Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды


Белгілі жырау, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жеке сайты ашылды. Сайтқа www.btleuhan.kz адресі бойынша өтуге болады.
Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар…

Оның үстіне жұрт арасында қайраткеріміз жайында алып-қашпа әңгімелер де көп. Ақиқаты қайсы, жаласы қайсы ешкім бас қатырып жатпайды.Бір жағынан алып-қашпа сыбыстардың рас-өтірігін Қанайұлының өз ауызынан естиік деген мақсат та жоқ емес.

Оқыңыз, зер салыңыз. Ашық сауал қойып, Алаштың азаматымен рухани байланыста болыңыз. Тілектес қана емес, үлестес, болғайсыз, Құрметті оқырман!
Бөлісу:

15 пікір

berkut
айтпақшы, қонаққа келіп тұрыңыздар…
neoaskar
Өзіне-өзі бірінші болып коммент жазуды қою керек қой.
asaubota
сайт мықты шыққан!
neoaskar
Бекболаттың әндерін сүйін тыңдаймын. Жақсы адам. Депутат болып жүргенде біраз мәселелерді қозғайтын еді әсіресе ұлттық намысты, сол қозғауы біреулерге жақпады ма, көп отыра алмады ғой.
Ereimen
Айып етпе, ақсақ қой түстен кейін маңырайды, бұл сайт ашылғалы біршама уақыт болған…
asaubota
жігіттер ішін дұрыстап толтырып болғаннан кейін жариялап отыр.
zholantai
Негізі, Қазақстанда Бекболатты құрмет тұтып, әр сөзі мен ісін бақылап, тәнті боп отыратын халық үлесі бар. Бекболат Тілеуханның осы беделі арқылы, сайтты көп қаралатын сайттар қатарына қосуға болад деп ойлайм. Тек жеке сайт ретінде қалып қойғаны дұрыс емес. Тым жұпыны боп қалад.
Соңғы түзету:
berkut
зерек екенсіз, енді сайттың ішіне бір үңіліп шығуға кеңес берер едім…
asaubota
осындай жеке сайттарға тіркелу не үшін керек, түсіне алмай қойдым. пікір жазу үшін бе әлде? пікірге қазір ең ыңғайлысы әлеуметтік желі арқылы жазу.
zholantai
әлеуметтік желілер арқылы тіркелу жоқ екен, қосатын шығар.
berkut
пікір жазуға жеңіл болсын деп қосқан едік.
asaubota
керісінше олай қиын емес пе? пікір тіркелместен немесе әлжелі арқылы болса оңай болады
ken
Мына жазбасына қатысты ойым:

Ағамыз нацизімнің пайда болу себебін дарвинизмге әкеп тіреп қойған екен. Нацизмнің себептері бұдан әлдеқайда күрделі емес пе? Бір эволюция теориясынан көргені дұрыс емес.
Сосын герман тобындағы халықтардың (англо-сакстар, скандинавтар, германдардың) өз нәсілін басқалардан жоғары санауы (олардың нәсілшілдігі, расизмі) Ч.Дарвинге дейін де болған.
Мен аталмыш теорияны бұл жерде жақтап та, даттап та отырғам жоқ. Айтпағым, бір нәрсенің жалған екенін көрсету үшін екінші бір нәрсені бұрмалаудың қажеті қанша? Ағамыз жалғанның жалған екенін дәлелдемек болып жүріп, өзінің қалай жалған сөйлеп отырғанын байқамай қалғанға ұқсайды.

Осы Нұр Астана мешітінің имамынан мынадай сынды ойды бірнеше рет естідім: «Егер сен имам болмасаң, араб тілін білмесең, діни білімің жетік болмаса, онда сен аннан-мыннан естігендерің мен кириллицамен жазылған аят-хадистерде оқып алғандарыңды айтып, басқаны адастыруға хақың жоқ. Әркім өз саласы бойынша сөйлеу керек. Заңгер заң туралы айту керек, дәрігер дәрігерлік туралы, әнші ән туралы, жыршы жыр туралы...» — деген сөздерді айтып отырады.
Сондықтан…
ken
Жоғарыда басқа сілтемені қойыппын. Мына жазбасына қатысты еді.
Sashok
Бекең ерлеп тұр негізі. Қыздар, жігіттер, не білгендерің бар?