Қараңғы

Бұл баяғыда болған оқиға…

Әкесі мен баласы
Кішкентай кезімде бөлмеме барып жату мен үшін қорқыныш еді. Жарықты өшіріп, қараңғыда ұйықтау, айдалада жалғыз қалғанмен бірдей. Жарықты жағып ұйықтайтынмын, түнде әкем келіп өшіріп кететін. Әкем менің қорқатынымды білмейтін. Бір күні сұрады: Неге жарықты өшірмегенсің деп, мен шынымды айттым, қараңғыдан қорқамын деп, содан кейін ес білгенше, мен ұйықтап қалмайынша, жарықты өшірмейтін, ұйықтап қалған соң бәрібір ғой.
Содан ер жеттік, үйлендік, балалы болдық, содан кейінгі бәрі ұмыт болды ғой…

Атасы мен немересі
Бір күні әкем телефон соқты. Оқиға былай болыпты: Әкем немересін алып түнде ұйқыға кіріседі ғой. немересін құшақтап жатып әңгіме айтып жатқан болса керек, ол кезде үлкен ұл 2 жарым жасар еді. Тілі анық, сөйлеуге шеберленіп келе жатқан кезі. бір кезде шешем келіп жарықты өшіріп тастап, ол да ұйқыға кіріседі ғой. сонда немересі: — Ата светті жағайықшы, депті. Атасы: — Неге? десе, немересі: — Қорқам, — дейді ғой, Атасы: — Неден қорқасың? — деп сұраған екен. Немересі: — Қараңғыдан, — деп жауап беріпті. Атасы: — ой, әкең… — деп бір тоқтапты. Азанда телефон шалып тұр. Осылай да осылай деп айтты… "Ұқсамасаң тумағыр" дейді.
Е, адам баласы осыншама қорқақ бола ма, әрине жалғыздықтан қорқуға болады. ал, қараңғыдан ше?.. Сіздер қалай ойлайсыздар керекшілер…
Бөлісу:

26 пікір

bake
Кішкене кезімде өте нашар ұйықтайтынмын. Түнде неше түрлі құбжықтар келіп мазалайтын. Өсе келе құбжықтарда жоғалды. Меніңше кішкене бала қараңғы не екенін білмегендіктен қорқады. Меніңше дәл кішкене бөбектер ұйықтар алдында жылайтыны себебебі ұйқы не екенің білмеуінде ғой, қайдан білсін ұйықтап тыныққан заңды дүние екенін.
neoaskar
Мүмкін, сол қараңғыдағы елестерді көріп қаламыз ба деп қорқатын шығармыз. тағы бір оқиғаны әлі күнге есімде, қанша жаста екені есімде жоқ, сол 5-6-шы сыныптарды болуы керек, ойнап келіп шешінбестен, жуынбастан жерге жата салғанмын, ойыннан қатты шаршаған болуым керек, ұйқым сергек, кейде бір тысырдан оянып кететінмін. Содан түннің орта тұсынан ауған ау деймін, оянып кеттім, терезеден сәуле түсті, машинаның сәулесі дейін десем, сәуле үйдің жоғарғы жағына емес, еденнен сәл жоғары, төменгі жаққа түсті және терезден екені де білінбейді, өйткені сәуленің дәл ортасында бойы екі қарыс, үсті-басын жүн басқан құбыжық кетіп бара жатыр, дуылға жабысып қалған, көлеңке сияқты. ұйқылы ояу дуалдың бір басынан екінші шетіне дейін көзбен шығарып салдым, менде үн жоқ. кейіннен ойландым, сол кезде түсіп шығар дейін десем, қасымдағы ағамды түртіп оятқаным бар, орныма қайта келіп жатқаным бар, түсте істейтін емес, кадімгі өңімде жасағанмын бәрін. не құбылыс екенін білмедім…
тағы бірде төсегімде ұйықтап жатырмын, мазасызданып ояуға шақ қалғанымда аяғымды бірдеңе басып жүріп өткендей болды, құдды бір мысықтың жүрісіндей (ол кезде үйде мысық ұстамайтынбыз), оянып айқайлап жібердім, көрші бөлмеден әкем келді, жарықты жағып не болғанын сұрап жатыр. айттым аяғымды бірдеңе басып кетті, қорқып кеттім деп, (бұл оқиға менің қараңғыдан қорқатынымды мойындағаннан кейін болған, ол кезде әкем маған қорқынышыма көңіл бөліп қарай бастаған кез) бөлменің ішін қарап шығып, ештеңе жоқ, жәй солай көрінген шығар деп басу айтып жатыр. шынында да бөлмеден ештеңе таппады. мысық та басқа да болмай шықты. ал мен аяғымды бірдеңенің басқанын анық сездім… (Қараңғыдан қорқам )
bake
Нағыз қазақ екендігіміздің дәлелі) бәрімізге ортақ сенім беріп, тиыммен өсірген) Бүкіл қазаққа ортақ сенімдер баршылық (елдің қайдай болсын жерін алып қарамаса) мысалға: Түн ортасында жердің ыстық қойнауынан шығатын үлкен жұмыр шар тәріздес алтын туралы. Қараңғы түнде даланың бетінде дөңгелеп жүреді екен. Оны тоқтату үшін қолдан қан ағызып үстінен басу керек. Сол кезде алтын жүрісін тоқтатып, оны иеленуіңе болады екен) Біздің әкелерімізбен бірге өзімізде жоққа кетіп барамыз, балаларымызға мәдинетімізді мұраға қалдыра алмай… Қазір біздің сенімізді жаһандық мәдиениет ысырып барады ғой. Баяғы «TV адамдар» секілді
Aya
мама, қорқынышты((( мен де қараңғыдан жаман қорқамын. Артымнан біреу қуып келе жатқандай жарыққа жетенше нестеп қоя жаздаймын))
daugozhek
Кішкентайымнан бастап кез-келген нәрседен қорқудан қорқатынмын, мазақ қылама деп
Armanjan
Үлкен МБ. Тіпті біздің қазақтарда кішкентай баланы жападан-жалғыз өзін бір бөлмеде жатқызып қою деген болушымеді. Атасының, әжесінің қойнында жатпаушымеді бала, немесе бір үйдің бірнеше баласы бір бөлмеде дегендей, не болса да баланы жалғыз жатқызғанда бала қорқады деп емес, ата-анасы жалғыз қалдыруға қорқатындықтан оңаша қалдырмайды ғой. Бір бөлмеге жатқызып, светті өшіріп шығып кету шетелдік фильмдерде кездесетін жағдай еді ғой, соны қазақша нұсқаға келтіріп тұр мұнда. Әйтпесе ойбай қорқады, айдың жарығы түсіп жүрер, анау-мынау деп бәлені қаптатып қойнына алып жататын қазақ емеспіз бе?
ПыСы: кішкентай кезімде бесікте жатқанда қараңғыдан қатты қорқушы едім кейін бесіктен беліміз шыққан соң бәрі қалпына келді ғой
neoaskar
мен үйдің екіншісімін, менен кейін қыздар дүниеге келген соң мені типа үлкен болды ғой деп бөлек жатқыза салған ғой, еркек қой ештеңе етпес деп, әжеміз әкеміздің інісінің үйінде тұрды. бөлме тар болған соң көрші бөлмеге жатқыза салған
torgai
Рас. Жалғыз жатып көрмеппін. Үйдің кенжесі болған соң да шығар. Бірақ, жалғыз жатқызайын десе де мүмкін болмас еді. Алдымда 6 апам бар. Ал үйде бар болғаны 3 бөлме еді.
neoaskar
Бақытты екенсің, қорқып жатқан күндерім қаншама… Фобия — қорқуды жеңу қиын.
torgai
Ильхамның бағдарламасына хабарлас))
neoaskar
ондағы қор жай қорқулар ғой, ұлы да қызы да, «Аа, аа, ойбай, ойбай» деп айқайлап жатады. шын қорқу дегенің басқа болады. Ол жай телешоу. Қасыңда операторлар, Илхам тұрады, басқа бөлмеде достарың, әріптестерің бар дегендей, ол жерде қатты қорқатын ештеңе жоқ, келесі постымды күт, қалай қорыққаным туралы жазамын.
Adiletshu
4-5 жасымда құлағы, құйрығы кесілген, кесілген жерлері жазылып, бітпеген бір иттен қатты қорқатынмын. Оны да әпкем «ауру», жақындама деген соң жұғып кете ма деп қорықтым.
neoaskar
Иттен қорқу бір басқа ғой деймін, қараңғыдан қорыққаннан қарағанда
Olzhass
жалпы адам өзін күндіз басқаша, ал түнде басқаша сезінеді ғой. күндіз қалыпты көрінген нәрсенің біразы түнде басқаша «реңк» бере бастайды. жалпы өзім де түннен қорқушы едім, бәленің барлығы теледидардан басталды. қорқынышты фильмдер бала кезде психикама әжептеуір әсер етті. кейін ол кім? бұл нені? оқып тынышталдық қой)
Соңғы түзету:
torgai
Жалпы қорқыныш үлкендерге де тән. Әкем жарықтық түн ортасында зираттың ішінен малды іздеп жүре беруші еді. Сонда мен "әкемде қорқыныш атымен жоқ" деп ойлайтынмын. Бірде әкем темекі шегуге шығып келе жатқанда есіктің артында тығылып тұрып «Уах» деп айқай салған едім. Сондағы әкемнің түрі әлі есімнен кетпейді. Аузы қисайып, бір жағына қарай құлап түсті. Ең бастысы қашып үлгірдім. Қазір ойласам байғұстың жүрегі ұшқан екен ғой. Дұрысы ешкімді қорқытпаңдар. Қорқу — ұят құбылысы емес сияқты.
asaubota
менің ойымша егер баланы кішкентайынан қараңғымен қорқытпасаң қорықпайды. үлкен ұл түнде ұйықтап бомлайтын болғасын қараңғыдағы неше түрлі бабайларды айтып, қорқытатынбыз. ол қараңғыдан қорқады, ал кіші ұл қараңғыда жүре береді өзімен өзі. ода әлі ондай қорқу сезімі жоқ.
neoaskar
Сол бабайларды айтып қорқытпашы ұлыңды, шынымды айтсам мен әлі күнгі сол құбылыстан арыла алар емеспін. егер түнде жалғыз жатып жан-жағым сықырласа, таң атқанша далада отыруға бармын. Бұл қорқақтықтың белгісі емес, жаным қорқады қараңғыдан…
өткенде жер сілкінді деп көршім айтты, сол күні түнде түн деп қоям, сағат таңғы 5-тер шамасы болу керек, ұйықтап жатып қысылдым, бір түрлі болдым, сонда құлағыма біреу атымды атады, түсім дейін десем, дауыстың әліз де болса, желі бар, құлаққа сыбырлағандай. содан атып тұрдым, сыртқа шықтым, бала-шаға қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр. сыртқа шықсам, үйдің шетінде өзеннің арғы бетінде шибөрілер шулап жатыр екен, ауылдың иттері азанда-қазан үріп жатыр. сыртта біраз болдым да өз-өзіме келген соң қайта жаттым, бірақ ұйықтамадым…
torgai
Бұл дұрыс. Қорқытпау керек.
neoaskar
«теріс» кетіп калды негізі «оңды» басамын дегем
torgai
Нені айтасың?
neoaskar
сенің пікіріңде минус тұр ғой
torgai
Еее. Өмір минусқа кетпесе болды. Оқасы жоқ. Жарасы жеңіл ғой
Соңғы түзету:
er_vostok
5 жасыма деин коркатынмын сосын коркуды койдым. Шешем уйретти гой *бисмилла* деп журе бер ештене болмайды деп...) Сойтип уйренип кеттик кой
zholantai
сыртта, далалы, яғни жабық емес жерлерде қорқа бермейді екенмін, ал үй үшінде елегізу болады. әсіресе, сырттан келіп, жарық жағулы бөлмеге өткенше тастай қараңғы коридормен жүргенде қорқамын) негізі, үрей деген, қорқыныш дегендер қалыпты сезімдер деп ойлаймын,
NKhamitkyzy
Боязнь ночи — никтофобия (Nyctophobia). PS тауып алдым.былайынша керек термин)
Anar70
мен әлгі күнге дейін қараңғыдан қорқам, тастай қараңғыда ұйықтап кетіп, оянсам ауа жетпей тұншыға бастаймын((( неге солай екен…