Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Қараңғы

Бұл баяғыда болған оқиға…

Әкесі мен баласы
Кішкентай кезімде бөлмеме барып жату мен үшін қорқыныш еді. Жарықты өшіріп, қараңғыда ұйықтау, айдалада жалғыз қалғанмен бірдей.
Әрі қарай

Дала заңы

Мен әкеммен шешіліп сөйлесіп көргенім жоқ. өтірік айтамын. Екі-үш мәрте ғана ашық сөйлескен болармыз. себебі, мен әке-шешемнің емес ата-әжемнің қолында өстім. Бұрынырақта да жаздым ғой, қайталап айтын не қылайын. Айтпағым басқа.
Сол, атының артына мінгесіп өскен атам былтырдан бері қаты ауырып жүр. Былтыр қыстың аяғына қарай «Келмесстанға» кететін болар деп жүргенімізде саумал мен қымызға ілігіп, жілігіне май барып аман қалған болатын. Орнынан тұрып, қонаққа да өз аяғымен және таяғымен баратын дәрежеге жеткен еді. Сол, даланың қыңыр шалдарының тұяғы, менің атам, былайғы жұртқа «сары шал» биыл тағы да төсекке таңылды. Жұрт жаңа жылды қарсалып жүрген кездерде біз атамызды шығарып салармыз-ау деген уайыммен жанында отырдық. Ия, іштей дайын болғанымызбен, қимайсың. Сол сары шал, барлық ұл-қызын жинап алып, соңғы сөзін айтқандай болды. Бұдан кейін айта аламыфн ба жоқ па деп уайымдаған болкуы керек.
Өзінің үлкен ұлын, менің әкемді қасына шақырып үш рет басынан иіскеп «Айналайын» деп кеудесіне басты. «Сені, иіскей де алмап едім, басқаларын жақсы көрдім еркелеттім, сен „әкем мені неге жек көреді?“ деп ойларсың. Мен сені жек көрмеймін, жақсы көремін. Қу Нұрқанның көңілі үшін өмір бойы маңдайыңнан сүймедім» деп әкеме өзінің тәспісін табыстады. Әкемнің де көңілі босап, жылап жіберді. Мен де маңқам аққанша жыладым-ау деймін. Себебі, сол… Әкем екеуміздің арамыз қалай болар екен?! Ол менің басымнан қашан иіскейді, мен оның кеудесіне қашан басымды қоя аламын, қашан ол киген шапанды иығыма жамылып тұра аламын?! Менің баламның ішкі жан дүниесі ертең осы сезімдерді бастан өткерер ме екен?! Ол да менің жылы сөзімді күтіп, менің еміренуімді аңсар ма екен?!
Әрі қарай

Атамыздың кезекті айласы өтпей қалды ! :))


«Шымқала, неткен көрікті қала едің! Өзіңмен талай қызықты шақтарым өтті ғой. Таң атысымен тұрып, түннің бір уағына дейін қаланы тамашалып, алаңсыз жүруші едік!»- деп, ойға шомып отырғанда Шопр ағаның «колостан» түсесіздер ме әлде, «ескі автовакзалданба»?-деген, сұрағынан селт ете қалдым.
Ол жерді неге «колос» -деп аталатынын әлі күнге дейін білмеймін! Кім біледі, айта кетсеңіздер

-Аға «колостан» түсіп қалайын.
-«Тәәк», деп рөлді ақырын ғана бұрып тоқтады.
Жалпы қалаға жұмыстарыммен келген болатынмын. Жұмыстарымды бітіріп. Жаудың басын қайырғандай сезімде, жақсылап тұрып, түстеніп алдым .(әбеткі шәй) Осымен доғарсам болар еді, бірақ анадай жерде су араластырып сатып тұрған «қымыздың» екі шақ кесесін сіміріп алдым! Сонан жан-жағыма қарап, дәретхана іздей бастадым. Жарықтық «дәретхана бизнесі» қымыз сатушылардың арқасында жүріп тұр ғой. Асығып келіп 30 тг бердім де қажетімді өтеуге асықтым. Менімен бірге бір атамыз да асыққыны соншама «шыққан соң тиыныңды беремін»,- деп екпіндеп кіріп кетті. Кассир қыздың қасында байқауымша осы бизнестің «ходжайыны» жасы үлкен апамыз отыр.
Былай деп әңгімесін бастап кетті:
— Әй осындай шалдар көбейіп кетті соңғы кездері. Өткенде бір шал «вайнаға» қатысқанмын деп, тегіннен тегін кіріп кіш еткізіп кеткен. Біз сонда не, қайырымдылықпен айналысып отырмыз ба?! Немесе «вайнаға» дәретханаға тегін кіріп-шығу үшін қатысқан ба ?! Бұл сендерге мемлекеттік дәретхана емес, «частный туалет»!
— Мемлекеттік дәретхана деген не, ондай КСРО кезінде болған беді ?,- деп сұрағым келіп еді, «әй қой апамыздың асқазанынан тірідей бірақ шығармын» -деп, іштей қарқылдап алдым. Сол кезде атамыз да шықты.
— Айналыйын рақатыңа отырдың ба, төле! (ходжайын)
— Қазір, кемпірім келіп төлеп кетеді. (шағала атамыз)
— Сенің кемпіріңді кім таниды төле тез! Шалдарың осындай көргенсіздік көрсетсе жастарың не істемейді аааа. Оңбаған жастарға берген тәрбиең осы ма?!- деп жағасынан ала бергенде атамыз төс қалтасынан 1000 тг суырып алды да «ходжайынға» берді. Атамыздың бұл әрекеті маған қызық көрінді қасына жақындап барсам, жаңағы іс-әрекеттеріне себепші болған, өмірден өткен кімпірін есіне алып, соны төлейді дей салуы, Талдықорғанша айтқанда:
— Атамызды «жылан» шағып алған екен.
— Көркем әдеби тілмен айтқанда:
— Сайтан судан сіміріп алған екен.
С.С: Адамдар қартайған сайын қылығы жас балаша болып кетеді дегенді есітуім бар еді. Рас екен-ау! Жаңағы атамыздың қылығы автобустан ақшасын төлемей қашқан болзбалалардың әрекетіндей көрінді.
Хош, досым былай деуші еді:
— Күлсең, шалмен (кемпір) байға күл. Басыңа келеді.
Досымңың бұл сөзі есіме түскен соң, ауылға жеткенше күлкіден ішегім түйіле жаздады.
Әрі қарай

Шайтанмен бетпе-бет

Ол кезде жаспыз. Тепсек алюминий үземіз. Жігіт болып көшеге шыға бастаған кез. Ауылдың клубындағы би кешіне барамыз. Біздің ауыл шашылыңқырап жатқан ауыл. Таудың екі мүйісін алып жатыр. Әр жақтардағы үйлерді үкімет көше-көше қылып салған. Бергі бетіндегілер малдарына ыңғайлы болсын деп әр жерге өздері салып алған.Мен әрине бергі беттемін, клуб сәйкесінше арғы бетте. аралық 2-3 шақырым. Жас адамға түк емес әрине. сонымен бидің соңы тау жаққа барып гитарамен ән айтуға,әр ненің басын шалуға ұласады. Бір күні жындар, шайтандар жайлы сөз қозғадық. Содан түнгі үштер шамасында үйге қайттым. Бұл мәдениеттілік дегенді қойсаңызшы, үйге жеткен кезде кіші дәретке дәретханаға кіріп отыруды ұйғардым. Есігін ашып қалсам...ішінде аппақ шайтан отыр. Күшенгендей болды. Аяғым қарысып қалды. Аузыма«біссіміллә» да түспей қалды. ана шайтанның менімен ісі жоқ. «Есікті жап» деп қояды. Сөйтсем шайтан дегенім атам екен. Балқаштағы әскери қызметтегі ағам солдатский ақ киімдер әкеліп беретін. Ол кісі сол киімдермен жатушы еді.
Әрі қарай

Әкенің өлімі

Алдымен жеңіл көлік. Артынан ұшақ. Сосын тағы жеңіл көлік. Бір сөзбен айтқанда бір-ақ күнге созылатын, бірақ ұшы да, қиыры да жоқ бітпейтін бір сапар.

Бала күннен қорқатын жалғыз хабары бар-ды. Ол — "Әкең я шешең өлді" деген суық сөз болатын.
Әрі қарай

Болар бала қонаққа үйір

<<Ата- балаға сыншы>> дейді халқымыз. Қазақ аңыздарында жер сыншысы-Асанқайғы,құс сыншысы-Шора, ат сыншысы-Күреңкей, ел сыншысы- Толыбайлардың есімі жиі айтылады.
Әрі қарай

Келін,бағана анау үшбұрыштын...

Кемпірі өлген шал ұлы мен келінінің қолына қарап қалыпты. Келін ойына келгенді айта салатын (ауылдың тәрбиесін көрмеген)қаланың қызы екен.Кейбір іске икемі келмесе де, жалпы жаман емес екен. Содан бір күні атасы келініне моншаға баратынын айтыпты.Келіні жанталасып сөмкеге атасының киімдерін, сабынын, орамалын салып беріпті. Байқаусызда өзінің іш киімін де салып жіберген ғой. Атасының дамбалы салынбай қалған. Шал моншада (жалпы монша екен, тағы 5-6 адам түсіп жатса керек)киінейін деп дамбалын шығара қалса өзінікі емес, әйелдікі екен. Жұрттың күлгеніне шыдай алмай баласына келіп айтыпты. «Осылай да осылай, мені жұрт мазақтады, сен келінге айт, келер жолы абай болсын» деп. Ұлы келіншегін сабап тастапты. Өзінің таяқ жегеніне намыстанып кеткен келіншек, сөмкега атасының дамбалын салып, атасының алдына әкеліп «ата, сіз жөндеп қарамағансыз ғой, міне дамбалыңыз тұр ғой» дегенде атасы, «Келін-ау, мені келеке қыла бермеш, бағана анауың үшбұрыш болатын» деген екен.
Әрі қарай

Соғыста өлген әже

Шал мен кемпірдің қолында немересі тұрыпты. Бала неме бірдеңені түсініп қалмасын деп шалы «Кемпір соғысайық» дейді екен. Содан екеуі соғысып алады екен. Күндердің күнінде ойнап жүрген немересін шақырып алған әжесі «Барып атаңа айтып келе қойшы, әжем соғысайық деп жатыр де».содан немересі атасына келіп, «Ата,әжем соғысайық деп жатыр»депті.сонда шал "Әжеңе айтып бар, атам кешегі соғыста өліп қапты де" деген екен.
Әрі қарай

Шоған Абыз(1584-1642)

Шоған Абыз Ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет

Сол бір замандарда 13 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болған екен. Абыз атағын бұл бабамызға елі беріпті. Мына ескерткштегі ұрпақтары: Тұғжым, Дәуім, Мәмбет, Үмбет
Әрі қарай