Блогкэмп: Виртуалдан реалға
Виртуалдан реалға!
Бірінші күні таңертең Қожақанова Мақпал бәрінің блогкэмп туралы бір ауыз сөз айтуын сұрап, жазып алып жүрді. Сол кезде ойыма тек осы сөз түсті. Иә, виртуалдан реалға. Құрылтайдың ең басты мақсаты да осы сияқты: интернетте жүрген адамдардың реал өмірде бір бірімен кездесулері, дауыстарын естіп көруі, олармен бірге жүріп, бірге тамақ ішуі, бірге уақыт өткізуі, жалпы бір жерде бірге болулары. Яғни, құрылтай өзінің негізгі мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз басым көп адамдармен таныстым, көп нәрсе үйрендім, білгеніммен бөлістім.
Тұлғалар
Интернетте біраз жылдан бері жүргесін, бұрыннан біз білетін тұлғаларға тоқталмай ақ қояйын, мен бұл жазбамда құрылмайда танысып, мені таңдандырғандар туралы айта кетуді жөн көріп отырмын.
Айтер
Франция Парижден келген қазақ жігіт. Басқалардан еш айырмашылығы жоқ, қарапайым өзіміз сияқты қазақ. Мені таң қалдырғаны ол өз бетімен, интернет арқылы өз ана тілін үйреніп алуы. Айтуынша оның айналасындағы қазақтар, тіпті өз отбасы мүшелері қазақ тілін білмейді екен. Үйрететін ешкім болмады дейді. Ал, қазір интернет мүмкіндігін пайдаланып ол 20 жылда өз елінде жүріп үйрене алмай жүргендерге қарағанда шет елде жүріп тек интернет арқылы 2 жылда қазақ тілін үйреніп алыпты. Қазір facebook-та ашқан қауымдастығында 600 адамға Қазақстан жаңалықтарын аударып беріп, материалдармен бөлісіп, басқаларға қазақ тілін үйретіп жүр. Оның айтуынша ең алдымен тарихты үйретуім керек дейді, тарих ол ағаштың тамыры сияқты, тамыры жерге сіңгенен кейін жапырағы да жайыла бастайды дейді.
Ербол Серікбай
Бұл жігітті бәріңіз де білесіздер. Бірақ, осы құрылтайда мен алғаш рет кездестім. Шымкенттен келген қарапайым, қара бала. Білімі, идеялары сұмдық! Алғаш рет шығып отырғасын дұрыс сөйлей алмай қалдым деп ұялыңқырады :) Бірақ, осындай орталарға жиі шығып, ысыла түседі деп сенемін. Жобаларына моральды болсын, материалды болсын қолдау көрсетіп отыру керек. Ербол, Садық, Зафар, Сағын барлығы жас жігіттер, осы жігіттердегі ұшқынды сөндіріп алмай үнемі қолдап отыру керек. Артымыздан келе жатқан осындай білімді жастардың көп болуына қуандым, міне осылар Қазнетің болашақтары.
Батыр мен Саттар
Бұл жігіттер Түркия мен Англия қазақтары. 1 жылдай Алматыда жұмыс істейді екен. ІТ саласында үлкен жұмыстар атқарып жүр. Өте қарапайым, салмақты жігіттер. Қазақтар компьютер саласында ештеңе істей алмайды деген стереотипті сындырып жүрген жігіттер. Алматылықтар бұрын олардың Алматыда екенін білмеген екен, енді бұл жігіттермен тығыз байланыста боламыз деп ойлаймын.
Талғат
Қостанайдан келген жас математик жігіт. Старт-ап жобасы сұмдық енді. Өзін ұстауы, сөйлеуі бәрі керемет жігіт. Көрініп тұр өз ісіне адал мұғалім екені. Оған қарап эххх дейсің, бізге де осындай мұғалім сабақты осындай әдістермен үйреткенде біз де математиканы жақсы оқыр ма едік деп. Осындай мұғалімдер көп болса дейсің Талғатқа қарап. Езуінен күлкі кетпейтін осы бір кішіпейіл бала талай қыздың жүрегін жаралап кеткен шығар :)
Презентациялар
Өкінішке орай деймін бе әлде мұндай нәрсеге қуану керек пе? Бір уақытта бірнеше жақсы презентация болғандықтан бәріне бару мүмкін болмады. Иә, иә бұған негізі қуану керек шығар, қызық тақырып көп болғанына. Мен өзім қатысқандардан Әйгерімнің веб-комикс жанрын дамытайық идеясы ұнады. Батыр Google Adsense-пен қызықтырып қойды. Қуанышпен интернеттен тиын істеу төңірегінде қызықты пікірталастық презентациясында. Көре алмағандарымызды интернеттен қарап жатырмыз. Жақында Блогкэмп сайтына барлық презентацияларды шығарамыз деп жатыр, күтеміз.
Организация
Құрылтай бірінші рет өтсе де алматылықтардың бұрыннан келе жатқан ұйымшылдығы, таныстығы арқасында өте керемет өтті деп айта аламын. Әркім өзіне тапсырылған ісіне жауапты, барлығы өз тапсырмаларын жақсы атқарған. Күтіп алу, шығарып салу, бірге уақыт өткізу, жалпы барлығы жақсы өтті. Енді біз де келесі жылы осы деңгейді түсірмеуге тырысамыз.
Жобалар
Старт апқа қатысқан жобалар өте жақсы жобалар болды. Еркебұлан мен Талғаттың идеялары өте ұнады. Әбіләкімнің Құлыншақ жобасы жалғасын табады деп сенемін, залдан қолдаушылар келіп, оған материал беретін болып жатты. Зеренің Аруларына да материал жіберіп тұрыңдар қыздар. Өмірбектің Казлайфы біраз адамға түсініксіз болған сияқты, басында маған да солай еді. Кейін ойлап қарасам ол керемет жоба екен, тек жақсылап дамыту керек. Өз мақалаларын пиарлағысы келетіндер үшін керемет құрал. Жалпы старт аптың тартысты өткені нені көрсетеді? Бұл Қазнеттің энтузиастар қолында тұрғанын көрсетеді, мемлекет тарапынан мұндай оригинал идеялар болғанын қашан көрдік? Тек бұлар қазақтілді деп қолдамайтындары өкінішті…
Бәріңізден Алла разы болсын!
Сурет мына жерден алынды: qazaq.kz/?p=2318
Не ғо, келесі жылдан ужы қорқып, уайымдап отырмын)))
біз де сол. Алматыда вручение біткен бойда менде сарыуайым басталып кетті. кейін Өркенмен қоштасып жатып, сөйлескенімізде ол да уайым басталғанын айтты. Кеше Ерланның үйіне барып, сыйлықтарын тапсырып, күні бойы құрылтайды әңгімеледім, сонда ол да айтады уайым басталды енді деп.
қорықпаңдар астаналықтар, уайымдамаңдар, бұйырса бәрі жақсы өтеді.
Құдай қаласа осы жобаларым іске аса береді, ойыма бір тамаша хоба келді. Аман болсақ келесі жылы Блогкемп-те Ах дегізер жобаны алып барамын )))
Соңғы уақыт Майдың алғашқы аптасы. Иншалла!
Үлкен жүйе — үлкен қиындықтарға толы болады екен. Келешегіне арнаған идеялармен толтырылып бәсекеге қабылетті жүйе болып шығады дегенге сеніміміз зор.
Не ғой, қай айға жобалануда келесі кездесу? Егер тамызда болатын болса, білек сыбана араласар едім, как раз оқу да бітеді, қол бос болады, баяғы ұйымдастырушылықты еске алып біраз жүгірер ем
бөлініпжатсыңдар ма тағы?)))ұлыма сайт админерін көрсетудемін :)
тобылтуралы айтуға, бірақ сұрағандарға жауабын берді :)