы натрий, полисобрат және натрий тетрабораты (буру) сияқты компоненттер бар. Сол алюминий жүйке және иммундық жүйелерге кері әсерін тигізіп, Альцгеймер ауруының дамуына себепші болады. Сондай-ақ сал, аутизм, паралич секілді ауруларға әкеліп соғады. Ал Бура элементі мен гербицидтер және жууға арналған құралдар өндірісіне пайдаланылады. Ең сорақысы, гардасилдің 21 мыңнан астам кері әсері бар. Бұл туралы қарапайым жұрт ештеңе білмейді.
Ғаламтор бетін ақтарып отырып бұдан да қорқынышты деректерге тап болдық. Мәселен, гардасил өндіретін «Merck» фармацевтикалық компаниясы сынақ жүргізген уақытта қатысушылардың 73 пайызының жаңа ауру түрлерін тапқаны анықталған көрінеді. Өкінішке қарай, бұл деректер басында көпшіліктен құпия ұсталыпты. Тек АҚШ Конгресі араласқан соң ғана мәселенің беті ашылған. Бүгінде АҚШ, Испания, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландияда гардасил екпесінен кейінгі адам өлімі оқиғаларын қоспаған күннің өзінде қояншық, тырысқақ, ұмытшақтық, жүрек ақауы секілді аурулар тіркелген екен.
Әрі қарай