Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Биыл Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын керемет тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап паркте аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және тағы басқа сауық-сайран нысандары іске қосылады.

Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.

Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналмақ. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған. Енді спортпен шұғылданамын, уақытымды ұтымды пайдаланамын, көңіл көтеремін десеңіз, Астаналық паркке келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жүзу білесің бе?

Бір сұрақ: Жүзу білесің бе?Жүзуді өзім енді үйреніп жүрмін. Қыздар мен апашкалар емін-еркін жүзіп жүргенде, бассейннің бір бұрышында жігіт басыммен тұрып бақылаған ұяттау екен. Нәзік жандардан көмек сұрағанша, «бассейнге батып кетті» деген атақ артық қо.  Кей құрдас-бғаттардан сұрасаң "қалай үйрендің" деп, «бізді кезінде үлкендер өзен-көл ортасына лақтырып, кейін өзің шығып ал деп құтқармаған» дегенді айтады. Ойлап қоям: «неге мен де кезінде үлкендерге суға өзімді лақтыртпағанмын» деп, жан тәтті болса өзім жағаға шығып алатындай. Бірақ екінші жағынан ойласаң, жағдай менімен басқаша аяқталғанда бұл сұрақ мүлдем қозғалмас та еді.) Өйткені суға бату фактілері қай кезде де көп болған. Білгенім, жүзуді үйрену оңай шаруа емес екен, жүзбес бұрын қол-аяқтарыңды, иығыңды, мойныңды шынықтырып, бассейн астына қайта-қайта түсіп деміңді ретке келтірген жөн. Одан кейін терең дем алып, суды мұрынға жібермеу тәсілін игеру қажет. Жүзуді кештеу және өздігінен үйреніп жүргендерге бассейннен бастаған дұрыс, өйткені олар үшін суда горизонталь позицияда болу қорқынышты. Ол үшін екі қолыңмен бассейн шетін ұстап, екі аяғыңды судың бетіне шығару керек. Содан соң терең дем алып, басыңды су астына төмен түсіріп, қолыңды жаймен жіберу қажет. Осылайша сіз суды, жалпы судың тығыздығын сезесіз. Ал тығыздық сізді батырмай судың бетінде ұстайды. Өзіңізді батып баратқандай сезінсеңіз, аяқтарыңызды түбіне тигізіп, серіппе секілді итеріліп су бетіне вертикаль позицияда қайта шығасыз. Бұл әсіресе бойы аласа адамдарға қатысты. Бірақ бұнымен шаруа бітпейді, денеңізді «бір шетінен ұстап қағылатын кілемшедей» қозғалта білу керексіз. Ол үшін икем, тәжірибе және әрине уақыт қажет. Ал арнайы резеңке бас киім мен жүзуге арналған көзілдірік құлаққа су кетуден және судың көз алмасын қысудан сақтайды. Ал аяқ башпайларыңыздың тартылып қалатын әдеті болса, суда көп болмаған дұрыс. Ең бастысы су түбіне ыңғайсыз позициямен түсіп кетсеңіз, үрейге жол бермей, алған деміңізді бірден шығарып алмаған жөн. Әзірге өз басыма аяқ-қолдарымды жиі әрі бір мезетте қозғалту күрделі боп тұр. Осындайда жүзу білмесе де, әлемді шарлайтын теңіз саяхатшыларына таң қаласын…
Әрі қарай

Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз



1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.
Әрі қарай