Керекинфолықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жылды қорытындылады...

Кворум

Баскенттің сол жағалауындағы «Керуеннің» үшінші қабаты «Керекинфоның» бастыжайына айналып келеді. Бүгінгі айтулы мәслихаттың кворумын Атыраудан Алмас (sigma), Қостанайдан Талғат (talgatjez), Алматыдан Һісеһ (qisyq), Бекжан, Қызылордадан Ләйлә (lyaila), Ақтөбеден Алдан (Aldeken), Әйгерім (AKY), Аршат (asaubota), Шымкенттен Жансая (Zhan) және мен құрадық. Abilakim Айсұлтанның шұғыл шаруалары шығып қалуы оның келмеуінің себебін түзді.

Жиналудағы мақсат
Әрі қарай

...келе жатыр...

Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр. Біздің ғарышкерлеріміздің де ғарыш саламыздың да оңып жатпағаны белгілі. Бірақ, тойшыл қазақ осы күнге орай мерекелік шара өткізбесе ішкен асы бойына сіңбейді. Бәрі дұрыс қой. Айтатын әндерге келсек… дені орыс тілінде. Гагариннан бастап әйтеуір Олжастың «Адамға табын жер ендісімен» аяқтап жатамыз. Менің өтінішім, ғарыш жайлы, ғарышкерлер жайлы қазақша әндер бар ма? Саят Қамшыгердің сөзіне жазылған балаларға арналған " Мен ғарышкер боламын" атты ән бар деп естідім. Бар болса бөлісе отырсаңыздар.
Әрі қарай

Блогкэмп: Виртуалдан реалға



Виртуалдан реалға!
Бірінші күні таңертең Қожақанова Мақпал бәрінің блогкэмп туралы бір ауыз сөз айтуын сұрап, жазып алып жүрді. Сол кезде ойыма тек осы сөз түсті. Иә, виртуалдан реалға. Құрылтайдың ең басты мақсаты да осы сияқты: интернетте жүрген адамдардың реал өмірде бір бірімен кездесулері, дауыстарын естіп көруі, олармен бірге жүріп, бірге тамақ ішуі, бірге уақыт өткізуі, жалпы бір жерде бірге болулары. Яғни, құрылтай өзінің негізгі мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз басым көп адамдармен таныстым, көп нәрсе үйрендім, білгеніммен бөлістім.
Әрі қарай

Кешегі хоккей

Әбіләкімнің  ауылы: Кешегі хоккейҚысқы Азия ойындарындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизиондағы ерлер командаларының тартысы басталып та кетті. Кеше біздің құрама командамызбен Қытай елінің құрама командасы өзара бақ сынасты. Ойынның қалай өрбігінін өздеріңізде байқаған боларсыздар.Есеп 14-1, Қазақстан құрамасының пайдасына.
Менің айтпағым осы ойыннан кейінгі тілшілердің ойыншылардан алған сұхбаты жайында. Хоккей құрама командамыздың каптитаны Талғат Жайлауовтан сұхбат алу барысында тілші мынандай сұрақты қойып қалды, “Қақпамызға 1 шайба кіргізіп алуымыздың басты себебі не?”. Тілшінің де өз білгені бар шығар. Бірақ спорттың аты спорт, ойынның аты ойын.ірі есеппен жеңіп тұрып бұл сұрақты қоймаса да болар еді менің ойымша. Оның орнына, “Жапония құрамасының ойындарын тамашаладыңыздар, осы мықты командаға қарсы қалай ойнамақшысыздар?, Ойындарынан осал тұстарын байқадыңыздар ма?”дегендей сұрақтар қою керек еді. Бұның бәрін ИМХО деуші ме еді…
Әрі қарай