Шайтанмен бетпе-бет

Ол кезде жаспыз. Тепсек алюминий үземіз. Жігіт болып көшеге шыға бастаған кез. Ауылдың клубындағы би кешіне барамыз. Біздің ауыл шашылыңқырап жатқан ауыл. Таудың екі мүйісін алып жатыр. Әр жақтардағы үйлерді үкімет көше-көше қылып салған. Бергі бетіндегілер малдарына ыңғайлы болсын деп әр жерге өздері салып алған.Мен әрине бергі беттемін, клуб сәйкесінше арғы бетте. аралық 2-3 шақырым. Жас адамға түк емес әрине. сонымен бидің соңы тау жаққа барып гитарамен ән айтуға,әр ненің басын шалуға ұласады. Бір күні жындар, шайтандар жайлы сөз қозғадық. Содан түнгі үштер шамасында үйге қайттым. Бұл мәдениеттілік дегенді қойсаңызшы, үйге жеткен кезде кіші дәретке дәретханаға кіріп отыруды ұйғардым. Есігін ашып қалсам...ішінде аппақ шайтан отыр. Күшенгендей болды. Аяғым қарысып қалды. Аузыма«біссіміллә» да түспей қалды. ана шайтанның менімен ісі жоқ. «Есікті жап» деп қояды. Сөйтсем шайтан дегенім атам екен. Балқаштағы әскери қызметтегі ағам солдатский ақ киімдер әкеліп беретін. Ол кісі сол киімдермен жатушы еді.
Бөлісу:

8 пікір

a63a1
94-95 жылдары ақ адам қара адам дегендер болған жоқпа?
a63a1
Қарап отсам қара адам дегеннің түп төркіні "Қар адамы" дегеннен шыққан екенғой ә?
Abilakim
ақ адамды білмеймін "Қар адамы" дегенді естіп ем.
Aya
ана шайтанның менімен ісі жоқ. «Есікті жап» деп қояды. Сөйтсем шайтан дегенім атам екен.
serjan
Блогқа осындай бірдеңелерді жаза беруге болама не?
salta
Әбіләкімге болад))))